Төтенше жағдайлардағы зақымдану ошақтары және құтқару жұмыстары




КІРІСПЕ
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байла- нысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.
Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланыс- қан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жік- теледі:құтқару; а рнаулы (жедел) ; қосалқы.
Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау) ;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
- зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.
Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:
- өрт сөндіру ;
- коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
- тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
- осал құрылыстарды күшейту.

1 Төтенше жағдайлардағы зақымдану ошақтары және құтқару жұмыстары
1. 1 Зақымдану ошақтарында құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру
Заманауи зақымдау құралдары қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізудің бірнеше қатар ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Жетекші оқытылатындарға ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады. АҚ құрылымдары әрекеттерінің сипаты мен тәртібі бұл міндеттерді орындау кезінде ЗЗҚ түріне, қалыптасқан жағдайға, күштер мен құралдардың саны мен дайындық деңгейіне, жыл мезгілі мен тәулік уақытына, ауа-райы жағдайы мен басқа да факторларға байланысты болады. Көп жағдайда ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі жетістіктер жетекші құрамның шеберлігіне байланысты болады. ҚБҚЖ жүргізу кезінде тиімді жетекшілік ету үшін бұл жұмыстардың сипаты мен көлемі, ШО аумақтарындағы күштер мен құралдарды дұрыс қолдануына қарай объектінің ерекшеліктері, жобасы мен құрылыстарының сипаттары, қорғаныс имараттары, сонымен қатар көлік магистральдары ескеріле отырып анықталады.

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Паналау ғимараттары толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады.

Паналау ғимараттары бейбiт кезде шаруашылық, мәдени-тұрмыстық қажеттерге пайдаланылады. Мұндай екi жақты пайдалану оларды жобалау кезiнде-ақ көзделенуi қажет. Бейбiт кезде паналау ғимараттарын өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдалану олардың қорғаныстық қасиеттерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс. Паналау ғимараттарын соғыс уақытының жағдайына, яғни оны тiкелей арналған мақсатына пайдалануға көшiру мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде iске асырылуы керек. Паналау ғимараттарына жасырынушылар үшiн қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар қамтамасыз етiлуi қажет. Бұл жағдайлардың негiзгi қажеттерiне көмiр қышқыл газының мөлшерi, температура, ауаның ылғалдылығы жатады.

Паналау ғимараттары әдетте жасырынатын адамды орналасуға арналған негiзгi және қосалқы бөлмелерден (сүзгi-желдеткiш камерадан, санитарлық тораптардан, тамбур шлюздерден, қорғануға кiретiн және шығатын есiктерден су құйылған кеспектер, аспаптар, қалдықтар салынатын ыдыстар тұратын бөлмелерден тұрады. Сыйымдылығы үлкен паналау ғимараттарында қорғалатын дизель қондырғылары артезиан скважиналарына, азық-түлiк сақтауға және медициналық көмек көрсетуге арнаулы бөлмелер бөлiнедi.

Паналау ғимараттарына адамдар азаматтық қорғаныстың “Әуе шабуылы қаупi!“, “Радиациялық қауiп!“ сияқты дабылдары берiлгеннен кейiн жасырынады. Адамдарды жасыруды дер кезiнде және ұйымшылдықпен жүргiзу мақсатында паналау ғимараттары цехтарға, учаскелерге, тұрғын үй басқармасына, үйлерге, подъездерге алдын-ала бекiтiлiп ерiледi.

Паналау ғимаратын бейбiт кезде пайдаланғанда, оны тiкелей арналған мақсатына көшiретiн, сондай-ақ соғыс кезiнде онда адамдардың жасыруына қажеттi жағдайды қамтамасыз ететiн барлық талап орындалуға тиiс. Зақым ошағынан өткен адамдарды, көшiрiлгендер колоннасы белгiленген жерде келгеннен кейiн олар транспорт құралдарымен қауiпсiз аймаққа жеткiзiлiп, қажеттi медициналық көмек көрсетiледi.

2 ЗАҚЫМДАНУ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ШҰҒЫЛ ЖҰМЫСТАРДЫҢ (ҚЖБШЖ) ЖҮРГІЗІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2. 1 Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқада шұғыл жұмыстар
АҚ қүштері зақымдау ошағында құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ өндірістік апаттар мен күйреудің, стихиялық апаттардың салдарын жою үшін құралады.
АҚ күштеріне шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмысшылары мен қызметкерлерінен, және де әскери бөлімдерден құрылған құрылымдар жатады.
Аудандық (қалалық, объектілік) күштердің негізін әбден дайындалған жеке құраммен және қазіргі заманға сай техникамен жинақталған жалпы тағайындалған құрылымдар құрайды. Олардың қысқа мерзімде құтқару жұмыстарына кірісуге қабілеті бар.
Ядролық зақымдану ошғында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін халық шаруашылығында бар құрылыс, жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің барлық түрлері мен маркаларын, сонымен қатар қалалық коммуналдық шаруашылық техникасын қолдануы мүмкін.

Эксковатор
маркасы
Қазғыш көлемі, м3
Қазу биіктігі, м
Үйінділердегі өнімділік,
м3/сағ
тура қазғыш
кері қазғыш
Э-255
0, 25
4, 5
15-20
20-15
Э-302
0, 30
6, 0
20-30
30-40
Э-505
0, 50
3, 0
40-50
50-60
Олардың негізгі мәліметтері

Бульдозер мен трактор типі
Итергіш өлшемі ұзындығы ені, м
Қозғалудың ең көп жылдамдығы, км/сағ
Өнімділігі
үйінділерді
тазартқанда, м³/сағ
жол та-залағанда
км/сағ
Т-140 тракторындағы Д-522
4, 40/1, 10
10, 9
50-100
2-4
Т-140 тракторындағы Д-275
3, 18/1, 55
11
80-100
1, 0
Т-100 тракторындағы Д-259
4, 15/1, 10
9
30-80
1, 5-2, 0
Т-140 тракторында Д-290
5, 0/1, 10
11
100-150
2-4

Кран маркасы
Жүк көтеру ұзындығы, м
Стреланың ұзындығы, м
Жылдамдығы, км/сағ.
Өнімділік,
т/сағ
ЗИЛ-150-дегі К-32
3, 0
6, 8
33-40
15-20
МАЗ-200-дегі К-51
5, 0
7, 8
20-35
25-30
ЯАЗ-210-дағы К-104
10, 0
10, 5
30
35-40
Ауа толты-рылған дөң-гелекпен жү-ретін К-124
12, 0
20, 0
10
40-50
ДТ-54-2, 8 тс; с-80-8, 8 тс; Т-140-13, 7 тс.
Автомобильдік крандар тиеу-түсіру жұмыстарына және жолдарды тазартқанда ірі көлемді ауыр сынықтарды тасуға пайдаланылады. Олардың мәліметтері

Құрал-сайман маркасы
Салмағы
(кг)
жұмыс қысымы (кПа)
бұрғылау тереңдігі (мм)
бұрғылау жылдам-дығы (мм/мин)
минут тағы ұру саны
РП-17 бұрғылау балғасы
17, 5
5(500)
400
100-160
-
ОСМП-10 ұрғылау балғасы
90, 0
4(400)
-
-
75
ОМ-10 ұрғылау балғасы
10, 0
5(500)
-
-
50
Бұрғылау балғасы ауа беру мақсатында кірпіштен, тастан қалған, бетон қабырғаларын бөлшектеу, паналаушыларды бастырылып қалған орындарынан шығару, ірі тастарды қирату үшін қолданылады. Олардың негізгі мәліметтері


2. 2 Химиялық қауіпті объектіде апат кезіндегі іс-әрекеттер
Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) - өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ) ) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz