Химиялық бақылау приборлары


Slide 1 Slide 2

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І Төтенше жағдай туындаған аймақта кешенді түрде барлау жүргізу

1. 1Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері.

1. 2 Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару.

ІІ Инженерлік барлау түрлері, барлау аспаптары мен жабдықтары

2. 1 Химялық және радияциялық бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары.

2. 2Барлау түрлері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Барлау жалпы және арнаулы болып екіге бөлінеді

Жалпы барлау ТЖ туындаған аймақ жөнінде тез мәліметтер алу үшін жүргізіледі.

Арнаулы барлау химиялық радиациялық, бактерелогиялық жағдайлар жөнінде толық мәліметтер алу үшін зақымданған орындарда жүргізіледі.

Зақымдану аймағында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу

Залалсыздандыру дегеніміз - зақымданған беттерде дезактивация, дегазация, дезинфекция жұмыстарын жүргізу.

Дезактивация дегеніміз - транспортттарды, ғимараттар мен құрлыстарды, киімдерді, жеке қорғау құралдарын, суларды, зақымданған беттерді радиоактивті заттардан залалсыздандыру.

Дезгазация дегеніміз - үландырғыш заттарды зиянсыз заттарға дейіе ыдырату немесе оның мөлшерін рұқсат етілген шегіне дейін төмнедету

Дезинфекция дегеніміз - жұқпалы аурулар тудыратын қоздырғыштарды құрту, жою.

Slide 4

І Төтенше жағдай туындаған аймақта кешенді түрде барлау жүргізу

1. 1Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері.

Химиялық барлау - әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады.

Slide 5

Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:

зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;

халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау;

жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;

Slide 6

1. 2 Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару.

Радиациялық барлау - жергілікті жердің, ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау (өндіріс) орындары туралы мәліметтер алу.

Радиациялық барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ(тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер (күштер) тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді

Акваторияны радиациялық барлауды арнайы (рейдтік) кагерлер, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы дайындалған ұшақ (тікұшақ) экипаждары жүргізіледі.

Slide 7

Радиация мен химиядан қорғау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:

қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау;

радиациялық барлау приборларымен ( ДП 5В, ИПД 21 ) ;

химиялық барлау приборларымен ( ВПХР, ПХР, ХУЗ ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен;

залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау;

радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау;

радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою;

халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық-түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру:

Slide 8

ІІ Инженерлік барлау түрлері, барлау аспаптары мен жабдықтары

2. 1 Химялық және радияциялық бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары.

Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т. б. жатады.

Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.

Әскери химиялық барлау аспабы (Войсковой прибор химической разведки) - ауадағы, жердегі, техникадағы, көліктегі және басқа заттардағы улы заттарды анықтауға арналған аспап. Әскери химиялық барлау аспабы қақпақты корпустан және оған орнатылған қол сорғыдан, сорғының кигізбелі сабынан, индикатор түтікшелі қағаз кассеттерден, түтінге қарсы сүзгілерден, қорғаныш қақпақшасынан, электр шамынан және басқа бөлшектерден тұрады. Әскери химиялық барлау аспабы жәрдемімен улы заттарды анықтауда индикаторлық түтікшелердің рөлі маңызды.

Slide 9

ИД - 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы.

Радиациялық және химиялық барлау аспаптары түрлі объектілердің зақымдану дәрежесі мен радиация деңгейін табуға, сондай-ақ сәлелендіру мөлшерін өлшеуге арналған. Олардың көбінде радиоактивті сәуле шығаруды табу және өлшеуде ионизациялық әдісті пайдаланады.

Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделген - олардың өздері таратылатын ортаны ионизациялау қабілетін, яғни, нейтралды молекула немесе атомдарды буға ыдыратуды көрсетеді. Егер газдың тұйық көлемін алып, оған электр кернеуін қосса, онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері - анодқа, екіншілері - катодқа жылжиды. Осының нәтижесінде электродтар аралығында ионизацияланған ток пайда болады, оның көлемдегі радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады. Ионизацияланған ток күші бойынша радиоактивті сәулелену қарқындығын анықтау керек.

Slide 10

ИД - 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін бағалау мақсатында алған аралас гамма нейтронды сәулеленумен жұтылған гамма мөлшерін өлшеуге арналған.

ИД-1дозасын өлшеуіш толымы: 1-ИД-1 дозасын өлшеуіш, 2-заряд құрылғысына арналған ұя, 3-құты, 4-окуляр, 5-ұстағыш, 6-қорғауыш, 7-ЗД 6-ның зарядты құрылғысы, 8-зарядты-контактілі ұя, 9-зарядты құрылғысының тұтқасы, 10-бұру айнасы.

Slide 11

ДКП-50А доза өлшеуішінің жарма көрінісі:

1-окуляр; 2-шкала; 3-корпус; 4-платиналанған жылжымалы жіп; 5-ішкі электрод; 6-конденсатор; 7-қорғаныш оправа; 8-әйнек; 9-ионизацияланған камера; 10-объектив; 11-ұстағыш; 12-үстіңгі тығын.

Slide 12

2 Сцинтилляциялық тәсіл.

Кейбір заттар (Күкіртті цинк, иодты натрий) сәулелердің әсерінен жарық шығарады. Шығарған жарықтың (вспышка) мөлшері жұтылу дозасының қуатына тура пропорционал және бұл жұтылған дозаны арнаулы прибор радиоактивті зақымдалуын бақылау жасайды.

Радиациялық бақылау - радиация деңгейін анықтайды.

Иондық тәсіл. Қазіргі заманғы дозиметрлердің жұмыс істеу принципі иондық тәсілге негізделген

Приборлар жеке дозиметрлер комплектісі:

ДП- 22В 50 жеке қалталы дозиметрден және зарядтың қондырғыларынан тұрады. (3Д - 5)

ДКП- 50 А - дозиметрлер.

Дозиметрлер көмегімен:

А) Зақымдану аймағында радиация деңгейін анықтайды.

Б) Адамдардың, үй жануарларының алған экспозициялық жұтылу дозасы.

В) адамдардың, үй жануарларының, техника транспорт, құрал- жабдықтар, киімдер, тағамдар, сулар және т. б обьектілердің радиоактивті заттармен зақымдану дәрежесін анықтайды.

Жеке бастың дозиметрлер комплектісі.

Slide 13

Поддиапазондар

Өлшеу бірліктері

Өлшеудің шектері

I

Р/сағ

5-200

II

мр/сағ

500-5000

III

мр/сағ

50-500

IY

мр/сағ

5-50

Y

мр/с ағ

0, 5-50

YI

мр/сағ

0, 05-5

Кесте 1 Доза қуатын өлшеу шектері

Slide 14

Химиялық бақылау приборлары.

1 Химиялық бақылау приборлары (ВПХР), (ПХР)

2 Пробалар алып химиялық лабороторияларда анықтау.

Химиялық бақылау приборларымен уландырғыш заттарды ауада, топырақта, техникада әртүрлі заттарда анықталады.

Медициналық химиялық бақылау және ветеринарлық қызметке арналған приборлар техникада жергілікті жерлерде У. З анықталады.

МХБ және ВҚАП арқылы су, топырақ және басқа да материалдардың пробасын алып инфекциялық қоздырғыштарды анықтау үшін

Slide 15

2. 2Барлау түрлері


Ұқсас жұмыстар
Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлары
Радиация және оның зардаптары Оңтүстік Қазақстан облысының радиациялық фонды
Майлау жүйесінің ақаулары және оларға техникалық қызмет көрсету
Май деңгейін майды ауыстыру
Химиялық эксперименттің түрлері
Бақылау парағында
Дәрілердің сапасын дәріханаішілік бақылауды ұйымдастыру
Химиялық барлауды бақылау құралдары
Антропогендік əсер факторларын бақылау
Дезинфекцияның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz