Ізгілік педагогикасының манифесі



Қазіргі білім беру кеңістігін ізгілендіудің жаңа бағыттар

Қоғамдық дамудың қазіргі процесі жаңа білім беру жүйесінің алдында өз болашағына сенімді, өзін-өзі билейтін, өз ісіне жауапты, жан-жақты дамыған ізгілікті тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді шешу білім берудің ұлттық кеңістігінде де, әлемдік кеңістігінде де мәселелердің ең маңыздысы болып отыр.

Жеке тұлғаға бағытталған технология әдістемесінің ерекшелігі:
-Оқу материалдары оқушының субъектілік тәжірибесін, оның алдыңғы
білімдерін анықтауды қамтамасыз етуі қажет
-Мұғалімнің оқулықтағы білім мазұнын оқушыға жеткізудегі міндеті оны
кеңейту немесе құрылымын жасау, мазмұнын жинақтау емес, оқушының
өзіндегі барын (тәжірибесін) түрлендіруге бағыттау.
-Оқыту барысында оқушы тәжірибесі берілетін білімнің ғылыми
мазмұнымен үнемі келісіліп отыруы қажет.

Ізгілік - адамның басты құндылығы
Кәсіби тұрғыдан қарағанда ізгілік дегеніміз- жеке студенттердің өзіндік кәсіби қызмет саласын қоғамдық жауапкершілікпен бағалауға және дамытуға бағытталған азаматтық қасиет деп анықтама берген.
Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді.

АДАМГЕРШІЛІК - РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата-ана үлгісі (Ыбырай Алтынсарин)

1931 жылы 8 наурызда Тбилиси қаласында дүниеге келген.
Амонашвили психология ғылымдарының докторы, профессор;
Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты;
Украина педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі;
Сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы;
Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры.


Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаушы
Ш. А. Амонашвили.
“Ізгілік педагогикасы” еңбегінің авторы

Шалва Александрович Амонашвили еңбектері және оның негізгі идеясы 20-ғасырдың өзінде үлкен классикалық педагогиканың негізі болып саналды

Педагогикалық процестің ізгілікті болуын жақтаушы жəн оны дамытушы - Шалва Амонашвили. Оның басты еңбектерінің бірі «Ізгілік педагогикасы жайлы ойлар» деп аталады. Бұл еңбегінде ол авторитарлы білім беруді қатты сынға алады. Ол өз еңбегінде көп жағдайда экперименталды-педагогикалық процеске жəне оның нəтижесіне сүйенеді. Авторитарлы жүйенің қалыптасуын тарихи салдармен байланыстырады, яғни консерватизмнің басымдылығы. Сондықтан да ол көптеген идеялардың, бастамалардың дамуына тосқауыл болды. Əр бала туылғаннан бастап белгілі бір миссиямен туылады деп санайды, яғни əр бала өзіне тəн нышан, белгілермен туылады дейді. Сол ерекшеліктерді дамыту үшін авторитарлы білім беруді жойып, ізгілендіру арқылы жүргізіледі деп атап өткен. Сонымен гумандық педагогика баланы өзіндік табиғи ерекшеліктерімен қабылдайды.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш. А. Амонашвили.

Әрбір бала-керемет рухани күш иесі. Кез-келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі.
Баланың ішкі жан дүниесін қуаныш отын сыйлау керек
Ш. Амонашвили

Шет тілдер сөздігінде гуманизм-латынның “Нumanitas” - адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді.
Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі.
Өзінің эксперименттік мектебінде Ш. А. Амонашвили ынтымақтастық педагогика, жеке ықпал, тіл жөне математика пәндерін оқытудың әдістерін жасап, ендірді.
Мақсатты бағыттары:
- Баланың жеке касиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу.
- Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
- Танымдық күшін қалыптастыру жөне дамыту.
Алған білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағай жасау.
Тұжырымдама ережелері:
- Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады.
- Рухани жетілдіру.
- Бала психологиясын дамытуға, есейтуге және еркіндік құштарлығына қалыптастыру;
- Әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау.
Әдістеме ерекшеліктері:
- адамгершілік;
- жеке ықпал;
- қарым - қатынас шеберлігі;
- ата-ана педагогикасының қайнар көзі;
- оқу қызметі.

Балалар қызметін бағалау:
Сандық бағалаудың орнына сапалық бағалау: мінездеме беру, қорытынды жасау, талдау жасауға уйрету, өз ісін бағалау.
Сабақ - бала өмірінің негізгі түрі. Күн сабағы, қуаныш сабағы, достық сабағы, шығармашылық сабағы, еңбек сабағы, ойын сабағы, кездесу сабағы, өмір сабағы.
«Балалық - адам өмірінің ең маңызды кезеңі, келешекке деген дайындық емес, бұл-қайталанбас, жаңашылыққа толы, біртұтас ашық түсті өмір.

Ш. А. Амонашвили «Рухани ізденістің биіктігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында ерекше, сенім орын алады, ал білім - адамға жүрекпен ақыл арқылы беріледі, өйткені ол адам жанына сүйіспеншілік арқылы жол табады. …»-дегендей, бала тәрбиесіндегі ең бастысы- рухани біртұтастықта.
Мұғалімнің басқарушылық қағидалары:
Бала тұлғасын құрметтеу қағидасы;
Баланың қалыптасуында - ұстамды, сабырлы болуы.
Мұғалімнің өсиеттері:
Бала қабілетінің шексіздігіне деген сенім;
Өзінің педагогикалық қабілеттеріне деген сенім;
Балаға деген ізгілік қадамның күшіне сенім.
«Ондаған, жүздеген жолдардың, оқушы мен оқытушы
арасындағы руханилықтың байланыстырушысы бұл-жүрекке деген адами
жолдың, ең маңыздылары ол мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік.
Біз мұғалім мен оқушыны рухани тұтастықтың қалыптастырылуына тырысамыз» - дейді
Ш. А. Амонашвили өз еңбектерінде.
Ізгілікті-адамгершілік үрдісіндегі мұғалімнің негізгі ұстанымдары: Мұғалімнің заңдары:
Баланы сүю;
Баланы түсіну;

Ізгілік педагогикасының үш постулаты:

- Ізгілікті тұлға педагогикасы- Ізгі Адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.
- Ізгіліктік педагогика- педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа Ізгіліктік қырын ашады.
- Рухани-ізгіліктік педагогика- Руханилық және Ізгілік ұғымдары тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды.
Ізгілік педагогикасының идеясы:
- Педагогикалық үдерісте баланың шынайы адами құндылықтарды танып білуі және оны меңгеруі;
- Педагогикалық үдерісте баланы әлеуметке қарсы бағыттайтын тәсілдердің қолдануына жол берілмеуі;
- Педагогикалық үдерістерге адами сипат беру;
- Мектеп ұжымы өмірінің заттық-материалистік және рухани ортасын, моральдық- психологиялық ортасын ізгілендіру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz