8-сынып биологиясы: Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі (сабақ жоспары)


Slide 1

Дайындаған: Көшерова Таңшолпан Мұрабекқызы

Сыныбы: 8

Slide 2

Тыныс алу жүйесі

Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ

Бекіту

сұрақтары

Үйге тапсырма.

Slide 3

Тыныс алу жүйесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тірі ағзаларға тән қасиет - тыныс алудың маңызын, тыныс алу мүшелерінің құрылысы туралы білімді меңгерту, ғылыми дүние танымын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуін қалыптастыр. Сабаққа белсенділіктер мен қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Салауатты, саналы тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, слайд, тірек-сызба нұсқалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Бүгінгі сабақтың жалпы мазмұнымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру: сөзжұмбақ арқылы жүреді.

Slide 4

Л

Е

Й

К

О

Ц

И

Т

Slide 5

1. Ең кіші қан тамырлары?

2. Эритроциттерде қандай нәруыз болады?

3. Ядросы бар және белсенді қозғалатын қанның ақ жасушалары?

4. Лейкоциттер қай жерде бұзылады?

5. Туылғаннан қаны ұйымайтын тұқым қуалайтын ауру?

6. Қанның ұюына не қатысады?

7. Қанның ұюында тромб түзілуіне қандай нәруыз қатысады?

8. Донордан қан алатын адамды кім деп атайды?

Slide 6

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

Slide 7

Алқымның құрылысы

Slide 8

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудың екі түрі бар:

қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;

Диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.

Тыныс алу жүйесінің құрлысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады. Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:

ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.

түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;

Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:

жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;

төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.

Slide 9

Мұрын қуысының қызметі

Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылғанауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі

Slide 10

Көмей қызметі

Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршектен тұрады. Ең ірі шеміршек - мойынның алдыңғы бетіне шығып тұратын қалқанша шеміршегі. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.

Slide 11

Кеңірдек және бронхылар қызметі


Ұқсас жұмыстар
8-сынып биологиясы: Жүйке жүйесінің бөлімдері және жұлынның құрылысы мен қызметі - сабақ жоспары
Тыныс алу жүйесінің құрылысы, қызметі және маңызы
8-сынып биологиясы: Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы (§27)
Тыныс алу жүйесі: құрылысы, қызметі және гигиенасы
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі, қан кетудің түрлері және алкогольдің жүрекке әсері
Аңдардың тыныс алу жүйесінің құрылымы мен қызметі
8-сынып биологиясы: жүйке жүйесі бойынша тізбектелген орта мерзімді сабақ жоспары, оқыту стратегиялары мен бағалау
8-сынып биология ашық сабағы: Тыныс алу мүшелері (2015-2016 оқу жылы)
Жануарлардың тыныс алу жүйесінің анатомиялық құрылысы мен түрлік ерекшеліктері
8-сынып биологиясы: бассүйек, иық және жамбас белдеулері мен қол-аяқ сүйектерінің құрылысы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz