Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем - алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген атауы
Презентация қосу
СӨЖ
Тотемизм
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
фетишизм
Тотемизм
Анамизм
Шаманизм
Пайдаланылған әдебиеттер
ФЕТИШЗМ
Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар
зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс,
архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға
қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани
киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық
көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік
алғашқы адамзаттың мифологиялық -
синкреттік санасына сай туындаған болатын.
Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек
ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе
болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние
жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге
болады. Тотем (солт - америк. Аджибе
тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) -
белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың
шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын
өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы.
Терминді ғылыми айналымға ағылшын
жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.
ТОТЕМИЗМ
Тотемизм - рулық
қоғамдағы адамдар
тобынын шығу тегін
жануарларға,
өсімдіктерге немесе
табиғат
құбылыстарына
байланыстыру
негізінде
қалыптасқан
сенімдер мен әдет-
ғұрып, салт-сананың
күрделі жүйесі.
ТОТЕМ
Тотем. «Тотем» сөзі белгі, ишарат деген мағынаны
білдіреді. Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда
тотем – алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс
деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және
жансыз заттарға берген атауы. Тотем тайпаның түп
атасы ретінде саналады. Бір тотемге жататын
адамдарға өздерінің арасында үйленуге рұқсат
етілмейді. Тотем жеңілмейді. Ол табу ретінде қабыл
етіледі. Оған қарсы шығуға болмайды.
Қауымдардың ең алғашқысы болған рулық сенім
мен қауымының осы тотемдік түсінігіне байланысты
«тотемизм» деп атаған. Діндердің барлығы
тотемизмнен бастау алған делініп жүр.
Кейбіреулердің пайымдауынша, тотемнің орнына
тәңір сөзі қолданылғаннан кейін жаңадан пайда
болған діндерді осылайша түсіндірген
АНИМИЗМ
Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние
құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.
Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы
және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген.
Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм,
фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол
анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi
дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және
олардың ментальдық дүниесiне енедi.
Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай
анимизм қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең
ұялаған. Мысалы, Ш.Уәлиханов қазақи түсiнiкте жанның үш
түpi бар дейдi: ет жан, шыбын жан, рухи жан.
Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi»,
«қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат
аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан,
құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады.
Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың
рухы және иесi бар делiнедi.
ШАМАНИЗМ
Шаманизм- алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі,
шаманизм (бақсылық). Бұл діни сенім Сібір, Солтүстік
Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған.
Бақсылар - жер бетіндегі “жандармен” сөйлесе алатын
болғандықтан, қарапайым адамдар бақсыларға сенетін де,
олардан қорқатын.
Қазақ бақсылары өздерінің тәжірибесінде арнайы бақсылық
өлең-сарынды пайдаланды. Қазақ бақсылары қобыз, қамшы
пайдаланды.
Бақсылар өздерінің “жынын” қызыл шұбар айдаһар, “қара
шұбар жолбарыс”, “зу тісі балғадай қара бура”, “бір мүйізі
жер тіреген көк бұқа” т.б. қаралы дауыл бейнесінде алады.
Бақсылықтың негізгі мазмұны – шын шайтанға сену, олармен
“тілдесе” алатын қабілеті барлығына көпшілікті сендіру.
Бақсылықтың өзіндік мифологиясы да бар. Әртүрлі аңыз-
ертегілерде бақсылардың жалаң аяқ қызған темірді басқаны,
оны тілмен жалағаны, өткір пышақтың үстімен жүргені т.б.
аңыздары бар.
ШАМАН
Шаман: Бұл сөздің шығу тегі жайында әр түрлі көзқарастар
бар. Бір зерттеушілер бұл сөз тунгусша «шаман» сөзінен
шыққан деп айтса, келесі бір зерттеуші ғалымдар мұның
«рухтар қолдаған адам» мағынасына келетін
санскритшедегі «срамана»-сөзінен немесе «есі ауысқан
адам» деген ұғымды білдіретін Орал-Алтай тіл тобына
жататын сөзден шыққанын алға тартады.
Алғашқы қауым тайпаларында діни рәсім-жоралғылармен
айналысатын пірәдарлар мен сиқыршы емшілерден басқа,
ұзақ уақыт өзін есінен тандыруға қабілетті адамдарды
«шаман» деп атаған.
Алғашқы қауым адамдарынның түсінігі бойынша шаман
манаға ие, рухтарды басқаруы мүмкін. Шаманның сиқырлы
дабылы бар. Дабылдың бетінде көк пен жердің суреті
салынған. Шаман сиқырлау арқылы рухтарды дабылдың
ішіне кіруге зорлайды. Осы кезде есінен танғанша есіріп
билейді. Ол есінен танғаннан кейін пейіш пен тозақты
аралап жүр деп есептелінеді. Шаман сол аралықта
аталарының рухтарынан кейбір мәліметтер алып отырады.
Азиялықтардың арасында шаманның құрметін асыра
түсетін жағдай – олардың адам үйрене алмас, жұмбақ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz