Психологиялық кеңес жұмыстары


Slide 1

Кеңесшінің кеңес беру сессиясына

дайындығы

Slide 2

Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері Кеңес алушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау. Мәселен, бала мәселесіне байланысты ата ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір біріне ренжуі т. б. Бір мәселе қайталана берсе, онда кеңес алушыны психопрофилактикаға шақыру қажет. Мұнда шешімін таба алмай жүрген мәселелерді өздері шешуге талпынады. Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер беріп отыру керек. Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол жеткізетіндігін түсіндіру. Кеңес алушының алғаш келген кездей ойы мен кеңес алғаннан кейінгі ойын салыстыру. Кейбір жағдайда психологтың ойы мен кеңес алушының ойы бір бірімен сәйкес келіп жатады, ал кей кезде мүлдем алшақ болуы мүмкін. Кеңес алушының туындаған мәселесіне жеңіл қарамай, оған шын мән беріп шешу керектігіне көз жеткіз.

Slide 3

Психологиялық кеңес:

1. Туындаған мәселенің күрделілігіне байланысты 1-2 рет немесе оданда да көп кеңес берілуі мүмкін

2. Кеңес алушының бір ғана мәселесі емес жеке жеке кеңесті талап ететін бірнеше мәселелері болуы мүмкін.

3. Мәселе бірден шешілуі мүмкін. Тек ғана кеңес алушыға қосымша қолдау, қолпаштау, ерік, жігер қажет болған жағдайда психологиялық кеңес қысқа уақыт мерзімді қамтиды.

Slide 4

Психологиялық кеңес

берудің типі, түрі

және деңгейлері

Топтық және жеке

кеңес және оның әлеуметтік

қызметтегі сипаты

алдын ала зерттелетін және

зерттелмей берілетін кеңес

түзету әдістерін енгізетін және

енгізбей берілетін кеңес

оқшауланған кеңес

әлеуметтік-психологиялық

қызмет бағытындағы кеңес

Қайталанатын және

қайталанбайтын кеңестер

Жеке қарым-қатынас

бойынша кеңес

аралас кеңес

Slide 5

Кеңес беру психологиясы мынадай кезеңдерде жүргізіледі

1. Дайындық кезең - бұл кезеңде психолог-консультанттын клиентпен танысуын, клиенті жайлы тіркеу журналына тіркелуі керек. Оның 20-30 минутқа созылуы шарт.

2. Қалыптастыру кезеңі - бұл кезеңде психолог-консультант жеке кездесіп, өзін клиентпен жұмыс істеуге қалыптастыруы керек және ол клиентке де қатысты. Бұл барлығы дайын болған жағдайда 5-7 минутті қажет етеді.

3. Диагностикалық кезең - бұл кезеңде психолог-консультант клиентті ұқыпты тыңдап, талдауын анықтап, проблемасын нақтылағаны жөн. Бұл кезеңнің жалпы мазмұны клиенттің өз проблемасын баяндауымен шектеледі және осыған байланысты кедергі келтіретін жайттар болмау керек, яғни бөлмеде психолог пен клиенттен өзге адамдардың болмауы, клиентке уақыт та жеткілікті болуы керек. Кейде кеңес беру психологиясының бұл кезеңі 4 сағаттан 6-8 сағатқа дейін созылуы қажет.

4. Кепілдемелік кезең - психолог консультант бұл кезеңде алдыңғы болған кезеңдердегі ақпаратты жүйелеп, тығырықтан шығу жолдарын клиентпен бірлесе отырып жасауы керек. Осы кезеңде ұысыныстар нақтыланады. Бұл кезең 40 минуттан 1 сағатқа дейін созылады.

5. Бақылау кезеңі - бұл кезеңде психолог-консультант клиентпен бірлесе отырып болған жағдайларды талқылайды. Психолог-консультанттың кеңесі мен ұсыныстары қаншалықты жағдайда бағалы болғанын анықтайды. Осы кезден бастап психолог-консультанттың алдағы еңбектері сараланады, яғни қосымша сұрақтарға жауап бере алатынын көрсете алады.

Slide 6

Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:

- Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиенттің жеке тұлғасын, құндылықтарын сыйлау арқылы жүзеге асырылады. Психолог-кеңес беруші адамгершілік құқықтарды сыйлауы керек.

- Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға және клиенттің интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге бағытталады.

- Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толық жауапкершілікте болуы керек.

- Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және заңгерлік негіздерге сүйенілуіі керек.

- Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық принциптерін басшылыққа алады. Сонымен қатар ол өзінің берген ұсыныстарында өте сақ болуы қажет.

Slide 7

Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері

Клиентті сұрау кезеңі

Қорытынды кезең

Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.

Жұмыс кезеңі.

Алғашқы кезеңі

Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану.

Мақсаты - психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау

Кезеңнің мақсаты - раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы - вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау.

Slide 8

Психологиялық кеңес жұмыстары

Психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты міндеттерді шешеді:

1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту және тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

2. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т. б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

3. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, мастерлердің, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғары-лауына септігін тигізеді.

4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж. т. б. ) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері.

Slide 9

Кеңес берудің негізгі кезеңдеріне сипаттама:


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс - құжаттарының түрлері
:Психологтың бала-бақшада жұмысын жоспарлауы
Психологиялық профилактика
Психологиялық кеңес
Практикалық балалар психологының кәсіби әрекетінің негізгі бағыттары
Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы
Оқу жылы барысында түлектерге психологиялық көмек көрсету
Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары
Ата - аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру
Сынып жетекші мен ата – ана байланысын арттыру арқылы бала тәрбиесін жетілдіру ізгілендіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz