Қазіргі заман қазақ философиясы




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі заман қазақ философиясы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақ философиясы
2. Қазіргі заман қазақ философиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс
пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің
қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және
дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ
халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы
дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму
жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні
жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-
пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.
Қазіргі заман философиясы деп, XX ғ. пайда болып және осы күнге дейін
негізгі идеялары өнделіп келе жатқан философиялық ілімдердің
жиынтығын айтамыз. Бұл кезең саяси — әлеуметтік, ғылыми —
техникалық және экономикалық тендесі жоқ даму жағдайлармен ерекше.
Әртүрлі әлеуметтік-саяси уәжіптердің дамуы, олардың арасындағы
қайшылықтар екі дүниежүзілік соғысқа әкеліп, әлемді ядролық апатқа
соқтыру қаупін тудырды. Ақыр соңында, жаһандық мәселелердің туындау
уақыты келді. Бұның барлығы осы заман философтарының
тұжырымаларының мазмұнына өз әсерлерін тигізбей қоймайды. Қазіргі
замандағы қоғамдардың рухани өмірлерінде философия ғылыммен, дінмен,
өнермен, бірге дағдарысты жағдайларды жеңу жолдарын іздестіруде,
адамға рухани тірек болуға ұмтылуда.
Қазақ философиясының ерекшелік
сипаты
Тәңірге, аруаққа сыйыну, тәубелік ой –сана;
Философиялық ой ерекше формада – әдеби шығармада, өлең-
жырларды, нақыл сөздерде , айтыс өнерінде көрініс тапты;
Батыс философиясындағы жүйеліліктен гөрі, жеке
ойшылдардың дүниеге көзқарастары құндылыққа ие;
Адам, мораль, эстетика, әдептілік тақырыптары басым
Қазақ философиясы тарихы көне
дүниеден басталды
Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс,
Ишпақайлардан, Әл Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейні
күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір
ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Атал
сөзге арсыз ғана таласады» – деген. Ұлт дүниетанымын тілі,
мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б арқылы білдіреді.
Ортағасырлық түркі кезеңі
философиясының ерекшеліктері
Фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм элементтері;
Жоғары құдай Тәңірі – көк идеясы;
Ислам дінінің өзге діндерді ығыстырып шығара бастауы;
Қазақилық түркі мәдениетінің қалыптасуы;
Қазақ халқы мен оның тілі қалыптасуының этникалық – генетикалық
және этникалық – лингвистикалық процестерінің дамуы
Қазақ эпос- жырларындағы философиялық толғаулар;
XV- XVIII ғ.ғ. қазақ философиясының
ерекшеліктері:
Ақын – жыраулар философиясы
Би – шешендер философиясы
Ауыз
әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі
философиялық ойлар
XV- XVIII ғ.ғ. Қазақ философиясының
өкілдері
Асан Қайғы Сәбитұлы Қазыбек би Келдібекұлы
Қазтуған жырау Әйтеке би Бәйбекұлы
Шалкиіз Тіленішұлы
Доспанбет жырау
Жиембет жырау
Ақтамберді жырау
Мұхаммед Хайдар Дулати
Қыдырғали Жалаири
Бұқар жырау
Төле би Әлібекұлы
Жабайхан Мүбәрәкүлы Әбділдин (16 ақпан
1933 жылы Павлодар облысы Май ауданы
Майтүбек ауылында туған) — қоғам және
мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, ғалым.
Философия ғылымдарының докторы,
профессор. Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясының академигі,
Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері
(1992). ҚР тұңғыш парезидентінің
мемлекеттік бейбітшілік және рухани
келісім сыйлығының иегері (1994).
Қазақстандағы диалектикалық логика
мектебінің негізін салушы. Майтүбек
ауылының Құрметті азаматы.
Талантты ғалым, белгілі философ, педагог, кемелді
ұстаз, философия ғылымының докторы, профессор,
Ұлттық Ғылым Академиясының коррес пондент
мүшесі А.Х.Қасымжанов 1931 жылы 19 қазанда
Алматы қаласында дүниеге келді. ҚазҰУ-дың
философия факультетінің алғашқы түлектерінің бірі.
Еңбек жолын аспирантураны бітіргеннен кейін 1957
жылы ҚазКСР ҒА Философия институтында кіші
ғылыми қызметкер ретінде бастады.
Ағын Қасымжанов ғылымда үш саланың негізін
қалады. Біріншісі, таным теориясы, оған арналған
монографиялар бар. Екіншісі, әл-Фараби мұрасын
зерттеп, фарабитану ілімінің іргесін анықтап, басты
мақсаттарын белгіледі. Үшіншісі, қазақ
дүниетанымын, философиясын тарихи-
методологиялық ауқымда зерттеп, артында ұшан-
теңіз идеялық мұра қалдырды.
Амангелді Әбдірахманұлы Айталы (10 қыркүйек
1939 жылы Астрахан облысы, Володар ауданы,
Болдырево ауылында туған) — ғалым, мемлекет
және қоғам қайраткері. Философия ғылымының
докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым
академиясының академигі. Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
профессоры.
Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті
қызыметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті
азаматы.
Амангелді Әбдірахманұлы 100 ден астам ғылым
мақалалардың, 5 монаграфияның авторы.
Ғылыми қызығушылығы: Этносаясат,
этноәлеумет және дінтау
Сәбетқазы Нұржақияұлы Ақатай (11.10.1938, Шығыс Қазақстан облысы
, Күршім ауданы, Ақсуат ауылы – 2003, Алматы қаласы) – философия
ғылымының докторы (1995), профессор (1999).[1]
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1969). Алматы қаласындағы
жоғары оқу орындарында оқытушы (1969–71), Мәдениет министрлігінің
қызметкері, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің білімін жетілдіру
институтының ректоры, Мәдениет проблемалары орталығында ғылым
бөлімінің меңгерушісі (1988–95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан ҚР
ҒМ–ғылым академиясының Философия институтында жетекші ғылыми
қызметкер болды. «Мировоззренческий синкретизм казахов» деген
тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ақатай 400-ден астам
ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монографияның авторы
Ғарифолла Есімов (15.04.1947, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққу) — ғалым,
философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995), Қазақстан ғылым
академиясы-ның академигі, абайтанушы.

Қысқаша өмірбаяны
1970 - Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
• 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-
стажер болып білімін жетілдірген.
• 1974 — 1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және
экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттік, ғылыми
кеңесінде «09.00.01 — диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша
кандидаттық диссертация қорғаған.
• 1977 — 91 - Семей педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі,
көркемсурет-графика факультетінің деканы;
• 1991 — 92 - Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері;
• 1992 — 98 - Алматы мемлекеттік университетінде декан қызметтерін атқарған.
• 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының
меңгерушісі.
• 2001 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің
деканы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының
депутаты.
Қорытынды:
Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-
теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының
қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең — қазақтардың ата-тегінің
философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық
көзқарастарда діни сипат басым.
Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі
кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар —
Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл
кезенді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын гасыры » деуге
болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық
еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес
қосты.
Пайдаланылған әдебиеттер

https://referattar.kazaksha.info/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%
B0%D2%9B-%
D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%
B8%D1%8F%D1%81%D1%8B
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%B1
%D0%B0%D0%B9%D1%85%D0%B0%D0%BD_%D0%9C%D2%AF%D0%B1
%D3%99%D1%80%D3%99%D0%BA%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%
D3%98%D0%B1%D0%B4%D1%96%D0%BB%D0%B4%D0%B8%D0%
BD
3. https://el.kz/kz/news/archive/content-28302
4. https://ppt-online.org/292978

Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының өкілдері
Қорқыт айтқан делінетін кейбір сөздер
Қазақ философиясының ерекшелігі
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Қазақ философиясының ерекшелік сипаты
Зар заман философиясы
Зар - заман ағартушылық философиясы
Түркі кезең философиясының өкілдері
Қазақ философия тарихының негізгі бағыттары
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
Пәндер