Күлтегін жырының басты идеясы - Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету


Slide 1

Күлтегін жазба ескерткіші

Slide 2

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д. Г. Мессершмид, т. б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.

Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.

Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М. Жолдасбеков пен Қ. Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.

Л. Н. Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі

Slide 3

Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

Slide 4

Күлтегін

Күлтегін (684-731 жж. ) - Құтлық(Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ашина тектi.

Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 жж. ) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж. ) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж. ) алады.

Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды.

Slide 5

Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түрік еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді:

Slide 6

Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,

Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,

Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,

Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,

Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,

Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,

Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,

Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.

Slide 7

Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы - Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы - Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі - руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.

Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі - Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.

Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.

Slide 8

Ескерткіштегі тілдік ерекшеліктер

Фонетикалық ерекшеліктер

Дыбыс алмасу

Күлтегін йадағын оплайу тегді

Күлтегін жауға жаяу ұмтылды (тиді)

Йада//жау й//ж;

Оң тутук йорчын йарақлығ елігін тутды

Оң тұтық басшыларын жарақты нөкерлерімен қолға түсірді

Тутук//тұтық у//ы; у//ы

Жарақты//йарақлығ й//ж; т//л

Slide 9

Йарақлығты қағанға анчулады

Жарақтыларды қағанға еншіледі

Йарақлығты//жарақтыларды й//ж; л//т; т//д

Анчулады//еншіледі а//е; ч//ш; ы//і

Ол сүг анта йоққышдымыз

Ол әскерді сонда жоқ еттік

Анта//сонда а//о; т//д

йоққышдымыз//жоқ еттік (қылдық) й//ж; ш//л;

Бір отуз йашыңа Чача сеңүнке сүңүсдіміз

Жиырма бір жасында Чача сеңүңмен соғыстық

Йашыңа//жасында й//ж; ң//н

Сүңісдіміз//соғыстық ү//о; ң//ғ; і//ы; д//т

Slide 10

Ең ілкі Талықын Чордың боз атығ бініп тегді

Ең ілкі Тадықын Чорлың боз атын мініп тиді

Талықын//Тадықын л//д;

Атығ//атын ғ//н;

Бініп//мініп б//м;

Тегді//тиді е//и

Ол ат анта өлді

Ол ат сонда өлді

Анта//сонда а//о; т//д

Антағ//сондай ғ//й;

Slide 11

Дыбыстың жалғануы немесе түсіп қалуы

Тегді //тиді г-түсіп қалған

Йарақлығ //жарақты ғ-түсіп қалған

Чорың//Чордың д-қосылған

Анта//сонда с-жалғанған

Бегің//бектің т -жалғанған

Торығ//торы ғ- түсіп қалған

Slide 12

Орхон жазбалары тілінде орын алған сингармонизм құбылысы, яғни көп буынды сөздердің алдыңғы буынындағы дауыстының жуан-жіңішкелігі соңғы буындарға әсер ететіндігі (сөздің біркелкі, бір қатарлы дауыстыларды қабылдайтыны:бäглäр, білгä, өлум сансыз, атлығ), алғашқы буынында еріндік дауысты дыбыс келетін сөздердің екінші буынында еріндік емес, езулік дауыстының келуі (бунсыз, оғлына, тутдым; буңсуз, оғлуңа, тутдум емес), сөз буындарының құрылымдық +типтері (дауысыздардың орналасу тәртібі: дауысты + дауыссыз + дауысты, дауысты+ дауыссыз, дауыссыз+дауысты+дауыссыз), ғ, г, п, р дыбыстарының сөз - осылардың барлығы қазіргі қазақ тіліндегі әдеби нормаға сәйкескеледі.

Slide 13

Морфологиялық ерекшеліктер

Септік жалғаулары

Атау септігі - арнайы қосымшасы болмаған, бірақ синтаксистік қызметіне қарай ажыратқан.

Ол амты анығ йоқ турк қаған Өткән йыш олурсар, ілта буң йоқ

Ілік септігі - ның, ң

Барыс септігі - ға, ге; гару, геру; ару, еру

Біргөру кун ортусықару

Табыс септігі -ып, іп

Жатыс септігі - да, де

Амал әрекеттің орындалғанын білдіреді

Заттың немесе объектілік мағынаны білдіреді

Мекендік мағынаны білдіреді

А. М. Щербактың пікірінше, шығыс септігінің мағынасын жатыс септігі формасымен берілген

Slide 14

Басшы//йорчы зат есім тудырушы жұрнақ

Йарақлығ//жарақты сын е. т. ж

Тутты//қолға түсірді ж. ө. ш.

Йоққышдымыз, сүңісдіміз// жоқ қылдық, соғыстық ж. ж 1-ші жағы көпше түрі

Йорчын, йарақлығты//басшыларын, жарақтыларды - көптік жалғау жоқ

Шылаулар

қоды//бойы; азу//әлде; тегі//дейін

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Орхон Енисей ескерткішінің ашылуы
Күлтегін жазба ескерткіші
Тоныкөк ескерткіші
ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНДАР - ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Ежелгі дәуір әдебиеті
ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ - Енисей өзені бойында табылған, ежелгі түркі сына жазуымен жазылған ескерткіштер
Бәдіздердегі жырлар ( Тастағы жазулар- «руна») туралы зерттеулер»
Шығыс Түрік қағанаты
Қапаған қаған туралы
ҚАЗАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК ҒҰМЫРЫ ҰРПАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz