Азық сақтаудың өндірістік сипаттамасы


Slide 1

Азық сақтаудың өндірістік сипаттамасы

Slide 2

Жемшөп консервілеу

Жемшөп консервілеу - (консервирование кормов) мал азығын сақтау жағдайын туғызу. Жемшөп қорын толықтыру үшін дайындалған азықты бұзылмайтындай жағдайда сақтау қажет. Органикалық заттар түрлі микроорганизмдер тіршілігінің салдарынан ыдырап бұзылатындықтан, дайындалған жемшөпті сақтау үшін сол микроорганизмдер тіршілігін тежеу қажет. Оны бірнеше жолмен іске асырады. Мысалы, пішенге кептіріліп, сусызданған шөп торшасының сыртқы қабығы қатайып, ішкі шырынын бактериялардың сорып, пайдалануынан сақтайды. Сүрлемге салынған азықта сүт қышқылы жиналып, орта реакциясы рН = 4-4, 2 көрсеткішіне дейін қышқылдануынан, микроорганизмдер тіршілігі тежеліп, сүрлем ұзақ мерзімде сапалы сақталады. Пішендемеге салған жемшөпте мұңдай қышқылдық орнамағанмен (пішендеме рН = 5-5, 5 тұщы мал азығы), көмірқышқылы газы жиналған анаэробтық ортада 45-55% ылғалдылықтағы «физиологиялық қүрғақтық» жағдайындағы өсімдік торшасының ылғал ұстаушы күші бактериялардың 50-52 атмосфераға тең сору күшінен басым түсіп, пішендеме сақталуын қамтамасыз етеді. Сайып келгенде, ж. к. - сақталатын жемшөпті бұзатын бактериялар тіршілігін тежейтін орта орнатуға бағытталған. Ол ортаны жасанды түрде орнатуға болады. Айталық, жемшөпті химиялық әдіспен консервілеуде бактерияларға қолайсыз кышқыл ортаны әр түрлі тұз, күкірт секілді анорганикалық және сірке, құмырысқа, пропион секілді органикалық қышқылдар не олардың қосындысының ерітінділерімен орнатуға болады.

Slide 3

Ірі азықтың

сақтауын

қамтамасыз ету үшін

жеңіл қолжетімділікті жойып,

оларды қоршалған, күзетілетін

жерге орнату

тұрғын құрылыстарына

жақын қора шатырларында

шөпті жаю тыйым салынады

шөпті мүмкіндігінше

жанбайтын затпен жабу

шөптің жану кезінде

бірінші минуттардан бастап

оны сөндіруге асығу керек

шөпті көлікпен әкелу б

арысында оны салу ұзындығы

4, 5 метрден аспауы керек

құрылыстарға, үйлерге және

басқа да шөпшемелер мен

маяларға өртке қарсы

алшақтықты қамтамасыз ету

электр беру құрылғыларының

әуе желілеріне қауіпсіз

қашықтықты қамтамасыз ету

орналастыру орындарының

қасында өртті сөндіру

үшін су қорын қамтамасыз ету

және қолжетімде жерде

өрт сөндіру құралдарын

ұстау қажет

Slide 4

Сүрленетін өсімдіктерде әртүрлі микроорганизмдер өніп-өсуі барысында, азықтың малға беруге даяр болуына дейін белгілі бір фазалар болатыны анықталды. Оны шартты түрде үшке бөледі:

Аралас микроорганизмдер тіршілік ету фазасы.

Негізгі ашу фазасы.

Ашудың соңғы фазасы.

Сүрлемге салынған өсімдіктер нығыздалады, өсімдік торшаларының тургорлық қысымы жойылып, ортаға шырын бөлінеді. Ол барлық микроорганизмдер үшін өте қолайлы қоректік зат. Дәл осы кезде азықтағы барлық микроорганизмдер (шіріту, сүт қышқылы, газ түзуші, т. б. ) өніп-өсе бастайды.

Мұнда басты рольді сүт қышқылы бактериялары атқарады. Олар азықты тез арада ашытып, басқа микроорганизмдер тіршілігін басып тастайды. Бұл әрине азықтағы оңай ашитын қанттың жеткілікті болуына байланысты. Егер де қант аз болса, ашу үдерісі баяулап, азықтың қышқылдану мерзімі ұзаққа созылып кетеді.

Сүт қышқылы ашу үдерісін қоздырушылар бірте-бірте тіршілігін жоя бастайды. Сүт қышқылының белгілі бір концентрациясы, сүт қышқылы бактерияларының өздеріне жойқын әсер етеді. Мұнда сүрлемнің рН көрсеткіші 4, 2-ге жетеді. Осы келтірілген деректерге сүйене отырып, оларды сүрлем даярлау кезінде мұқият ескеру қажет болады.

Slide 5

Өсімдіктерді сүрлену дәрежесіне байланысты

Оңай сүрленетін өсімдіктер

Сүрленуі қиын өсімдіктер

Жеке сүрленбейтін өсімдіктер

Бұл өсімдіктердегі қант мөлшері, сүрлемге қажетті қышқыл түзуге керекті қант мөлшерінен әлдеқайда көп болады. Екінші сөзбен айтқанда, азықтардағы қант мөлшері «қант минимунынан» артық. Оларға: жүгері, африкалық тары, құмай, судан шөбі, күнбағыс, капуста, қарбыз, сұлы т. б. жатады

Мұнда сүрлемге қажетті сүт қышқылы түзілетін қант мөлшері өсімдіктердің сүрленуіне жеткілікті мөлшерде ғана болады. Оларға: сиыржоңышқа, қызылбас беде, картоп және қант қызылшасы, сабақ-жапырақтары, қамыс, жусан т. б. өсімдіктер жатады. Өсімдіктердегі қант толық сүт қышқылына айналады. .

Бұл өсімдіктерге сүрлемді шіруден сақтап тұратын сүт қышқылын түзуге қажетті қант жетіспейді. Оларға жантақ, мия, қалақай, соя, қызанақ, қауын және қарбыздың жапырақ-сабақтары жатады. «Қант-минимумы» теориясының дұрыстығын еліміздің көптеген ғылыми мекемелерінде жүргізілген тәжірибелер дәлелдеді.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Қоймалық технологиялар
Астық массасы туралы түсінік. Астық сапасы мен жағдайы
Астық массасын сақтаудың негізгі тәсілі - үйіндіде сақтау
Кәсіби денсаулықты сақтау
Жүгеріні сақтау ерекшеліктері
Қорлардың типтері
Нормалық кему
Консервілерді стерильдеу
Экологиялық биотехнологияның міндеттері
Кондитерлік кафесін ашудың бизнес жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz