Томас Мор және Утопия идеялары: Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

СӨЖ

Тақырыбы: Томас Мор идеялары

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

Қайта өрлеу дәуірі философиясы

II. Негізгі бөлім

1. Қайта Өркендеу Дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия Ағылшын гуманисі Томас Мор

2. Мордың «Утопия» еңбегі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Қайта өрлеу дәуірі философиясы

Қайта өрлеу дәуірі немесе Ренессанс-орта ғасырлардан кейін дүниеге келген зиялы мәдениет дәуірі, Алдымен Италияда, кейіннен Францияда, Германияда, Нидерландыда пайда болды.

Орта ғасырлардағы үстем болған діни сипаттағы мәдениеттен кейін Антикалық Ғылымдар мен Мәдениетті Қайта Жаңғырту дәуірі болып табылады.

Қайта Өрлеу терминін алғаш рет атақты, кескіндемеші, архитектор Джорджо Вазари 1550жылы өзінің еңбегінде қолданды.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Мор Томас[1] (ағылш. Sir Thomas More, тағы ағылш. Saint Thomas More; 7 ақпан 1478, Лондон - 6 шілде 1535, Лондон) ) - ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 - 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі - адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.

Slide 7

Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы - отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады.

Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

Slide 8

Мордың «Утопия» еңбегі

Қайта өрлеу дәуірінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-утопизм. Томас Мор, Томмазо Кампанелла сияқты ойшылдар адамдардың жақсы өмір сүруіне, бостандығына кедергі келтіретін қоғамдық құрылысты сынап, утопияға ұрынды. Т. Мор өзінің “Утопия”деген еңбегінде демократиялық басқаруға, тепе- теңдікке негізделген утопиялық мемлекетті сипаттайды. Мордың айтуынша, беймәлім аралда әділетті қоғам орнатылған. Онда бай да, кедей де жоқ. Меншіктің түрі - қоғамдық ортақ меншік. Еңбек нәтижелері тең бөліске түседі. Алайда, Мор ортағасырлық қол еңбегінен басқа жұмыстың түрін білмеді. Сондықтан да оның "Утопиясы" қарабайыр, өнімсіз еңбекке негізделген қоғамды дәріптеген болып шығады. Әрине, Морды болашақ техникалық дамуды болжап біле алмады деп кінәлауға болмайды.

Slide 9

Оның қияли социализмі еңбекші халық үшін тек арман болып қалған тоқшылыққа негізделген әдетті қоғам құруды уағыздайды, ол сонысымен ерекшеленеді. Мордың жолын қуған Т. Кампанелла 1599 жылы Испания үстемдігіне қарсы көтерілген халықтың көсемі ретінде ұсталып, абақтыға жабылған. 27 жыл бойы бас еркіндігінен айырылған Кампанелла барлық жазаның түріне көндікті де, мойымады да. Ол абақтыда өзінің атақты "Күн қаласын" жазды. Кітаптың идеялары итальян еңбекшілерінің жағдайын қайткен күнде жақсартуға болады деген арманнан туғаны ақиқат. Өзінің мазмұны жағынан "Күн қаласы" Мордың "Утопиясына" өте ұқсас, негізгі идеялары бір-бірімен сәйкес. Екі кітапта да қарапайым қол еңбегіне, қоғамдық ортақ меншікке, тең бөліске негізделген ортағасырлық шаруалардың арманы болған қоңыржай тірлік суреттеледі. Екі кітапта да қорғаныс мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Т. Кампанелла “Күн қаласы” деген еңбегінде жеке меншік жойылған қоғамдық меншік еңбекті тең бөлісу т. б. мәселелерді қозғайды. Адамзаттың бірлігі мен игілігін армандайды.

Slide 10

Утопия еңбегінің негізгі идеялары:

1. жеке меншік жоқ;

2. Барлық азаматтар өндірістік еңбекке қатысады;

3. еңбек жалпыға бірдей еңбек парызының негізінде жүзеге асырылады;

4. барлық алынған өнімдер қоғам меншігіне түседі;

5. жеткілікті қысқа жұмыс күні-алты сағат;

6. ғылымдарға ерекше қабілеті бар адамдар еңбек қызметінен босатылады;

7. ең лас жұмыстарды әскери тұтқындар мен сотталған қылмыскерлер орындайды;

8. қоғамның бастапқы ұяшығы-қанды отбасы;

9. барлық лауазымды тұлғалар сайланады-тікелей немесе жанама;

10. ерлер мен әйелдердің тең құқықтары бар.

Slide 11

ТОМАС МОР (1478-1535)

"Нақты қоғамға қарама-қарсы, ол жеке меншіктен құтыла алатын елестететін елді тартады"

"Жеке меншік бар жерде мемлекеттік істердің дұрыс және табысты өтуі мүмкін емес"

Утопия еңбегі

Slide 12

-Көптеген әлеуметтік қасіреттің тамыры-жеке меншікте. Бірақ қоғамдық қатынастарды тек заңнамалық жолмен өзгертуге болмайды.

Кемелденген мемлекеттің идеалы-қоғамдық меншік, жоғары ұйымдастырылған өндіріс, қоғамдық игіліктерді айқын бөлу.

Барлық адамдар тек қана құқылы емес, сонымен қатар жұмыс істеуге міндетті.

УТОПИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР

Slide 13

ҚОРЫТЫНДЫ


Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теориялар: Томас Мор мен Томмазо Кампанелланың идеялары және утопиялық социализм
Томас Мор және Утопия: утопиялық социализм идеялары мен тарихи маңызы
Қайта өрлеу дәуіріндегі психологияның дамуы
Қайта өрлеу дәуіріндегі психологиялық ойлар мен таным теорияларының дамуы
Қайта өрлеу философиясы: қалыптасуы, негізгі идеялары мен тарихи маңызы
Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясының тарихы мен негізгі идеялары
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы мен мәдениеті: негізгі ерекшеліктері және бағыттары
Қайта өрлеу және Жаңа заман: саяси ойлар мен азаматтық концепцияның қалыптасуы
Қайта өрлеу дәуірі философиясы: даму кезеңдері, негізгі ұғымдар және көрнекті ойшылдар
Қайта өрлеу дәуірі философиясы: гуманизм, неоплатонизм және натурфилософия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz