Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы




Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема - орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш. Х. Сарыбаев, И. В. Маманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Т. Аяпова, Ш. Бектуров, К. Сариева, А. Жүнісбеков, Ф. Р. Ахметжанова, М. Жанпейісова, Ф. Оразбаева, Қ. Бітібаева т. б.

Мақсаты:
Шығармашыл, қабілетті кәсіби өсу жолындағы тұлғаны қалыптастыру.
Сапалы оқытуды жетілдірудің үздіксіз болуын қамтамасыз ету.
Педагогикалық- психологиялық қолдау көрсету арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Іс -әрекеттің приоритеті
Талантты
педагогтарға,
дарынды балаларға
кепілдік беру.
Дарынды оқушылардың,
талантты педагогтардың
өсуіне ғылыми -
әдістемелік көмек көрсету.
Бәсекеге қабілетті
шығармашыл
тұлғаның тәрбиесіне
бірлесе әрекет жасау.

Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді: 1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгі¬ме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады. 2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т. б. жұмыстар. 3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т. б. 4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т. б, техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен жұмыс, т. б. 5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.
Нұржанова Ж.

Б. Құлмағамбетова зерттеп, құнды пікір айтты: " . . . техникалық кұралдарды пайдаланып өткізген сабақта оқушылар жалықпай тыңдаған жаңа оқу материалын қабылдау процесінде олардың әр түрлі сезім мүшелері /көру, есту, т. б, / қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, түсіндірілген материал¬дардың бәрін қабылдауға мүмкіндік туғызады", - деді. /Б. Құлмағамбетова "Қазақ тілі" сабағында техникалық құралдарды пайдалану, 1975/.
Б. Құлмағамбетова

Осы саланы зерттеуде профессор Қ. Жұбановтың, академик І. Кеңесбаевтің, Ғ. Мұсабаевтың, Ә. Болғанбаевтың, Ғ. Қалиұлының көптеген зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама жетілген сала екендігін көрсетеді. Дегенмен лексика мен лексикология терминдерінің синонимдік қолданылуы лексикалық зерттеу объектілерін жүйелі қарастыруда біршама қиындық туғызады. Ғалымдардың пікірінше, лексика терминін лингвистиканың негізгі салаларының бірі деп танып, оның ғылыми объектілерін содан шығатын жүйе деп білу методикалық тұрғыдан тиімді болар еді. Ал лексиканы оқыту әдістемесі аз зерттелген сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары А. А. Текучевтің және М. Т. Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға болады. Қазақ ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасына үлес қосқан Б. Кәтенбаеваның "Сөз құрамын” оқыту (1968), А. Айғабыловтың "Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері” сияқты еңбектерін атауға болады.

- педагогикалық құбылыстарды элементтер құрамына енгізу;
- педагогикалық құбылыстың әр қайсысын педагогикалық үрдістің барлық құрауыштарымен өзара қарым-қатынасқа байланыстыру;
- қарастырылып отырған құбылыстың ойлау қисынында психология-педагогикалық теорияларды, идеяларды, заңдылық тұжырымдарын табу;
- педагогикалық құбылысқа дұрыс дигностика жасау;
- негізгі педагогикалық міндетті белгілеп, оның оңтайлы шешімдерін анықтау;
-педагогиканың
мақсаттары мен міндеттерінің қозғалмалылығы
- педагогикалық мақсатқа жету тәсілдерін іріктеу;
-ауытқушылықтардың мүмкіндігін және керек емес құбылыстардың нәтижесін болжау;
- педагогикалық үрдістің сатыларын анықтау;
- уақытты бөлу;
- оқушылармен бірге өмір іскерлігінің тәсілдерін жоспарлау;
- мақсат пен мазмұнды нақты педагогикалық міндетке аудару;
- оқушылар іс-әрекетінің
мазмұнын іріктеу және міндеттерін анықтау барысында олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, материалдық базалық мүмкіндіктерін, өзінің тәжірибесі мен жеке ісінің сапасын ескеру;
-педагогикалық үрдістің әр сатысына арналған міндеттің кешенін анықтау;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz