Билік түрлері




Презентация қосу
Саяси билік
Билік құбылыс ретінде
Саясаттануда саяси билік теориясы

негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз
байланысты және саясаттың, саяси
институттар мен барлық саясат әлемінің
мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді.
Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік,
ал мазмұны — билік үшін күрес және
билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті
ойшылы Ибн-Халдун адамның басқа жан-
жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін
күреседі деген.
Биліктің ең алдымен басқару мен

басқалардың әрекетіне басшылық жасау,
оларды өз еркіне бағындыру қабілеті.
«Билік- жалпы мағынада-қандай да бір
құралдың-беделдің, құқықтың, күш
көрсетудің көмегімен өз еркін жүзеге
асыру, адамдардың қызметіне , жүріс-
тұрысына анықтаушы әсер ету қабілетімен 2
Билік түрлері
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі
анықтамалар мен тұжырымдамалар бар.
1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір
мақсатка, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету
мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын
фәлсафашысы Т. Гоббс (1588— 1679) билік
болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі
өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп
басқа адамдардың жүріс-түрысын, өзін-өзі ұстауын
өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеггің ерекше
түрі.
3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір
кұралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу
сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі
деп біледі. Мәселен, Американың белгілі
саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік
бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-
әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді
дейді. 3
4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен
бағынушының арасындағы катынастың ерекше тұрі деп
ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан
әміршіл, баскарғысы келіп тұратын болады, ал
басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп,
басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды
дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік
қатынастары туады.
5. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал
жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мумкіндік,
шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға
тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы
көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге
тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге
бағытгалған іс-әрекет дейді.
8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А.
Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті
шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде
сипаттайды.
Биліктің қызметтері мен
жіктелуі
Саяси биліктің өзіндік қызметтері бар. Оған
жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру;
оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен
қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси
институттар, мемлекеттік басқару органдары мен
аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б.
арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі
деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару;
өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық
жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және
түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес
басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік
күрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не
жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып,
қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру,
қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-
дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және
дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу
және т. б.
Биліктің 3 деңгейі
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3
деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді:
1) жоғары орталық саяси институттар,
мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси
партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару
органдары кіретін өте ірі деңгей;
2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді
қамтитын және аймақтық, облыстық,
аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік
билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер,
комиссиялар, кеңестер, префектуралар және
т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей;
3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар,
одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар
арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі,
арқауы болып табылатын, саяси және
қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші
деңгей. 6
Билік түрлері
1. Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту,
өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық
салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс
ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты
ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды,
саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды.
2. Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң
шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң
шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп
береді.
3. Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрма-
лаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған
заңдардың конституииялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.
Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң
шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек
заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік
органның немесе қызмет адамынын шешімін кон-ституцияға қарсы
десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды
принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот
үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Билік легитимділігі
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамнын саясатта
тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.
Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті
заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен
ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына
сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси
биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең
екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік
адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған.
Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат
арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар,
кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси
жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін
жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда
көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді
және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс
бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең
жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, онын, өзегі болып
табылады
Билік легитимділігі
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның
легитимдігінен білінеді. Легитимдік (латын
тілінде заңдылык, шындық деген мағынаны
білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп
отырған саяси билікті мойындауы, оның
заңдылығымен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік
легитимді болуы үшін мынандай екі шарт
қажет: 1) ол халыктың қалауы бойынша
қалыптасуы және көпшіліктің еркіне карай
орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің
иесін тура немесе жанама турде белгілі бір
мезгілге халық сайлауы керек және оның
жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы
тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық
қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Макс Вебер билік басына
келудегі легитимдіктің мінсіз
тұрлері ретінде үш үлгісін
көрсетті. Ең біріншісі — әдет-
ғурыптық немесе дәстүрлік
легитимдік.
Екінші түріне харизматикалық
легитимдік жатады.
Үшінші түріне ақыл
-парасаттың, құқықтың немесе
рациональды-құқықтық
легитимдігін жатқызады.

Көңіл бөлгендеріңізге
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
БИЛІКТІҢ ҚОРЛАРЫ
Білікті менеджер
Биліктің институттары
Президенттік республикалар
БИЛІКТІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Демократия шарты
Саяси билік инстуттары
МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
Менеджер беделі
Чванство беделі
Пәндер