Карл Ясперс философиясы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

СӨЖ
Тақырыбы: “Карл Ясперс философиясы ”.
Жоспар:
1.Карл Ясперс
2.Биографиясы
3.Карл Ясперстің шығармашылығы
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Карл Ясперс (23.2.1883 жылы, Олденбург, –
26.2.1969 жылы, Базель) – неміс экзистенциалист философы. Өз
қызметін психиатр ретінде бастаған.
Ясперстің экзистенционалдық ойлау стилі жалпы
батыс зистенционализміне ортақ адам өмірінің пәнилігімен
байланысты туындайтын этикалық және социологиялық ой -
қорытындыларынан көрінеді. Ясперс түсінігінше адам өзінің бұл
дүниеде мәңгі еместігін ұмытпай, түйсінуі
оның мінез - құлқын, әрекетін, арманын және моральдық, құқықтық,
эстетикалық құндылықтарын анықтайды.
Шексіз, транцедентті болмысқа адам санасы тек әдеттен тыс халде
(медитация) шыға алады. Психопатология құбылыстардан Ясперс
жеке адамның құлдырау бейнесін ғана емес, қайта адамның өз
даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға батарлық
ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйтқысы деп санаған
Ясперс мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез
келген рационалды көрінісін ешқашан ақырына дейін
ұғынылмайтын жан құлшыныстарын рационализациалау деп
қарауға болады. Ясперс пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса
терең күйзелістер (ауру, өлім, күнәсін сезіну, т.б.) кезеңінде
ашылады. Ясперстің жалпы адамзаттың уақыт пен кеңістіктегі
түсіністігіне сенімі “уақыт ұйтқысы” (Axenzeіt) –
тарихтың әмбебап мәнісі жайлы теориясына себеп болды.
Карл Ясперстің (1883—1969) шығармашылығын
төрт кезеңін бөліп көрсетуге болады:

1. «Психиатрия кезеңі» (1913). Оның бұл кезендегі
негізгі шығармасы — «Жалпы психопатология».
Ясперс кітаптің психикалық құбылыстардың
жіктемесін жасайды. Психологиялық түсінуге
байланысты ол еркіндік турлы көп пайымдайды.
2. Нацизм жылдары (1937—1945). Бұл, сол дәуір
адамдарының басым көпшілігінің өміріндегі сияқты,
оның өміріндегі ауыр оқиғалар кезеңі. Осы кезде
Ясперс күнделік жүргізіп отырды, оның мазмұны
жартылай эмирацияның мүмкіндігі туралы,
жартылай — өзін өзі өлтіру туралы пайымдауларды
бейнелейді. Мәтінге қарағанда, оны бәрінен көбірек
мазалайтын сұрақ — өзін өзі өлтіру күнә ма?
3. Экзистенцализм философиясы кезеңі(1919—1937).
А. «Көзқарастар психологиясы» (1919). Көп жағынан «Жалпы
психопатологияны» әлі де болса еске салғанымен, ол
экзистенциализм бойынша бірінші кітап болып саналады. Онда
келісімге келуден бас тарту мен бозбалалық қызбалық көп.
Ақиқатгың өлшемін қалай табу керек? Ясперс көмекті мүмкін
боларлық барлық көзқарастардан іздейді. Бірақ оның өзіндік
ұстанымы ол кезде толық қалыптасып болмаған еді.
Б. «Философия» (1932). Мұнда, ақыр соңында, экзистенциализм
жұйесі дұниеге келді. Бұл кітап — таза экзиетен- циалдық
философиялық пайымдаудың ешкім жетпеген (Ясперстің өзі де)
ұлгісі. Онда ақыл-ойдьщ рационалдау қабілеті интуитивтік
экзистенциалдық уайым кешуге қаншалықты мұмкін болғанша
жақындатылады. Ясперс өз зертгеулерінің объекгісіне
айналдырған нөрселер — жанның жалпы күй-жағдайлары:
шекаралық жағдайлар, трансценденция, жеткізілмейтіндік және
коммуникация, нағыздық. Мұнымен қатар, философ үнемі
қайталайды: адамның еркіндігі, адамның өз трансценденциясына
(шекген тыс жатқан, белгісіз мақсатқа) қалай қарайтындығы,
ақырында, оның шешімді қалай қабылдайтындығы — осының бәрі
ақыр соңында құпия болып табылады. Және де, өмір сүретін біз
емес, біздің бойымызда біздің виталдығымыз, өмірлік күшіміз өмір
сүреді.
4. Соңгы кезең (1945 жылдан кейін). Ясперстің
шығармашылығы соғыстан кейін екі бағытта
жүрді. Біріншіден, ол өзінің экзистенциализмін
реттеді. Оның нәтижесі — екі томнан тұратын,
өте ауқымды «Философиялық логика». Бұл еңбек
негізінен категориялар табиғаты, ақыл-ойдың
мәні, еркіндік дегеніміз не, адамның өмір сүруін
философиялық тұрғыдан қалай дұрыс түсіндіру
керек және тағы басқа сұрақтарға арналған.
Екінші бағыт — көпшілікке белгілі «Тарихтьщ
бастаулары және мақсаты», мәтіні жеңілдетілген
«Философияға кіріспе» сияқты саяси, тарихи
шығармалар. Бұл еңбекгердің басым көпшілігінен
діннің ықпалы жақсы байқалады, ал көбі, мысалы,
«Сенім философиясы», дінді философиялық
пайымдауға тікелей арналған.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия /
Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы
«Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-
123-9, X том
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік:
Философия/жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын –
Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006.

Ұқсас жұмыстар
ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
ФИЛОСОФИЯ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
Философия пәні
ДИАЛЕКТИКА ФИЛОСОФИЯНЫҢ МЕТАФИЗИКА ӘДІСТЕРІ
Ойлау мәдениеті
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Техниканың тарихы
Пәндер