ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ




Презентация қосу
Қазақ халқының сәулет
өнері және қолөнерінің
тәрбиелік мəні
Жоспар
1.Өнер мəдени феномен ретінде.
2.Моңғол шапқыншылығына дейінгі
сəулет өнерінің және қолөнердің
өркен жаюы ( YI-XIIғ.ғ.)
3.Орта ғасырдағы (IX-XIII ғ.ғ.)және
XIY-XYIII ғасырдағы сəулет өнері.
Айша бибі мазарының қабырғаларының қалыңдығы
80 см

Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы
сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші.
Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша
бибі ауылында орналасқан. Сырты
керамикалық плиталармен қаланып, ойып
жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан
түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа
мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер
ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті
қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң
қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің
уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында
сақталған.
Ахмет Йасауи ескерткіштің
ені 46,5
Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген
Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі
гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен
жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет
Иасауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі
46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа
пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан.
Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген.
Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі,
діни кітаптар, шежірелер сақтаулы
Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан
сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі
Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене
Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан
Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына
орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің
төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен
өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-
жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы
оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып,
орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған.
Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны
Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі
салынған кесене алғашқысына ұқсамайды.
Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас
болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп
қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық
Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады.
Қазақстанның жеті кереметі:

1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
2. Тайқазан
3. Айша бибі мазары
4. Тамағалы кешені жартас суреттері
5. Алтын Адам
6. Домбыра
7. Күлтегін ескерткіші
Киіз үй тарихы
Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір
жетістігі — киіз үй. Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін
ғалымдар дәлелдеп отыр.
Көшпелі сақтар бұдан екі жарым-үш мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі.
Көшпелі сақтарда үлкен арбаның үстіне тіккен (орнатқан) киіз жамылғылы
баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. I мыңжылдықтың соңында
Қазақстан жерін жайлаған ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен
жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр. Одан екі-үш ғасыр ертерек кезеңге
жататын Алтайдың Пазырық қорғандарынан табылған киіздердің қазақ киіздеріне
ұксастығы таңғалдырады.
Жиналмалы керегесі бар, уық, шаңырағы бүгінгі қазақтың киіз үйіне ұқсас
жылжымалы баспана түркі заманында толық қалыптасқан болуы керек.
Орхон—Енисей көне сына жазбаларында киіз үй ұғымын білдіретін «керагу» деген
сөз кездеседі. Көне түркілердегі киіз үйдің «керегу» атауы кейінгі қазақтарда да
сақталған. Қазақ кейде киіз үй атауының баламасы ретінде «кереге» деген сөзді де
қолданады. Бұл әдет көбіне шығыс өңірі қазақтарында жиі кездеседі.
Монғолдар керегесі бар киіз үйді түркілерден шамамен XIII ғасырда қабылдаған. XV—
XVI ғасырларда Еуразия даласында киіз үйдің екі түрі
— түркілік және монғолдық түрлері қалыптасады. Киіз үйдің түркілік түрі уығының
иіні қайқылау болуына байланысты жатағандау болып келеді, ал монғол киіз үйінің
уығы тіктеу, төбесі конусқа ұқсас шошақтау болады.
Қазақтың күнделікті өмірде пайдаланған үйлері дәулетіне қарай төрт қанаттан сегіз
қанатқа дейін болған. Әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда, салтанатты
орда үйлері 12,18, тіпті 30 қанатқа дейін болған. XVIII—XIX ғасырларда қазақтың
сұлтандары, атақты билері екі үйді қатар тігіп, арасынан керегеден дәліз жасап екі
бөлме етіп те пайдаланған. Кереге желкөз және торкөз болып екі түрге бөлінеді.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ
КИІМДЕРІ
Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер
болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі
киініп жүретін болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік
қызмет атқарған. Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын
ажырататындықтан да «жат жерде тонсыйлы» деген ұғым қалыптасқан.
Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене
балалардың, бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың
киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері
және аяқ киім болып бөлінеді.
Ерлердің киімі — ішік, тон, шапан, шалбар (сым) жөне өте көне заманнан XIX
ғасыр мен XX ғасырдың басына дейін келіп жеткен түрі — кебенек, күпі, жарғақ
(тайжақы).
Ішік — иленген теріден жүні ішіне қаратып тігілген қыстық
киім. Ішік бағалы аң терілерінен тігілетіндіктен бұлғын
ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік деп бөлінеді.
Ішіктер кейде етек-жеңіне алтын, күміс зер ұсталған, оқалы,
шет-шеті жұрындалған қайырмалы болып келеді. Ішікті жол
жүргенде, той-жиынға көбірек пайдаланады.

Toн — иленген теріден, көбінесе
қой терісінен тігілетін киімнің бip
түрі. Тон жіліншікке, одан төмен
толарсаққа дейін түсетіндей етіп
жасалады.
Шапан — ішіне жүн, мақта тартып, қалың матадан
тігілетін киім. Шапан қыстық, жаздық болып бөлінеді.
Жұқалау етіп тігілген жаздық шапанды жадағай
шапан дейді. Шапандар қайырма жағалы, кейде тік
жағалы болады. Көпшілік жерлерде өңірі үшкілденіп
ашық қалдырылатын шапандар тараған. Жиын-тойға
киетін шапандар түрлі түсті жібек жіппен кестеленіп,
зер салынған. Шапанда түйме болмайды, мата
белбеумен, не сырылып жасалған белбеумен
қусырылады.

Шекпен түйе жүнінен жасалған матадан тігілетін
сырт киім, ол астарсыз болады.
Ерлер бас киімі — тымақ, бөрік, тақия, қалпақ, жалбағай.

Тымақ — қыстық бас киім. Ол
пайдаланылған терінің түріне қарай
түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең
тымақ болып бөлінеді.

Бөрік — қыста да, жазда да киілетін бас киім.
Қыстық бөрік қалың жасалып, жиегіне елтірі не
аң терісі жапсырылады. Қалпақты қазақ көбіне
көктем, жаз, күз айларында киген.

Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі.
Тақияның түрлері көп. Биік төбелі,
тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия.
Ерлер аяқ киімі — мәсі, етік, саптама, кебіс, шақай (шоқай, шәрке) болып бөлінеді.

Етік — қонышы жіліншікті жабатын, басы өңделген
сиыр, жылқы терісінен, қонышы қой, ешкі терісінен
тігілетін, табаны қалың, жайпақ өкшелі аяқ киім. XIX
ғасырдың орта шенінен бастап етікті фабрикада
өңделген былғарыдан тігетін болған.

XVIII—XIX ғасырларда кең қолданыста болған аяқ
киім — саптама. Оның өкшесі биік, басы қайқылау
болып, қонышы тізеден асатын бұл қыстық аяқ
киімді киіз байпақпен киген. Мәсі — жұқа теріден не
былғарыдан жасалатын жұмсақ табанды, өкшесіз аяқ
киім. Оны көбіне үйде киіп, далаға шыққанда
сыртынан галош сияқты затты табанды,өкшесі
былғары аяқ киім -кебіс киген. Кедей адамдар,
бақташылар қой терісінен тігілген, киіз байпақпен
киілетін жеңіл аяқ киім киген.
Қамзол
18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған
ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер 19 ғасырдың
ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана
емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі.
Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі
жылулық, әрі сәндік міндеттерін атқарады. Қамзолдар
астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен
жағалары тас, оқа, күміс тиындарымен
(сөлкебай)әшекейленген, бұйымдар қадап, әртүрлі
әткеншектер ілінген.

Көйлек – әйелдерге арналған киімнің бір
түрі (Қазақстанның кейбір аймақтарында
ерлер жейдесін де Көйлек деп атайды).
Қыздар мен әйелдер Көйлекгін бүрмелі, тік
етек, қос етек, үш етек, көп қатарлы деген
бірнеше түрге бөледі.
Бөрік - Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі ,
оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді .
Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне
қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік,
кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б.
деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді .

Сәукеле — әйелдің бас киімі, оны
ұзатылған қыздар және оның жанына
еріп жүретін құрбылар киген.
Сәукеленің негізгі бөліктері — тәж,
төбе, құлақбау және артқы бойы.
Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді
болып келеді.

Кимешек
Жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн
бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан
тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы,
өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін
шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.
Қазақ әйелдерінің аяқ киіміне мәсі, етік, кебіс жатады.

Мәсі жұқа теріден тігілетін өкшесіз жұмсақ
аяқ киім. Оны көбіне үйде киеді.

Ертеде қазақ әйелдері мәсінің сыртынан кебіс киетін.
Кебісті кейде байпақпен де киген. Кебіс дегеніміз —
былғарыдан жасалатын калош сияқты, бірақ өкшесі
болатын, табаны қалың аяқ киім.
Әйел етіктері де былғарыдан тігіледі. Етік сыртқа
киетін аяқ киім, оның міндетті түрде өкшесі болады.
Кейде әйелдер етігіне ою-өрнек бастырады.
Сақина – жүзіктер. Сақина, жүзіктерді сиқырлы күші бар заттар деп
қарастыру Шығыста кеңінен таралған түсінік. Кез келген әйел ас
тазалығы үшін күміс сақина не жүзік салып жүруге тиіс болды. Бұл
ретте қазақтың: «Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» -
деген қағидасы бар.
Сақина – жүзіктердің үш – төртеуі әдетте сәндік үшін киілген. Ал
үлкен айтулы жүзіктерді мереке – тойларда егде әйелдер тағып
шыққан. Қазақ халқы нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге
тастап: «Баланың күні күмістей жарық болсын» деп жоралғы жасаған
екен. Сақина мен жүзіктің киелігі мен қасиеттілігіне сену ғұрпы
Шығысқа кең тараған түсінік.

Құдағи жүзіктер. Батыс Қазақстандық «құдағи жүзіктер» екі
бастаудың, екі шаңырақтың ілік жекжат болуын бейнелейді. Бұл
жүзікті келінге деген жылы қабағы, қамқорлығы үшін қыз
шешесі құдағиына салады.

Алқа. Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі . Ол
бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше
төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп
тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен
безендіріледі.
Сырғалар. Әшекейлердің тіл – көзден сақтау қасиеті бар деген түсінік ертеден қалыптасқан.
Солардың көнеден келе жатқандарының бірі – сырға. Ол әйел затының бала кезден бастап
өмірден өткенше тағып жүретін әшекейі. Сырғалардың көптеген түрлері бар. Ширатпа
сырғалар шебер әшекейленгендігімен әрі нәзіктігімен ерекшеленеді. Ол жеңіл келген, қиюы
жарасқан ширатпа сырғалар қоңырау қалыпты салпыншақтарымен жақсы үйлеседі. Халықтың
көне діни сенімімен астарланып жатқан ай сырғалар бұрын да, бүгін де кеңінен таралған.
Пішіміне орай бұл сырғалар космологиялық – ғарыштық нақыштармен әшекейленген. Ұзын
шынжырлы ілдіргілерге бекітілген дөңгелек бітімді сырғалар да өте сәнді көрінеді.
Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды
қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл
болған.

Білезік. Білезік әдетте бір қолға кейде екі қолға да тағылады.
Білезіктер жәй және топсалы болып бөлінеді. Сондай – ақ саусақтарға
тағылған жүзіктердің білезікпен қоса жасалуы «бес білезік» деп
аталады. Білезіктің ашпалы – жаппалы түрін қақпақ білезік дейді.
Иіліп істелетін жұмыр білезіктердің екі қоспасын кигенде жыланның
бас пішініне келтіріп, ортаңғы бөлігін жуандау етіп жасайды. Формасы
ХХ ғасырда қалыптасқан сағат білезік түр ерекшелігімен
қызықтырады. Қыздардың тағуы үшін нәзік те сымбатты өрнектеліп
жасалатын жұқа селдір білезіктердің іс –мәнері де арнайы атап өтуге
тұрарлық.

Шолпы, шашбау. Халық арасында «Адам жанының бір ұшы шашының
арасын мекендейді» деген наным сақталған. Сондықтан да шолпының
ұшына бәле – жаланы маңайлатпайды деп қоңыраулы сылдырмақ тағатын
болған. Шолпы, шашбаулар бір жағынан әшекей болып саналса, екіншіден,
қыз шашының ұзындығы мен қалыңдығын көрсетіп тұрады. Шашбау асыл
тастар мен күміс теңгелерден, ортасына ақық орнатылған шілтерлі майда
таналардан құралып, қыз бұрымының ұшына тағылады.
Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын заттың бірі –
түйме. Шебер зергерлер бойжеткен қыздың немесе батырдың
түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп,
оюлап жасайды. Дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш түймелер
істелген. Түйменің сабағы, сағағы жоғын тана деп атайды.

Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер, шебер болуы
үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі
оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине
тоқтар жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс
бау да тағылған. Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан
көйлек, камзол т.б. іш киімдер тігуде қолданады.

Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты –
түйреуіш. Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және
оқшантайлы белбеу буынған. Қазақ әйелдері алтындаған,
күмістеген, әрі жіңішке әрі жібекпен шеккен, шығыршықты ілмекті
үзбелі белбеу тұтынған. Оның қалай және неден істелгенін, қалай
әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын
білдіреді.Оның қалай және неден істелгеніне байланысты
«шығыршықты белбеу», «мақпал белбеу», «дүрия белбеу» т.б.
аттары бар.
Сауыттармен қатар кеудеге, арқаға, иыққа дөңгелек болат тақталар
байланатын. Осындай қорғаныс құралын шарайна деп атаған.

Дулыға — басты қорғайтын бас киім. Олардың бөрік пішіндісі, қалпақ
пішіндісі, телпек (тақия) тәріздес және күләпара пішіндес түрі болады.

Қалқан да ертеден келе жатқан құрал. Ол сақтардан бері белгілі. Ат
үстінде соғысуға арналған көшпелілер қалқаны кішкене, жеңіл
болып келеді.
Бұлардан басқа адамның ашық қол-аяғын қорғайтын сауыт, атты
қорғайтын ат сауыты да аса жиі болмаса да ерте қазақтарда
кездесіп тұрған. Сонымен қатар сонау сақтардан бастау алып,
кейінгі қазақтарға дейін жеткен ат томағасы да бар. Бұл ат
басының маңдай алдын, екі шекесін, төбесін жауып тұратын
қалқан.[1]
Ертоқым немесе ер тұрман
Ғаламның дамуына бабаларымыздың үзеңгіні
ойлап тапқаны негіз болған деп көпіреміз.
Славяндар шәркей киіп жүргенде біздер
бұтымызға тері шалбар киіп ат ертегенбіз деп те
мақтанамыз. Бабаларымыздан қалған ат
әбзелдерін тарата отырайын.
Жылқыны жайдақ үйреткен көшпенділер, оған
жайлы болу үшін ертоқымды да ойлап тапқан еді.

Ер тоқымның құрамына: терлік, киіз тоқым,қайыстан өрілген айыл-тартпа,үзеңгі,құйысқан,
өмілдірік және көрпеше мен қанжыға кіреді. Осының бәрі ағаштан ойылып жасалған қаңқаны
толықтырып ер-тоқым атауына ие болады.
Терлік-аттың арқасына жабылатын көлемі тоқымнан сәл үлкен терді сорып тұратын материалдан
даярланады. Қазіргі кезде бұл материалдың рөлін одеяло ойнап жүр.
Тоқым-көлемі терліктен кіші ердің қаңқасының екі қапталына өлшеніп қиылған киіз.Төрт бұрышты
болып келеді. Бұл аттың арқасын ағаш ер жауыр қылмау мақсатында төселеді.Терліктің үстіне
тоқымды қойып, терліктің артық қалған бөлігін киіздің үстіне қайырып қоямыз (алдыңғы жағынан
қайырылады «связка» ретінде).
Көңіл бөліп
тыңдағандарыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ халқының ұлттық киімдері ерлер киімдері және әйелдер киімдері
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті
Қазақ халқының ұлттық киімі
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Қазақ ұлттық киімдері
Дәстүрлі киім үлгілері
Қазақ халқы әйелдерінің ұлттық бас киімдері
Қазақ халқы
Пәндер