Ұлт - азаттық көтерілістің өрбуі



1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Орындаған:
Тексерген:

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуы
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс - 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т. б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды

“Қазақстандағы 1916 жылғы
ұлт-азаттық қозғалыс” картасы

Ұлт-азаттық көтерілістің өрбуі

Көтеріліс кезіндегі көрініс

Амангелді Иманов
Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873-1919) - халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Ел ішіндегі даушарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жж бірнеше рет түрмеге қамалды.


Тоқаш Бокин (1890-1918) - Жетісудағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Бұрынғы Жетісу облысының Верный уезінде көшпелі кедей шаруа отбасында дүниеге келді. 1898-1906 жылдары Верный қаласындағы ерлер гимназиясында білім алды. Одан соң 1914 жылға дейін Верный уезінің сот органдары мен қоныс аудару басқармасында тілмәш болды.
1913 жылы Верный қаласында өзінің 1802 сөзді қамтыған қазақша-орысша сөздігін шығарды. 1914-1916 жылдары Санкт-Петербор қаласында сот палатасында жұмыс істеді. Осы кезеңде ол патша үкіметіне қарсы түрлі саяси ұйымдардың бағдарламаларымен танысады. 1916 жылы елге оралған Т. Бокин қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу ошағы жетекшілерінің бірі болды. Ол қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, дүнгендер арасындағы үгіт жұмысына басшылық жасады, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндіріп, патша жарлығын орындамауға шақырды.
1917 жылы большевиктер басқарған саяси күштермен жақындасып, Жетісу облысында Кеңес өкіметін орнатуға ат салысты. Ол 1918 жылы қаңтардың 2-13-і аралығында Верный қаласында өткен Кеңес өкіметін орнатуды жақтаған Жетісу облыстық шаруалар депутаттарының 2-ші съезіне қатысты, одан соң Жетісу соғыс революциялық комитетінің мүшелігіне сайланды. Большевиктік өкіметтің жергілікті (болыстық, ауылдық, селолық) жүйесін құру ісіне қатысып, жергілікті әскери бөлімдерін жасақтап, оларды 1918 жылдың көктем және жаз айларында азық-түлікпен қамтамасыз етуге күш жұмсады.

Кейкі батыр (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж. ), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші - мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды. Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс - Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті.
1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады. Ақыры,

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz