Қазақ халқындағы азаматтық-патриоттық тәрбие: фольклорлық және этнопедагогикалық ерекшеліктер


Slide 1

Қазақ халқындағы азаматтық патриоттық тәрбиенің ерекшелігі

Slide 2

Жоспар

1. Халық педагогикасындағы азаматтық, патриоттық тәрбие.

2. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы.

3. Жастарды патриотизмге тәрбиелеудің негізі -этнопедагогикалық тәрбие

Slide 3

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы

Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз.

Slide 4

Салттардағы, дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақалдардағы және мәтелдердегі өнегелі тәрбиеленгендік, ар-ұяттылық, руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың, қабылдаудың, қызмет етудің қайырымдылық пен әдептіліктінің тәрбиелік мәні. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті фактор. Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің ерекшеліктері.

Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына, халқына, туыстары мен жақындарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі модельдері: (кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік) . Патриоттық сезімнің, азаматтық жауапкершілік сезімнің отан алдындағы азаматтық борыштың өзара байланысы. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы. Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық ойындардың рөлі және мәні. Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшеліктері.

Slide 5

Фольклор шығармаларының ерекшелігі тәрбиелік қасиеті - ол қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінде еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкері көбіне мұрат - мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм дейміз.

Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау бақсылық нанымға, діни әдет - ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс - салт жырлары деп атаймыз.

Тәрбие процесіндегі жас ерекшелікті ескере отыра ұл мен қызды адамгершілік инабаттылыққа, еңбекке, әсемдікке, азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуде, ұлтымыздың ұлттық мәдениетіне, тіліне, дініне баулуда фольклор материалдарының ролін есепсіз деп айта аламыз

Slide 6

Ертегі. Ертегілер жанрлары әр қилы. Олар қиял - ғажайып, тұрмыс- салт, хайуанаттар және сыншыл ертегілер. Ертегінің қай түрі болсада бала жанына жақын, баланың хиялын, ойын өрге сүйрейтін, еңбек сүйгіш, қолынан келмейтін өнері жоқ, өнегелі, «жеті қырлы, бір сырлы» - болуға тәрбиелейді.

Шешендік сөздер қазақ фолклорында жасалып, сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде айтылатын даналыққа толы нақыл үлгілері.

Slide 7

Мақал - мәтелдер халық творчествосының төл жемісі, халықтың моральдық кодексі, тәрбиетеориясы. Мақал - мәтелдерді көне түркі тілінде «аталар сөзі» деп те атайды, яғни бұл «атадан балаға мирас болып» келе жатқан қазына деген сөз.

Әр халықтың мақал - мәтелі сол халыхтың өзі жасаған логикалық формуласы, ережесі. Ол көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп - жеңіл, оп оңай, бір- ақ сөзбен түсіндіреді, ұғындырады. Туған елдің қадір - қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей - ақ: «Ел іші алтын бесік», «Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты екі - үш сөзбен Отан қадірін түсіндіруге болады. Орыс педагогы К. Д. ушинский мақал - мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы деп санады. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал - мәтелдер, сондай - ақ басқа да қанатты нақыл сөздер, сөздің інжу - маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арман мүддесі қалыптасып сақталған.

Slide 8

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен.

Slide 9

Біз тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының бағыттарының ішінде мынадай бағыт айқындалғанын білеміз:

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы тиіс. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру белгіленген.

Slide 10

Ондай әрекеттестікті біздің ұлы ойшылдарымыз ертеден -ақ ескеріп, өз ойларын қосқан. Осындай адамның еркін әрекеттесетін мінез-құлқын тәрбиелеуде Әл-Фараби:

«Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез - құлыққа жеткізетін әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Ол адамның жетілуі оның мінез-құлқының жетілуіне сайма-сай келеді» деген ойы арқылы қазіргі кезде тұлғаның жеке қасиетін, мінез-құлқын қалыптастыруда жақсы әрекеттер қалыптастыру керектігі туралы ой айтады.

Бүгінгі күндегі Еліміздің егемендікке жетуі халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.

Slide 11

Азаматтық патриотизм ֊- адамның, қоғамның және мемлекеттің өзара әрекетінің ерекше механизмі, ол патриотизмнің басқа да түрлерін жинақтайды және мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық процестердегі өзінің ұлттық мәдени сәйкестігін қорғаумен байланысты.

Бірақ патриотизм түрлерін атап көрсету олар арқылы көрінетін халықтың шығармашылық, әлеуметтік-әскери мүмкіндігі оның өзіндік ерекшелігін нақтылау деген сөз емес. Отан, мемлекеттік, әлеуметтік әділеттілік мағынасын білдіретін нышандар мен құндылықтар жағынан тұлғалардың жүріс-тұрысын, мінез-құлқын реттеу де бар.

Slide 12

Қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Қазақстанның патриоты дегеніміз:

1. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі.

2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы.

3. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы.

4. Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық құндылықтар негізіндегі азаматтық және патриоттық тәрбие
Қазіргі мектептегі ғылыми дүниетаным және азаматтық-патриоттық тәрбие жүйесі
Қазіргі мектептегі оқушылардың ғылыми дүниетанымы мен азаматтық-патриоттық тәрбие жүйесі
Тәрбиелеудің негізгі бағыттары: адамгершілік, эстетикалық, азаматтық-патриоттық және экономикалық тәрбие
Фольклорлық және этнопедагогикалық зерттеу әдістері: Күлтегін ескерткіші материалдары негізінде
Патриоттық және көшбасшылық қасиеттерге бағытталған тәрбие үрдісін басқару
Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні мен жанрлық ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Абай Құнанбаев шығармаларының этнопедагогикалық және фольклорлық салыстырмалы талдауы
Тәрбие бағыттары мен сабақ тақырыптары: рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, экологиялық, өзін-өзі тану, эстетикалық және еңбек-экономикалық тәрбие; математика - 7 санын қосу және азайту
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы этнопедагогикалық аспектілер және мектептік тәрбие бағдарламасының әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz