Дюрердің көркем тілі күрделенген, аллегориялы


Slide 1

орта ғасыр(ресанс, готика)

Slide 2

XV ғ. маңызды өнертабысы - баспа станогы. XVI ғ. ортасында ол Европаны жаулап алады. Шіркеудің жазба тілін тарату монополиясы қирады. Ақсүйектер және ғылыми-техникалық әдебиетті шығару мүмкіндігі ашылды. 1500 ж. Германияның, Голландияның және Швейцарияның 26 қаласында 1100 баспахана болды, олар көбінесе гуманистік әдебиеттердің 10-12 млн. данасын шығарды.

Slide 3

XV ғ. бірінші жартысында итальян Қайта Өрлеуінің гуманизмі қазіргі Голландия мен Бельгияның территориясын алып жатқан Нидерландыда айқын көрінді. Нидерланд қалалары итальяндық қалалар сияқты саяси еркін болмаса да, байып, беки түсті. Оның ішінде халықаралық сауда орталықтары Брюгге, Антверпен де болды.

Slide 4

Нидерландыда Италиядағыдай гуманистер әлемдік жауыздықтың өміршеңдігін және бүкіл жерге тарағандығын байқады. Үміті үзілген адамдар мистикалық ілімдермен, изуверлік секталармен, сиқырмен айналысты.

Бұл көңіл-күйлерді Иероним Босх өз шығармашылығында көрсете білді. Адамзат кеселдерін суық қанды талдау және аяусыз гротеск оның «Ақымақтар кораблі» картинасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді.

Slide 5

Нидерланд Ренессансының шыңы Питер Брейгельдің (1525-1569 ж. ж. ) шығармашылығы болды. Деревнядағы мерекелер, жәрмеңкелер, билер тақырыбындағы жанрлық туындылар, нидерланд деревнясында испандықтар ұйымдастырған кескілесу бейнеленген «Сәбилерді Вивлиемде ұру» және «Соқырлар» тәрізді соңғы жылдардағы трагедиялық туындылар Брейгель-суретшіге даңқ әкелді.

Slide 6

Дюрер бейнелері күшті және зерделі, сонымен қатар қалың ой мен күмәнға толы. Онда Рафаэльдің немесе Леонардоның айқын үйлесімі жоқ. Дюрердің көркем тілі күрделенген, аллегориялы. Суретші шығармашылық жолының басында гравюра өнерімен көп айналысқан.

Дюрер жауһарларына «Апокалипсис» нақыштары сериясының 15 беті жатады, онда ақырзамандағы сәуегейлік бейнеленген.

Slide 7

XVI ғ. Европа мәдениетінің ірі оқиғасы Реформация болды. «Реформация» сөзімен XVI ғ. жаңа христиандық діни оқулардың қалыптасуымен байланысты Европа және әлем тарихының ірі құбылысын белгілейді, осы кезде католицизмнен діндарлардың көбінің кетіп қалуы, рим-католик шіркеуінің ажырауы, жаңа христиан шіркеулерінің және шіркеулік емес діни қоғамдардың құрылуы болды.

Slide 8

Реформацияның хронологиялық шеңберлері Европаның әр елдерінде әр алуан болды, бірақ Германияда 1517 жылы индульгенцияға қарсы тезистермен шыққан Мартин Лютердің (1483-1546 ж. ж. ) сөзі оны басы болып саналады, ол Виттенбергск университетінің теология профессоры.

Slide 9

Эразм Роттердамский «Христиан жауынгеріне өсиет», «Ақымақтықты мадақтау», «Әлем арызы» туындыларында, «Қымсынбай әңгімелесу» сұқбаттарында және басқа көптеген хаттарында схоластика, клира, көпшілік ырымшылдықты сынаудың жоғары көркем үлгілерін берді.

Slide 10

Реформацияның екінші ірі орталығы Швейцария болды, онда жаңа христиандық ілімдерді жасаушылар Ульрих Цвингли және Жан Кальвин болды. Кальвин бірінші болып діни утопияны жүзеге асыра бастады, лютерандылықты аяғына дейін жеткізді: казармалық протестантизмді құрды. Пртотестанттық қала бейнесі - бірдей өлшемдегі үйлер, фасадтардың безендірілмеуі.

Ульрих Цвингли

Жан Кальвин

Slide 11

Бір қатар елдерде Реформацияны корольдік өкімет «жоғарыдан» жүргізді (Дания, Швеция, Англия), немесе мүлдем жүргізілмеді (Испания, Италия) .

Slide 12

Елдің рухани өмірі үшін басқа жұбаныш испан театры болды. Оның жоғары жетістіктері атақты испан драматургы және жазушысы, 2000-нан астам шығармалардың авторы Лопе де Веганың (1562-1635 ж. ж. ) есімімен байланысты.

Slide 13

XVII ғасыр Испания үшін көрнекті суретшілер шоғырын сыйлады.

Доменико Теотокопули (1542-1614 ж. ж. ),

Хосе Рибейра (1591-1652 ж. ж. ),

Франсиско Сурбаран (1598-1664 ж. ж. ),

Эстебан Мурильо (1617-1682 ж. ж. ),

Веласкес (1599-1660 ж. ж. ) .

Slide 14

Реформациямүмкіндік жасады:

Slide 15

Феодальды күштер мен контрреформация жеңіп шыққан елдерде барокко өнері туды. Қала алаңдары, сарайлары, сатылары, фонтандары, қалалық және қала маңындағы резиденциялар сәулет пен мүсіннің синтезі негізінде салынған.

Slide 16

Италиядағы барокконың ең жоғары жетістігі сәулетші және мүсінші Джованни Лоренцо Бернинидің (1598-1680 ж. ж. ) есімімен байланысты. Оның басты туындылары Римдегі Санта Мария делла Виттория шіркеуіндегі «Қасиетті Тереза экстазы» альтарлық бейнесі, қасиетті Петр соборының керемет колоннадасы болып табылады.

Slide 17

Готика (гр. γοτθικο) - Еуропа (әсіресе, Батыс Еуропа) елдерінің сәулет өнерінде 12 ғ-дың 2-жартысында пайда болып, 16 ғ-да кең өріс алған стиль.

Шартты түрде герман тайпалары - готтардың есімімен аталып кеткен. Готиканы орта ғасырлардағы қалалық және сарайлық мәдениет тудырады. Ол роман стилінің орнын басты. Готика стилі шіркеу сәулет өнерінде кең қолданылды. Сондай-ақ, ақсүйектер қауымы құрылыстарын (ратушалар, сауда орындары), қамалдар, тұрғын үйлер салуда да маңызды орын алды. Готика стилінде салынған ғимараттар зәулім биіктігімен, әсем нақыш, асқан сән-салтанатымен көз тартады. Олар бағана қатарына иек артқан сүйір арқалы, ғимараттың ішкі төбесін шатырлауда (күмбездеуде) үлкен үйлесім тапқан айқыш уықта (нервюра) болып келеді. Бүйір қабырғаларға жанастыра салынған тұғыр бағаналар (контрфорс) шатырмен жартылай арқа (аркбутан) арқылы байланысады.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ әдеби тілі
Сөйлеу қабілетінің дамуы
Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту
Олигофренияның патоморфологиясы
Есту қабілеті бұзылған балалар
Шығарманың тілі
Көркем шығарманың тілі
Тарихи морфология
Көркем әдебиет стилі
Көркем әдебиет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz