Балалар кітабы - тәрбиенің қуатты құралы




К. Д. Ушинский (1824-1870) - Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы.
К. Д. Ушинский
(1824-1870)

Негізгі идеялары:

К. Д. Ушинский идеялары (жалғасы)
Тәрбие мақсаты - белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау;
Ғылым мен мектептің дінге тәуелсіздігі;
Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің қоғамдық-тарихи сипатта болуы;
Басты міндеттердің бірі шовинизмді болдырмайтын елжандылыққа тәрбиелеу, адамзаттық борышқа тәрбиелеу, авторитарлықты жою;
Тәрбие жүйесі жағымды мысал негізінде, баланың ақылмен атқарған іс-әрекеті, оқушылармен өзара қатынас негізінде құрылады;
Ең маңыздысы оқушыларды оқуға үйрету («балаға белгілі білімді беріп қана қоймай, онда өздігінен, мұғалімсіз, жаңа білім алуға деген тілек пен қабілетті дамыту қажет») ; Оқудың тәрбиелік сипатта болу принципі (оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі) ; Оқыту процесінде жас ерекшеліктік және психологиялық ерекшеліктерді ескеру;
Оқытудың көрнекілік пен бірізділік (нақтыдан абстрактілікке қарай) принципін оқушы шамасына шақ негіздеу;
Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты - әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты.

Н. К. Крупская (1869 - 1939жж. )
Негізгі еңбектері:
“Халық ағарту ісі және демократия” (1915ж)
“Еркін мектеп туралы мәселеге”
“Семья және мектеп”
“Мектептегі өзін-өзі басқарушылық туралы”
«Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселесі»
«Ер балаларды «әйелдердің ісіне» үйрету қажет пе?».

Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге, ал одан соң оны жеткізе алатын болуға тиіс. Білімдерді оқушыларды қызықтыру үшін қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу, ең мәнді нәрсені екінші қатардағы мәселеден ажырата білу, осының бәрін нақты, мысалдар келтіре отырып, айтып беру- зор өнер. . . Бұл өте - үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлайтындай оншалық оңай емес.
Балаларды құрметтеу - олардың айтқанына көніп, айдағанына жүру деген сөз емес. Балалар өзінің тәрбиелік талаптарын бекем іске асырып отыратын педагогты құрметтейді.
Шама келмейтін тапсырмалар тек қана бұзады, өзінің міндеттеріне адалдықпен қарамауға үйретеді.
Кітап - еңбек құралы. Бірақ тек еңбектің ғана құралы емес. Ол адамдарды басқа адамдардың өмірімен және күресімен таныстырады, олардың сезімдерін, олардың талап-талпыныстарын түсінуге мүмкіндік береді, ол айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді
Ұйымдастыратын да, қожырататын да кітаптар бар, сондықтан кітаптарды таңдай білу төтенше маңызды.

Кітапхана көптеген ғасырлар бойғы адам тәжірибесі көрінетін кітаптарға толы. Маманға өзінің белгілі бір білімдер саласын зерттеу қажет. Бірақ қатардағы адамға осынау ұланғайыр білім теңізінен өмірге қажет, оған өзінің жеке өмірін, жеке еңбегін ұйымдастыруға, өзінің басқа адамдармен қарым қатынасын ұйымдастыруға көмектесетін білімдерді алу керек. Сондықтан осы білімдерден нені алуды, білім үшін, оның мақсаттары үшін күресуші адамға нені білуі керегін білу керек.
Кітаптар орасан зор мәнге ие бола тұрса да, бірақ олар өздігінен білім алудың бірден бір көзі емес. Кітаптардан ғана емес, сонымен бірге өмірден үйрену де барлық мүмкін болған нәрсені дәл солай алып отыру қажет.

Негізгі еңбектері:
«Ұстаздық дастан» немесе Педагогикалық поэма,
«Мұнара үстіндегі тулар»,
«Ата-аналар кітабы»,
«Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар»
«Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі»
«Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері» және т. б.
А. С. Макаренконың негізгі идеялары:
тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, әдістері, негізгі принциптері қарастырылған;
тәрбиелеушы ұжым теориясы педагогикалық процестің формасы ретінде;
ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтауы, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық мүщелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдарының бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу;
А. С. Макаренко (1888-1939жж. )

Негізгі еңбектері:
«Балаға жүрек жылуы»
«Павлыш орта мектебі»
«Ұжымның құдіретті күші»
«Мектептің жас директорымен сырласу»
«Ұлыма хат» және т. б.
Негізгі көзқарастары:
«Барлығы да балалық шақтан басталады, жасөспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» - деп есептейді;
балалар ұжымы - идеялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және ұйымдастырушылық қауым, балалар бірлестігі: «ұжымдық рухани өмір», «кластың интеллектуалдық фоны»;
дәстүр, фольклор, табиғаттың балаға тәрбиелік әсері маңызды;
балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жетістігі, әрбір баланың рухани өмірі мен дамуының ерекшеліктері туралы білімі терең болғанда ғана мүмкін.
В. А. Сухомлинский (1918-1970жж. )

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар, оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті. Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін, әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге, бойға сіңіруге шақырды.

"Кел, балалар, оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
1) Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
2) Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас. . .
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас. . .
Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі, халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында", - деп атап көрсетеді. ғалым Ә:дербісалин "Ы. Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру, білмсіз, еңбексіз байлықтың баянсыздығы т. б.
Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді. ("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т. б.

Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу» сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған «талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы» да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz