Фридрих Ницше туралы қысқаша анықтама


Slide 1

ОСӨЖ

Тақырыбы: Фридрих Ницше

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

1. 1 Фридрих Ницше туралы қысқаша

анықтама

II. Негізгі бөлім

2. 1 Құндылықтар жүйесінің мәнін ашқан

2. 2 Мәңгілік қайталаным идеясы

2. 3 Философиялық сын кітаптары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиттер тізімі

Slide 3

Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche; 1844ж. 15 қазан - 1900ж. 25 тамыз) - ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі. Ницше шығармаларының тілі өткір және көркем, адамды еліктірер өзгеше шеберлікке ие. Ол бейне ежелгі заманғы Гераклит секілді нақыл сөздер мен парадоксті тіркестерді қолданып[1] , түрлі әдеби тәсілдерді еркін пайдаланып[2], жанды да, жігерлі фиософиялық туындылар жазды

Slide 4

Ф. Ницшенің XX ғасыр мәдениетіне, қазіргі XXІ ғасыр беталысына тигізген әсері рухани мәдениеттің барлық саласынан байқалады. Ф. Ницшенің ең басты еңбегі, оның қоғамның Құндылықтар жүйесінің мәнін аршып, адам табиғатындағы хайуани деп жеккөрініштікке іліккен аңсар мен ниеттердің адам өміріндегі және адамзат өркениетіндегі ықпалын әшкерелеуі болды. Ол кейінгі фрейдизмге, экзистенциализмге, деконструкцияға, постмодернизмге, герменевтикаға түгел дерлік ізашар тұлға болды. Әсіресе "Құдай өлді" идеясына орай, егер расында Құдай болмаса онда адамзаттың этикасы мен адамгершілігі қай деңгейде болуы мүмкін екеніне Ницше шығармаларынан жауап табамыз.

Slide 5

Ф. Ницше бойынша Мәңгілік қайталаным идеясы қарамаққа ең ғылымисызы құсағанымен, оның "барлық философиялық жорамалдар арасындағы ең ғылымиы" («Үстемдік еркі» кітабы) . Себебі, Ғаламның энергиясы жоғалмайды және уақыт шексіз, шекті күш шексіз уақыт жебесінде қозғалады, демек ол сөзсіз үздіксіз қайта туылуға тиіс. Бірақ бұл түрдегі онтологияны ғылыми тұрғыда дәлелдеу мүмкні емес, демек бұл идея тек физикалық, метафизикалық мағынада қойылмағаны анық.

Slide 6

Ницше ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-сана мен дәстүрге, әсіресе, философиядағы қатып-семген ақылшылдыққа (рационализм) қарсы шықты. Ол ақылды қатал сынға ала отырып, оның негізгі қағидаларын ілікке алғысыз етеді. Философтың айтуынша, дүниені тануда негізгі рөл атқаратын ақыл немесе сана емес, рухтың күші ғана, ал рух дегеніміз - өмірдің өзі. Өмір өзінің қайғы-қасіретімен және азабы арқылы, тәуекелі мен қателігі арқылы білімді бола алады. Біздің жанымызға қарағанда тәніміз көп нәрсені сезіп қояды. Ницшенің бейақылдық (иррационалистік) философиясының бір ерекшелігі: өмір мен Ерік (абсолютті ерік) арасындағы байланысты анықтауға ұмтылғандығы.

Slide 7

1883, Ол Италияның ең көркем жерлерінің бірі Рапаллода өзінің ең әйгілі шығармасы «Заратуштра солай айтқан» деген кітабының бірінші бөлімін бар болғаны он күн ішінде жоғары шабытпен жазып шықты. Кейін екінші бөлімін, 1884 жылы үшінші бөлімін, 1885 жылы төртінші бөлімін жазып бітірді.

"Ницше тасы, Сурлей маңы (Швейцария), Ф. Ницшенің "Заратуштра солай айтқан" кітабындағы "Мәңгілік қайталаным" идеясының шабыты дәл осы тастың үстінде ояныпты.

«Заратуштра солай айтқан» кітабының жарық көруі

Slide 8 Slide 9

Бұл кітабында ортақтықтың "Мәңгілік қайталаным" идеясын пайымдады. Бұл оның негізгі ойжелісінің бірі еді. Әйгілі "Übermensch" (Суперман, Бірегей, Асқан адам) ұғымы да осы кітапта тұңғыш рет айтылды. Аталған кітап туралы Ф. Ницше былай деген болатын: "Менің бүкіл кітаптарым ішінде осы «Заратуштра солай айтқан» кітабы ерекше маңызға ие. Ол менің адамзат баласына ұсынған ғажайып тартуым. Бұл кітаптың дауысы түмен жылдарға жетеді. Ол тек кітаптың құрметі үшін ғана емес, ол биік таудың таза ауасын айналаға шашқан кітап - адамның шындықтары тым алыста, оның етегінде жатыр; - сондай-ақ бұл өте шүңет ойлы кітап; ол ақиқат өзегіндегі байлықтың терең қабатынан келген, оған тасталған шелек лағыл-гауһарға толып шығады, ондағы қазынаны алсаң таусылмайды, ішсең шөлің қанбайды!

Slide 10 Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Фридрих Ницше өмірбаяны
Әлем жігер және елестету ретінде
ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Артур Шопенгауэр өмірдің мәні туралы
ФИЛОСОФИЯ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ
Иррационализм философиясы
Өнер мен әдебиеттегі мәдени дамудың маңызды бағыттары
Құндылық түрлері
Қазақ халқының ұлттық этикалық құндылықтары
Конфуций іліміндегі этикалық құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz