Сайлау жүйелері: төте және жанама сайлау, мажоритарлық, пропорциялық және аралас жүйелер


Slide 1

Тақырыбы:

Сайлау жүйелері

Slide 2

Көп елдердің саяси өмірінде сайлау рөлі мен мағынасы бірдей еместігі белгілі

Slide 3

Ресей Федерациясы

Конституциясының

3-бабына сәйкес

референдум

мен еркін сайлаулар

халық билігінің

жоғары көрінісі болып

саналады

Өзбекстан Республикасы

Конституциясының

10-бабында:

“Өзбекстан халқы атынан

тек Ұлы Мәжіліс пен

Республика Президенті

ғана сөйлей алады”, - деп

жазылған

Эстония Республикасы Конституциясының 56- бабында

бұл елдегі жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс

беруге құқылы азаматтары арқылы:

1) Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен;

2) Референдум жолымен (жалпыхалықтық дауыс беру)

жүзеге асыратыны жазылған

Slide 4

Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп, мемлекеттің

сайлауға қатысуға құқығы бар барлық

азаматтарының сайлауға қатысуын айтады.

Әлбетте, сайлауға соттар қабілетсіз деп танығандар,

сол секілді еркінен айрылып, түрмеде отырғандар

қатыспайды. Сондай-ақ кейбір елдердің

конституциялары мен заңдары мұнан басқа да

шектеулер ықтимал. Мысалы, Түркия Республикасының

Конституциясының 67-бабында “жалпыға бірдей

сайлауларға дауыс беруге нағыз әскери қызметтегі

солдаттар мен унтерофицерлер, әскери курсанттар

қатыса алмайды” деп көрсетілген

Slide 5

Тең сайлау құқығы.

Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар

негізінде қатысады

Төте дауыс беру.

Кандидаттарды

азаматтар

тікелей сайлайды

Жасырын дауыс

беру.

Сайлаушылардың өз

еркімен көңіл

білдірулерін

бақылауға алуға

тыйым салынады

Сайлау еркіндігі.

Сайлау азаматтардың

сайлауға және

сайлануға

байланысты

өз құқықтарын еркін

жүзеге асыруына

негізделеді

Slide 6 Slide 7

Сайлау жүйесі деп

сайлауға қатысқан сайлаушылардың

дауыс беруін

есептейтін заң тарапынан

белгіленген

есептеу тетігін айтады

Slide 8 Slide 9

Мажориталық (мажор - көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады

Өз кезегінде, мажоритарлық жүйе

төмендегі екі түрге:

берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына және берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно) басымдылығына бөлінеді

Slide 10

Абсолютті басымдылық жүйесінде сайлаушылардың 50 проценттен (50% +1) басымы дауыс бергенде кандидат сайланды деп есептеледі. 1958 жылдан бері мұндай жүйе Францияда бар.

Ал, салыстырмалы басымдылық жүйесінде басқа кандидаттардың бәріне қарағанда көп дауыс алу мүмкіндігіне орай жеңген кандидат сайланады. Мұндай жүйе өте көп таралған әрі көп қолданылады. Мысал ретінде АҚШ, Ресей, Индия, Ұлыбритания, Өзбекстан, т. б. көптеген елдерді атауға болады.

Slide 11

Тепе-теңдік (пропорциялық) сайлау жүйесінің можоритарлық сайлау жүйесінен айырмашылығы бар. Яғни, тепе-теңдік сайлау жүйесі басымдылық принципіне емес, қайта алынған дауыстар мен жеңіп алынған маңдаттардың тепе-теңдік принципіне сүйене жасалады.

Тепе-теңдік жүйе толық (яғни, сайлау округі болып бүкіл ел саналса) және шектеулі (яғни, елдің аумағында бірнеше округтер құрылған болса) болуы мүмкін. Тепе-теңдік жүйе бойынша Жапония, Бельгия, Италия, Норвегия, ФРГ, Швейцария және т. б. елдер сайлау өткізеді.

Тепе-теңдік жүйеде әрбір саяси партия сайланатын орынға өзі кандидаттарының тізімін ұсынады, ал сайлаушылар, әдетте, бұл тізімге тұтастай дауыс береді.

Slide 12

Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажориталық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен (тепе-теңдік жүйемен) жүзеге асыруды айтады.

Аралас жүйе, мысалы, Герман Бундестагына сайлауда ФРГ-де қолданылады. 1994 жылы 16 қазанда Бундестагтың кезекті сайлауында депутаттардың жартысы

(барлық депутаттар - 656) бірмандатты округтер бойынша көпшілікке бағынышты мажоритарлық жүйемен, ал екінші жартысы-тепе-теңдік жүйемен (саяси партиялардың тізімі бойынша) сайланды

Slide 13

Демократияның тікелей әрі маңызды

түрі референдум

болып саналады.

Осыған орай Өзбекстан Республикасы

Конституциясының 9-бабында:

«Қоғамдық және мемлекеттік

тұрғыдан ең маңызды да көкейтесті

мәселелер халықтың талқылауына

шығарылып, жалпы дауыс беруге

ұсынылады /референдум/

делінген


Ұқсас жұмыстар
Сайлау жүйелері: түрлері, қағидалары және Қазақстандағы ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорционалды және аралас жүйелердің салыстырмалы талдауы
Сайлау жүйелері және Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының құрылымы мен өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығының қағидалары
Сайлау жүйелері мен референдум: ұғымы, түрлері және халықаралық конституциялық тәжірибе
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: реформалар, құқықтық қағидалар және мажоритарлық жүйенің ерекшеліктері
Сайлау жүйелері: түрлері, принциптері және Қазақстандағы тәжірибесі
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: құрылымы мен сайлау органдары
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: ұйымдық құрылым және заңнамалық негіздер
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және 2012 жылғы кезектен тыс сайлау: Конституциялық негіздері мен сайлау мәліметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz