Никколло Макиавелли және макиовелизм
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
СӨЖ
Тақырыбы: “Никколло Макиавелли және макиовелизм ”.
• Жоспар:
• 1.Макиавелли Николло
• 2.Биографиясы
• 3. Негізгі идеялары
• 4.Тарихта алар орыны
• 5.Макиавеллидің шығармалары
• 6.Пайдаланылған әдебиеттер.
• Макиавелли Никколо (итал. Niccolò di Bernardo dei
Machiavelli; 3 мамыр 1469 жыл, Флоренция — 21 маусым
1527 жыл, сонда) — италиялық философ, жазушы,
саясаткер- флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси
биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі.
• Биографиясы:
• 1469 жылы Флоренция қала-мемлекетінің маңындағы Сан-Кашано елді
мекенінде Бернардо ди Никколо Макиавелли (1426—1500) адвокатының
және Бартоломмея ди Стефано Нелидің (1441—1496) отбасында туған.
Никколодан басқа отбасында екі үлкен апасы - Примавера (1465),
Маргарита (1468), және Тотто (1475) атты кіші інісі болған. Жас кезінде
латын және италиялық классикалық шығармаларымен толық
танысқан, Тит Ливий, Иосиф
Флавий, Цицеронның, Макробийдің еңбектерін зерттеген, ежелгі грек
тілін
оқымағанмен, Фукидид, Полибий және Плутархтың шығармаларының
латынша аудармаларым зерделеп оқыған.
• Саясатқа жас кезінен қызыққанына Римдағы флорецияның елшісі болған
Рикардо Бекки атты досына 1498 жылдың 9 наурызында жазылған хаты
куә. Хатында жас Макиавелли Джироламо Савонароланың саяси іс-
әрекеттеріне сипаттама берген. Тағы біздің уақытқа дейін сақталып
қалған хат - 1497 жылдың 2 желтоқсанында кардинал Джованни Лопесқа
жазған хаты. Хатында Макиавелли жер дауы туралы жазған.
Негізгі идеялары:
Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды
реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке
жету және реттеу. Сондықтан, Макиавелли бойынша, басшы жағдайға
байланысты әрекет етуі қажет.
Макиавеллидің ("Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары",
"Әмірші", "Әскери өнер туралы" және т.б.) шығармалары Жаңа
дәуірдің саяси-құқықтық идеологиясына негіз болды. Макиавелли:
,
— деп түйді. Макиавелли мемлекетті (оның нысанына қарамастан) үкімет
пен азаматтар арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін
қатынас ретінде қарастырды. Егерде үкімет қастандықтар мен
наразылықтарға итермелемесе, егерде қол астындағы азаматтардың қорқуы
өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет
мызғымайды деп жазады.
• Макиавелли — үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білуінің шынайы
қабілеттеріне басты назар аударады. "Әмірші" кітабында және басқа да шығармаларында
италиялық және басқа да мемлекеттердің тарихы мен сол заманғы тәжірибесі мысалында
адамдар мен әлеуметтік топтардың құштарлықтары мен ұмтылыстары туралы
тұжырымдарына негізделген бірқатар ережелер, тәжірибелік ұсынымдар бар. Макиавелли
мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін — жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен
меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жекеменшіктің мызғымастығын, сол сияқты
жеке тұлғаның қауіпсіздігін Макиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің
мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Оның ілімі бойынша, бостандық игілігі
республикада неғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Макиавеллидің мемлекеттің пайда
болуы және басқару нысандарының иірімдері туралы идеяларын қайта жаңғыртады;
антикалық авторлардың ізімен аралас (монархиядан, аристократиядан және демократиядан
тұратын) нысанды дұрыс біледі.
• Макиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік
топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептеуінде.
• Макиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа
шығаруға тырысты. Бұқара халық өміршілерден гөрі тұрақтырақ, адал, дана және
пайымдағыш. Егерде жеке билеуші өмірші заңды дұрыс құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа
мекемелерді қуратын болса, халық сол құрылған құрылысты сақтайды. Халық жалпы
мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің
халықтан айырмашылығы бар, оны Макиавелли мемлекеттің болмауы мүмкін емес және
қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан көптеген мемлекеттік қайраткерлер,
лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады.
• Макиавеллидің шығармаларында әртүрлі саяси қайраткерлердің
жалғандығын, екіжүзділігін және зұлымдығын ашып көрсету сарыны
аңғарылады. Макиавелли дұшпандармен күресудің екі тәсіліне: заңмен
және күш қолдану арқылы күресуге кеңес береді. Бірінші тәсілді ол
табиғатынан заңды басшылыққа алуға икемді адамға тән деп есептейді.
Бірақ патша-бұл ерекше адам. Ерекше дхармадан бастау алатын көне үнді
аңыз-ертегісіндей, мемлекет басшылары өздерінің қарапайым
бодандарынан өзгеше болады, Макиавелли қоғамның тұрмысын
ұйымдастыратын және ол үшін жауапты болатын мемлекет
басшыларының ерекше құқықтарын, мәртебесін
танитын.Макиавеллидің ойынша, патша аңға тән болатын екінші тәсілді-
заңдарды шығару жеткіліксіз болған кезде, күш қолдану мен мәжбүрлеу
шараларын пайдалана алады. Осыдан келіп, ұлы флоренциялық билеуші
өзінің бойына табиғат пен адамның, сондай-ақ аңның қасиететрін дарыта
алуға тиіс деп кеңес береді. Макиавелли орта ғасырлық саяси-құқықтық
тап-таурындар мен құндылықтардың тас-талқанын шығарушы болды,
шынтуайтында Қайта өрлеу дәуірінің саяси доктринасын жасап, саясат
ғылымының бұдан кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті.
• Тарихта алар орыны:
• Н.Макивелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Оның негізгі
себебі - феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап оның орнына ерте капиталистік қатынастардың
келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан
әрқашан ақталып отырса, ол негізінен алғанда “ақсүйектердің ісі² болатын болса, енді жаңа
заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке
ұмтылған адамдар пайда болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-
бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете бастады.
• Н. Макивеллидің көрегендігі – саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды
өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын ашу, саяси
билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда – саяси
технология) жасау болды.
• Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің шынайы көзқарастарын бөліп
алып қарауымыз керек. Макиавелизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған
опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту,
күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық
моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н. Макиавеллидің
атымен айтамыз.
• Алайда, мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін мұның өзі шынайы Н. Макиавеллидің
өзінің шығармашылығынан туатын көзқарасқа сай келмеуі де ғажап емес болар.
• Осы бағалау тұрғысынан алып қарағанда, біз расында да үлкен қайшылықты байқаймыз. әрине,
Орта ғасыр шеңберіндегі саясат жөніндегі түсінік қайта қаралды, саясаттың моральдан дербес
өзінше қажетті құбылыс екені анықталды, ал сонымен қатар Н. Макиавелли қайсыбір
саясаткердің зорлық-зомбылығын, опасыз іс-әрекетін ақтаудан, әрине, алшақ болды.
• Пайдаланылған әдебиеттер:
• Dal Villani, nella sua Cronica
• ↑ La sua trascrizione del De rerum natura è nel manoscritto
Vaticano Rossiano 884
• ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-
491-3
• ↑Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме
сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz