Жануарларда Өзге жүйе мүшелері


Slide 1

Тақырыбы: Адамнын жеке даму

Slide 2

Жасуша ұрықтанған соң организмнің жеке дамуы - онтогенез басталады.

Slide 3

Эмбриология

Эмбриология ( грек тілінен аударғанда «embryon » - ұрық «logos» - ғылым ) - организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым . Эмбриология ғылымы негізінің қалануы Ресей ғылым академиясының академигі К . Бэрдің есімімен тікелей байланысты .

Slide 4 Slide 5

Ресей Ғылым академиясының академигі . Эмбриология ғылымының негізін қалаушы, ол 1828 жылы “Жануарлар дамуының тарихы” деген еңбегінде сүтқоректілер мен тауық ұрықтарының даму ерекшеліктерін зерттеді.

Карл Эрнс Фон Бэр (1792-1876ж. ж) , ұлты неміс.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Ұрықтанған жасуша митоздық жолмен бөліне отырып көп жасушалы бөлшектерге -бластомерлерге айналды. Көбейген жасушалар бір-бірімен жабысып іші қуыс шар түзеді. Бұл бір қабатты ұрық-бластула.

Дамудың келесі сатысында бластула қабаты ішке қарай ойысады да одан жасушаның ішкі қабаты пайда болады. Мұндай қос қабатты даму сатысын гаструла деп атайды. Оның ішкі қабатын-энтодерма, сыртқы қабатын-эктодерма деп атайды. Ішекқуыстылардың денесі осы екі қабаттан тұрады, ал жалпақ құрттарда үшінші қабат мезодерма пайда болған.

Гаструла сатысы аяқталғаннан кейін де жасушаның бөлінуі жалғаса береді. Нейрула сатысы кезінде үш ұрық жапырақшасынан организмнің жеке мүшелері дами бастайды, мұны органогенез деп атайды.

Slide 9

Онтогенез

Постэмбриондық

Эмбриондық

Ұрықтық

даму

Ұрықтан кейінгі

даму

Slide 10

Мезодерма

Өзге жүйе мүшелері: бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер Қантарату жүйесі: жүрек, тамырлар, қан. Несеп-жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері

Энтодерма

Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек, өңеш, т. б. Барлық бездер (тері безінен өзгесі), асқорыту бездері де: бауыр, ұйқыбез, калқанша без, гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т. б. Тынысалу жүйесі: өкпе, кеңірдек, ауатамыр және т. б.

Эктодерма

Жануарларда жабындары. Адамда және өзге сүтқоректілерде терінің үстіңгі кабаты, тері туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми және жұлын, т. б. )

Slide 11

Эмбриондық даму

Slide 12 Slide 13

Постэмбриондық

даму

Тура даму

Түрленіп даму

Шала түрленіп даму

Толық түрленіп даму

Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17

Қорытынды

Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э. Геккель үсынған (1866) . Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы - код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мо

Slide 18

Пайдаланған әдебиеттер

Брунов Е. И., Малахова Г. Я., Соколова Е. А. «Адам анатомиясы, физиологиясы және гигинасынан өтілетін сабақтар». Алматы, 1970.

Вилли К. «Биология». Москва, «Мир». 1964.

Верзилин Н. М. «Уроки ботаники в 5 классе». Москва, 1952

Дубинина Н. П. «Общая биология». Москва, 1988.

Заверзин А. А., Харазова А. Д. «Основы общей цитологий». Ленинград, I982.

Полянский «Жалпьі биология». Москва, 1984.

Реймерс Н. Ф. «Негізгі биологиялық терминдер мен түсініктер». Москва, 1986


Ұқсас жұмыстар
Ұрық жапырақшаларының туындылары
Мүше жіне ішкі мүшелер туралы түсінік. Дене қуыстары
Тері қабаттары мен құрылысы
Сезім мүшелері
Иммундық жауап
ЖАТЫРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ПРЕПАРАТТАР
Реттелу кезеңдері
Аңдардың жыныс мүшелері
Шымкент Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі жоғары қалалардың тізіміне енді
Қан жасаушы мүшелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz