Экзистенциализмнің негізгі өкілдері




Презентация қосу
ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ
Жоспар:
◦Экзистенциализм.
◦Экзистенциализмнің негізгі өкілдері.
◦Трансценділеу.
◦Экзистенциализдік вакуум
◦Қорытынды.
◦Пайдаланылған сілтемелер.
Экзистенциализм:
Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi -
экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-өмiр сұру ) философиясы.
Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дұниежұзiлiк соғыстың арасында
қалыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер
қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып,
мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi
үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей
болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес
iзiн қалдырып, дүниетанып оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы
замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние
тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға
жете көңiл бөлiнуiне әкелiп соқты.
Экзистенциализмнің негізгі өкілдері:

Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин
Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.)менКарл Ясперстi (1883- 1969 ж.ж.) (Германия),
Жан-Поль Сартр (1905-1980 ж.ж.)менАльбер Камюдi(1913-1960ж.ж.)
(Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж.ж.пенЛ.И.Шестовты(1866-1938 ж.ж.)
(Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi
(1883-1955ж.ж.) (Испания)жатқызуға болады.
ХХғ Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершiлiк
құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияға толы
адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға салды. Бұл
саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық - зерденiң негiзiнде ғылым
мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен
нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделену мен қатар қатыгезденiп
жатқан дүниеде тұрақтану үшiн адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн
талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн
ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң рухы
арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi
нәрсе - ол зат, материя , я болмаса идея, таным философиясы
емес, негiзiнен алғанда,- адам философиясы. Ал адамға келер
болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса ,
танымның құралы емес - ол субъект - ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi,
жауапкершiлiктi болмыс.
Экзистенциализм философиясында “шекаралық ақуал² деген категорияға көп
көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, ұрей мен алаңдау, түңiлу
мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне
қауып тұскен жағдайда, оның жан-дұниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда,“өмiрде-
болу² тебiренiсiнiң негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң
қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағнасын терең аша алады.
Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл бөледi.
Ерiктiк – «қажеттiктi тану», я болмаса, «табиғи дарынды iске асыру» емес, ол
экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын
пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды
билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне «Causa sui». Ал
ерiктiк дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам ерiктi пәнде ретiнде ойына не келсе,
соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi
қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “ерiктiк дегенiмiз - адамға артылған
адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес,
басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң арқасында
басқалардың да терең сырын өзiне аша алады.
Трансценділеу.
Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң
бiрi - трансцендiлеу,яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда
адам өз шеңберiнен аттап өтiп не нәрсеге жеткiсi
келедi? Дiни экзистенциализм Құдайды
трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен
қосылуға ынтық болу, нағыз ерiктiктi содан iздеу, дiни
трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни
экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң
айтуына қарағанда, “адам табиғи дұниедегi үзiлгендiк”,
екi жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде.
Сондықтан, оны түсiну - одан да жоғары тұрған -
Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның Құдайға
тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия
адамның құдайлығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi
қажет. Өйткенi, Христостың өзi адам болып туды.
Құдай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани
қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн
көрсетедi.
Өзiнiң “Болмыс пен уақыт² деп Алайда, индустриалдық қоғамда
аталатын көлемдi еңбегiнде адамның болмысы өзiнiң
М.Хайдеггер адамның өмiр сүруiн бишынайылығымен тең. Конвейерден
“Dasein² деген ұғыммен бередi. (оның шыққан бiр-бiрiне ұқсас заттар
қазақшаға тiкелей аудармасы “осы сияқты, адамдар да орталанып, бiр
арадағы болмыс²). Мұндай ұғымды тұлға екiншiнi жеңiл ауыстыра алады.
философияға еңгiзiп, ол адам болмысы Адамдар бiрiн-бiрi ауыстыра
- тарихи болмыс екенiн, ол яғни “қазiр алатындықтан “басқа², ол “нақтылы
және осы арада² өмiр сүрiп жатқанын басқа тұлға² емес, “қайсыбiр басқа²,
көрсеткiсi келдi. Дүниеде адамнан “жалпы бiр басқа². Мұндай жағдайда “ол
басқа ешқандай тiршiлiк өзiнiң да², “мынау да², менiң “өзiм де² шынайы
шектелгенiн, яғни өлетiндiгiн бiлмейдi. субъект емеспiн. Мұндай тобыр
Олай болса, тек адамға ғана адамын М.Хайдеггер “das Man² деген
уақыттылық, ал сонымен бiрге өмiрде терминмен берсе, Н.Бердяев оны
болу мәселесi тән. Бұл тұрғыдан “объективацияланған дүние² дейдi.
алғандағы философияның негiзгi Ал адамның шынайы болмысына келер
мақсаты - ол дәл қазiр өмiр сұрiп болсақ, ол адамның тарихи пәнделiгiн,
жатқан адамның iшкi тебiренiсiн уақыт шеңберiнде шектелгенiн,
зерттеу, содан шығатын өмiр сонымен қатар өзiнiң ерiктiгiн
тәжiрибесiн талдау болып табылады. сезiнуiнде. Шынайы болмысқа жету
Бұл М.Хайдеггердiң жасаған жаңа үшiн адам күнделiктi күйкелi өмiрден
онтологиясы едi. Яғни, ол уақытпен бас тартып, соңғы өмiрдiң шегi -
шеңберленген адам болмысы, осы өлiмге тiкелей қарай алатын жағдайға
арада өмiр сұрiп, басқалармен бiрге келуi қажет.
коммуникацияға (қатынасқа) түсу.
Экзистенциалдық вакуум.

Экзистенциализм философиясының iрi өкiлiнiң бiрi - Виктор Франкл. Ол қазiргi қоғамдағы адамдардың
қасiретi - ноогендiк (nous,-грек сөзi, - ақыл-ой, зерде, рух; genesis,-грек сөзi,- дүниеге келу, пайда болу;)
невроздарда, яғни, адамдардың өмiр сұрудiң мән-мағнасынан айырылып қалуында деген пiкiрге келедi.
Соңғыны В.Франкл “экзистенциалдық вакуум² деген ұғыммен бередi. Өз болмысының мән-мағнасынан
айырылып қалған кейбiр адамдар, рухани жүдеулiктен арылу ұшiн “Құдайды iздеу² жолына тұссе, екiншiлер -
нашақорлық пен iшiмдiктiң сағымында, ұшiншiлер - қоғамдағы тәртiпке қарсы бағытталған қылмыстық iс-
әрекеттерге, төртiншiлер суицидке (өз-өзiн өлтiру) дейiн барады. Өзiнiң гуманистiк көзқарасынан
таймайтын В.Франкл өмiрдегi ақуал қандай қиын болса да, тiптi жазылмайтын сырқат, өлiмнiң өзi
болмасын,- адам өз өмiрiнiң мән-мағнасын жоғалтпау керек,- деген терең ойға келедi. Өзiнiң екiншi
Дұниежұзiлiк соғыс кезiндегi Бухенвальд концлагерiнде болған экзистенциалдық тәжiрибесiн сараптай келе,
В.Франкл тек қана өз өмiрiнiң мән-мағнасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, ал
өмiрдiң мән-мағнасын жоғалтан көпшiлiктiң “малға ұқсайтын тобырға² айналып құрығанын айтады.
Қорытынды:
Әрине, реформа барысындағы бұгiнгi қиын-қыстау жағдайларда бiршама
адамдар бұрынғы ұстаған жан-дүниесiндегi құндылықтардан айырылып,
сонымен қатар, жаңа құндылықтарды қабылдай алмай экзистенциалдық
вакуумде жүргендерi баршамызға аян. Мұның өзi неше-тұрлi “әлеуметтiк
ауытқудың² түрлерiн туғызып, реформаның әрi қарай өрлеуiне өзiнiң кеселiн
тигiзiп отыр. Мұндай қиын жағдайда экзистенциализм iлiмiнiң “әлеуметтiк
ақуалға² сiлтегеннен гөрi жеке тұлғаның ерiктi iс-әрекетiнен шығатын
таңдауға, ал оның өзi белгiлi бiр жаңа ақуалды тудырып, өмiрдiң жаңа
арнасын ашуының мүмкiндiгiн көрсетедi деген құнды пiкiрге көңіл бөлгеніміз
дұрыс.
Жалпы алғанда, экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің
философиялық негізі тұлғаның шығармашылық тыныштығы мен қоғам
алдындағы жауапкершілігі мен дұрыс әрекет жасауын айқындайды.
Пайдаланылған сілтемелер:
◦https://mylektsii.ru/1-44684.html
◦https://lektsii.org/9-12070.html

Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ
Орыс философиясына тән ерекшеліктер
Философиядағы сана мәселесі
ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Персонализм бағыты
Тітіркендіргіш дәрілік заттар
Сүліктер класы
Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшелігі
Ортағасырлық философияның схоластика кезеңі
Неотомизмнің негізгі өкілдері
Пәндер