Готфрид Вильгельм Лейбниц өмірбаяны




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы:Готфрид
Вильгельм Лейбниц
Жоспар

Готфрид Вильгельм Лейбниц өмірбаяны
Готфрид Вильгельм Лейбниц философиясы
Негізгі еңбектері
Негізгі ойлары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Готфрид Вильгельм Лейбниц

Готфрид Вильгельм Лейбниц, (нем. Gottfried
Wilhelm Leibniz (1646-1716) - неміс философы
және ғалымы, жаңа заман философиясының
рационолистік дәстүрінің жалғастырушысы. Ол
болмыстың мәнін ашуға талпынды. Оның
пікірінше, болмыс ұсак ерекше рухани
бөлшектер - монадалардан тұрады. Монадалар
- болмыстың алғашкы элементтері, атомдар.
Лейбниц өткен философияның маңызды
нәтижелерін жаңа ғылыми білімдерімен өзі
ұсынған. Методологиямен сәйкестендіруге
талпынды.
Лейбницті алдында өткен философтардың
(Декарт, Спиноза) болмыс жөніндегі ілімдері
канағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екі
бір-біріне тәуелсіз субстанциялары дуниені қақ
бөліп, олардың бірегейлігін дәлелдеу үшін ол
Құдай идеясын енгізуге мәжбүр болды. Ал
Спинозаға келсек, ол бір ғана субстанцияны
мойындағанымен, оның екі атрибуты — созылу
мен ойлау бұрынғысынша бір-бірінен тәуелсіз
болып қала берді. Бұл екі ұлы философ дүниенің
шексіз әртүрлілігін өздерінің онтологиясында
дұрыс түсіндіре алмады.
Олай болса, Лейбництің қойған негізгі максаты
түбі бір, сонымен қатар шексіз әртурлі
субстанцияларды табу қажеттігінде болды.
Лейбництің ойы

Лейбництің ойынша, жалғыз ғана субстанциядан қайталан-байтын
шексіз әртүрлі заттар пайда болуы мүмкін емес, сондықтан сапалы
көптүрлі субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең
табиғатының өзі көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегі
субстанциялардың саны шексіз және сапа жағынан әртүрлі. Бірақ
олар бытыраған (хаос) емес, белгілі бір тәртіпке келіп жүйеленген.
Мұндай ой-өрісі Лейбницті дүниенің негізінде жатқан өте ұсақ, өз-
өзіне жеткілікті, іштей неше түрлі күштерге
толы монадаларды(monos - грек сөзі, бір) мойындауға әкелді.
Лейбництің монадалары іс-әрекетке толы, олардың әрбіреуі мәңгілік
езгеру, жетілу толкынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейін
әртүрлі ішкі күштерге толы, олар өздерін шындыкка айналдыру жолында
материалдық өмірді, физикалық процестерді тудырады.
Монадаларды жете түсіну үшін ойшыл адамдардың өмірімен оларды
салыстырады, өйткені адамның жан дүниесінің өзі әртүрлі монадалардан
тұрады. Мысалы, әрбір тұлға өзінің өмірінің шеңберінде өне бойы
өзгергенмен, бірақ сол тұлға болып калады, монадалар да сол сияқты.
Адамдар бір-біріне ұксамағанмен, қоғамда әртүрлі топтарға бөлініп өмір
сүреді, монадалар да сол сияқты..
Әрбір монада - өзінше жабық ғарыш. Лейбниц: «Монадалардын әйнегі
жок, сондықтан еш нәрсе оған кіріп, еш нәрсе одан шыға алмайды», —
дейді. Монада басқа монадаларға өзінің әсерін тигізе алмайды,
басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбіреуі - өз-өзіне жеткілікті
және өзін-өзі шектеген.
Теодецея

Дүниеде алдын ала сәйкестік мәселесі Лейбництің Теодицеядеген ұғымымен
беріледі (teos - грек сөзі, құдай, dike -әділеттілік, бүкіл сөз Құдайды актау идеясын
береді).
Монаданың ішкі өзгеру даму сатысын көрсету үшін Лейбниц тағы да оны адамның
жан дүниесімен салыстырады. Түйсіктер, аңдау, қабылдау, өзіндік сана - бұл рухани
даму сатылары. Монадалар адамдар сияқты осындай сатылардан өтеді.
Ең төменгі дәрежедегі монадалар, негізінен, тау-тас, жер, шөптерден тұрады.
Олардың рухани дамуы өте төмен, олар «түс көрмей ұйықтайды».
Екінші сатыдағы монадалардың түйсіктері, аңдаулық қасиеттері бар. Олардың сана-
сезімі әлі көмескі, іс-әрекеттері әлі енжар болып келеді. Оларға, негізінен,
жануарларды жаткызуға болады.
Үшінші бізге белгілі монадалар — адамдардың жан дүниесі. Бұл монадалардың есі,
ойлау қасиеті, өзіндік сана-сезімі бар.
орнату
Төменгі дәрежедегі монадалар жоғарылауға, келесі сатыға өтуге тырысады. Адамның жан
дүниесін кұрайтын монадалардын өзі енжарлык сезімдіктен, ғылыми ұғымдар мен
фантастикалық қиялдарға дейін өрбиді. Жоғарғы сатыдағы монадада төменгі сатылар
сақталады.
Олай болса, монадалар дамуының ең «соңғы» сатысы қандай болмак және олар қаншалықты
адамның рухынан кашықтықта?
Лейбниц бұл сұрақтарға жауап беру мүмкін емес деген пікір айтады, өйткені жоғары дәрежедегі
монадаларды төмендегілер танып-біле алмайды. Бірақ күмәнсіз бір нәрсе бар - Ғарышта
жердегі адамдардан да жоғары дамыған тіршілік болуы мүмкін.
Жалпы алғанда, монадалардың даму мүмкіндіктері шексіз. Ал шексіздіктін шеңбері жоқ, бірақ
шексіздіктің өзін шеңбер ретінде қарасақ, онда біз Құдай идеясына келіп тірелеміз. Ол - шегіне
жетіп, жетілген монада.
Бұл идеялардың негізінде Лейбниц қоғам өмірін жақсартуға да бірте-бірте реформалар арқылы
жетуге болады деген пікір айтады. Ал қайсыбір революция, негізделмеген терең төңкеріс
қоғамды көп зардапқа әкелуі мүмкін. Әрине, Лейбництің бұл идеясында терең сыр жатыр, оны
біз өзіміздің қоғамды жаңарту барысында есте сақтауымыз қажет.
Ол Адамның миы функцияларын компьютерлік модельдеу мүмкіндігі туралы
жазған «термині моделін » ойлап тапты. « Дегенде іс-қимыл - принципі» -
Лейбниц басқа ішіне энергиясын кейбір түрлерін трансформация идеясын
білдірді , физика ең маңызды вариациялық қағидаттарының бірі
тұжырымдалған және физика арнайы бөлімдерде жаңалықтардың бірқатар
жасады . Ол бірінші , орыс билеуші әулеті , жүреді туралы мәселені неміс
тарихнамада бірінші , шежіре бар лингвистикалық проблемаларды өзара
қарым-қатынас назар аударды тілдерді тарихи шығу тегiнен теориясын құрды
және генеалогиялық жіктеу оларды берген , неміс философиялық және
ғылыми лексиканы негізін қалаушылардың бірі болды. Лейбниц , сондай-ақ ,
органикалық жүйелердің тұтастығын идеясын енгізді органикалық
неприводимости принципі және механикалық Жер эволюциясын ұсынды Ол
Адамның миы функцияларын компьютерлік модельдеу мүмкіндігі туралы
жазған «термині моделін » ойлап тапты. « Дегенде іс-қимыл - принципі» -
Лейбниц басқа ішіне энергиясын кейбір түрлерін трансформация идеясын
білдірді , физика ең маңызды вариациялық қағидаттарының бірі
тұжырымдалған және физика арнайы бөлімдерде жаңалықтардың бірқатар
жасады . Ол бірінші , орыс билеуші әулеті , жүреді туралы мәселені неміс
тарихнамада бірінші , шежіре бар лингвистикалық проблемаларды өзара
қарым-қатынас назар аударды тілдерді тарихи шығу тегiнен теориясын құрды
және генеалогиялық жіктеу оларды берген , неміс философиялық және
ғылыми лексиканы негізін қалаушылардың бірі болды. Лейбниц , сондай-ақ ,
органикалық жүйелердің тұтастығын идеясын енгізді органикалық
неприводимости принципі және механикалық Жер эволюциясын ұсынды
Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты
жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі
мәселелері:
1.Субстанция;
2.Таным.
Лейбниц Декарт пен Спинозаның
субстанция туралы теорияларына өз ойы

Лейбниц Декарт пен Спинозаның субстанция туралы теорияларын
зерттей келіп олардың жетілмегендігі туралы қорытындыға келді:
Лейбниц Декарттың дуализмін қабылдамады:
1.Біріншіден, барлық субстанциялардың (өз тіршілігі үшін өзінен
басқаны қажет етпейтін) жоғары субстанция – Құдайға және ол
жаратқан өзара тәуелсіз субстанцияларға;
2.Екіншіден, жаратылған субстанциялардың дәйекті және рухани
(ойлайтын) болып бөлінуі.
Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:

Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:
1.Бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік
(Декарт пен Спинозада екіұдай) емес;
2.Ол субстанциялар монадалар деп аталады (греу тілінен аударғанда «бір», «біреу»);
3.Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес;
4.Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс;
әуестену;
қабылдау;
елестету.
5.Мәні бойынша монада – өз жағынан үздіксіз өзгертетін, ьіртұтас әрекет.
6.Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді;
7.Монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін,
бір нәрсе шығатын терезелері жоқ).
Барлық монадаларды Лейбниц 4
топқа жіктейді
1.«жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары
(тастар, жер, пайдалы қазбалар);
2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік
санаға ие;
3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие;
4.Жоғарғы монада – Құдай.
Монада класы жоғары болған сайын оның
пайымдылығы мен бостандық деңгейі де
жоғары. Болмыс мәселелері, субстанциялар
(монадалар) туралы іліммен қатар Лейбництің
философиялық қызуғышылықтарының келесі
саласы гносеология (таным философиясы)
болды. Лейбниц эмпиризм мен рационализмді
келісімге келтіру мәселесін былай шешті:
1.Барлық білімді екі түрге: «ақыл ақиқатына»,
«акт ақиқатына» бөлді,
2.«ақыл ақиқаттары» ақылдан тарайды,
логикалық тұрғыдан дәлелденеді, қажетті
және жалпы сипатқа ие;
3.«факт ақиқаттары» - эмпириялық
(тәжірибелік) жолмен алынған білімдер
(мысалы, магнит тартылысы, судың қайнау
температурасы, түрлі металдардың балқу
температурасы); әдетте ондай білімдер фактіні
атағаны, нақтылағаны болмаса, себептерін
түсіндірмейді және болжамдық сипатта;
4.Тәжірибелік (эмпириялық, «факт
ақиқаттары») тәжірибелі білім «ақыл
Қорытынды
ХУII ғасырдағы немiс рухы туғызған терең де
жан-жақты дамыған ғалым - философ. Екiншi
жағынан ол - математик, физик, саясаткер,
тарихшы, құқтануушы. Лейпциг университетiн
бiтiрген. Онда ол құқтанумен қатар логика
және математика пәндерiмен айналысқан.
Университеттi бiтiргеннен кейiн екi ғылым
саласынан докторлық диссертация қорғайды
(логика мен құқтанудан). Аз уақыт
дипломатикалық қызметте Париж қаласында
болып, Германияға қайтып келгеннен кейiн
өмiрiнiң аяғына дейiн ғылыми жұмыстармен
айналысқан.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын –
Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
КӨП РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
17­-18 ғасырлардағы мәдениет пен ғылым
Анықталған интегралдың қолданылуы
Қай жерде
Есептеу техникасының даму тарихы
Анықталған интеграл. Анықталған интегралдың бар болу шарты. Анықталған интегралдың негізгі қасиеттері. Орта мән туралы теорема. Ньютон-Лейбнец формуласы. Анықталған интегралды интегралдау әдістері. Анықталған интегралдың қолданылуы
Алғашқы есептеу құралдары
Есептеуіш техниканың
Аналитикалық машинаға арналған перфокарта
Компьютердің құрылғылары
Интернеттен ақпарат іздеу
Пәндер