ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті: Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтың шығармашылығы


Slide 1

ХІХ ғасырдағы балалар әдебиеті

Slide 2

Қазақ балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады (қ. Қазақ балалар фольклоры) . Қ. б. ә-нің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғ-да Ы. Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этик., эстет. тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық (“Киргизская хрестоматия”, 1879) бастырып шығарды.

Slide 3

Ағартушы, педагог, жазушы, ғалым, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай обылысының Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырай атасы Балғожа би тәрбиелейді. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, араб, татар және парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады.

Slide 4

Ыбырайдың Алтынсариннің

өлеңдері мен шығармалары

Өлеңдері:

“Кел,, балалар, оқылық”, “Өнер - білім бар жұрттар”, “Өзен”, “Жаз”,

“Әй, жігіттер”, “Залым төреге” т. б.

Әңгімелері:

“Ағаш үй мен киіз үй”, “Қыпшақ Сейітқұл”,

“Асан мен Үсен” т. б.

Slide 5

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

. . . Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізге жүзді балықтай,

Дұниені кезді жалықпай.

Ыбырай

Slide 6 Slide 7

Абай Құнанбаев (1845-1904) - ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Азан шақырып қойған аты - Ибраһим.

Slide 8

Абайдың шығармалары

Ғылым таппай мақтанба

Интернатта оқып жүр

Пайда ойлама, ар ойла

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Әсемпаз болма әрнеге

Жазғытұры

Жаз

Күз

Қыс

Желсіз түнде жарық ай

Қансонарда бүркітші шығады аңға

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Кұлақтан кіріп, бойды алар

Өзгеге, көңілім, тоярсың

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай

Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол

Білімдіден шыққан сөз

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім

Slide 9 Slide 10

Шығармалары

Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі - өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі - ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі - өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік - шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің - сезім мен қыйсынның, түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ балалар әдебиеті: Ыбырай Алтынсарин мен Абайдың үлесі
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаевтың ғылыми-әдеби және білім беру қызметі
XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы
XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары мен рухани мәдениеті: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов және Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин: қазақ ағартушылығы мен балалар әдебиетінің негізін қалаушы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889): қазақ ағартушылығы, мектептік жүйе және балалар әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889): ағартушылық қызметі, оқулықтары және балалар әдебиеті
XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбайұлы
Ыбырай Алтынсарин: өмірі мен шығармашылығы және қазақ әңгіме жанрының негізін салушы рөлі
Ыбырай Алтынсарин: шығармашылығы және педагогикалық мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz