Толстойдың өмірбаяны


Slide 1

ТАҚЫРЫБЫ: Л. Н. Толстойдың философиясы

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Толстойдың өмірбаяны 2. Шығармашылығы 3. Ағартушылыққа қосқан үлестері 4. Философиясы

III. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Толстойдың биографиясы

Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жыл, Ресей империясы, Тула губерниясы, Ясная Поляна - 7 қараша (20 қараша) 1910, Астапово, Рязань губерниясы, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист.

1854-1855 жылдарғы Севастополь корғанысының қатысушысы. Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түрік танушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847 жж) . Алайда университетті тәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйге көшеді.

Slide 4

Шығармашылығы

«Анна Каренина», «Соғыс және бейбітшілік», «Арылу» «Декабристтер» романдары; «Балалық», «Жастық шақ» және «Балдәурен» трилогиялары ; «Помещик таңы», «Альберт», «Идиллия», «Казактар», «Иван Ильичтің өлімі», «Шеше», «Қажы-Мұрат» және т. б повесттері бар. Сондай-ақ, басқа да шығармалардың авторы.

Толстойдың "Царство Божие внутри вас" сынды еңбектерінде көрсетілген басқыншылыққа қарсы идеялары Үндістандағы ұлттық қозғалысты басқарып, 1947 жылдары Англиядан бейбіт бөлінуге қол жеткізген жас Махатма Гандиге өте қатты әсер еткен.

Жазушы тек қана "салмақты" шығармаларды емес, «Әліппе», «Жаңа әліппе» сынды бірнеше буын оқып келе жатқан балаларға арналған еңбектер жазды.

Ең танымал үш шығармасы - "Соғыс және Бейбітшілік" ("Война и Мир"), "Анна Каренина", "Жексенбі" ("Воскресенье") .

Slide 5

60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л. Н. Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж. ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 жж. шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л. Н. Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті. Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады. Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау. Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты.

Ағартушылыққа қосқан үлестері

Slide 6

Толстойдың философиясы

Л. Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген «мәңгілік» сұрақ екендігіне көз жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты көзқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:

Slide 7

Ештеңе білмеу жолы - өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л. Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.

Эпикур жолы - өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.

Күш пен энергия жолы - өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.

Әлсіздік жолы - өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағынына еріп өмір сүру.

Л. Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сөзбен айтсақ - Адамгершілікке шақырады.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Лев Толстойдың философиясы
Абай тәрбиесіне көшпесе
Өмірдің мәні
Шәкәрім сонда
ӘДЕБИ БАСТАУЛАР
2000 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ақын, жазушылар
Балалар мен жасөспірімдер театрлары
Өмірдің өзі - тіршілік таласы
Топтың ережесі
Аталар өмірінен"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz