Сынып сағаттарын өткізу формалары



Тәрбие сағатын өткізу және табысқа жету критерилері

Жалпы ереже
Сынып сағаты - бұл сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі шығармашылық формасы. Ол оқушылардың қоршаған әлемге қарым - қатынас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сынып сағаты - бұл құрамы және құрылымы бойынша тәрбие әрекеттестігінің икемді формасы; бұл сынып жетекші және тәрбиеленушілердің қатынас формасы. Ұйымда педагог басымдылық рөлді атқарады.
Сынып сағаты оқу сабақтарының кестесіне қойылады.
Сынып сағаты әрбір сыныпта апта сайын өткізіледі.
Сынып сағаттың формасын сынып ұжымы сынып жетекшісінің басшылығымен таңдайды.
Сынып жетекшісі сынып сағатын дайындау және өткізуде оның негізгі үйлестірушісі болып табылады және сынып сағаттың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыруға жауапты.

Сынып сағатының мақсаты және міндеттері
Саяси, экономика және әлеуметтік өмірдің, өзі туралы, жақындары туралы, нақты өмір туралы мәселелері бойынша білімді қалыптастыру.
Азаматтық көзқарасты, адамгершілік - эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру.
Достарын түсінуге үйрету, оларға мәселелерді шешу, қарым-қатынаста болу, ынтымақтастықта болу, әрекеттестікте болу ықыласты арттыру.
Білім алушылардың субъевтиктілік және даралығының қалыптасуы мен білінуіне олардың шығармашылық мүмкіндіктеріне жағдай жасау.
Эмоционалдық - нәзік орта мен құнды қарым-қатынас қалыптастыру.
Танымдық және практикалық - жасампаз әрекеттің білім, білік, дағдыларын игеру.
7. Мектеп оқушыларының дамуы және тіршілік әрекеті үшін қолайлы орта ретінде сынып ұжымын қалыптастыру.

Сынып сағатының қызметі
Ағартушылық қызметі - оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді.
Болжамдылық қызметі - оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым - қатынасты қалыптастыру, оларды белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау.
Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі.
Қалыптастырушылық қызметі жоғарыда аталған қызметтің орындалуымен байланысты және оқушыларды ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздейді.

Сынып сағаттың мазмұны
Сынып сағаттың мазмұны, мақсаты, міндеттері оқушылардың жас ерекшеліктері және тәжірибесіне байланысты.
1 - 11 сыныптардың сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жаңа оқу жылына сынып сағаттарының өткізілуі барлық сыныптарға бірыңғай бір күнге бірінші сабақ болып белгіленеді.
Келесі оқу жылына сынып сағатының тақырыптары әрбір оқу жылының аяғында сынып жиналысында сынып ұжымымен сынып жетекшісі оқушылары және ата - аналармен бірлесіп атқарумен анықталады.
Сынып сағаттың мазмұнына қойылатын талаптар:
Сынып сағаттардың мазмұны жеңілден күрделіге, ақпараттан бағалауға, бағалаудан өз пікірін жеткізуден құрылу керек.
Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі өз ойын және өз пікірін міндеттемеу керек, бірақ сынып жетекшісі түзетулер енгізу және дұрыс шешім қабылдауға көмек береді.
Сынып сағатын құруда оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу керек.
Сынып сағатын мазмұнында әрекетін түрлі динамикасы, мәселелер, ақпараттар болу керек.
Сынып сағаты, өзінің әр түрлілігіне байланыссыз, оң эмоционалдық негізінде өткізіліп, оқушылардың сезімдерін, жағымды жай күйін дамытатын болу керек.
Сынып сағаттың мазмұнында қорытынды бөліміне назар аудару қажет.
Сынып сағатында оқушы сынып сағатына бөлінген уақытында, сынып сағатында өзіндік көз- қарасында бағалай алатындығын көрсете білу керек.

Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу
Сынып сағаты бірнеше бөлімнен құралады:
Қызығушылығын ояту.
Кіріспе бөлім - мәселе қою.
Мағынаны тану.
Негізгі маңызды бөлім - мәселені шешу үшін материалдар
Ой түйіні.
Қорытынды бөлім - мәселені шешу және оның өмірлік маңыздылығын анықтау
Рефлексия.

Тәрбие сағатын өткізуде дайындық барысында
Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын міндеттерін анықтау;
Тәрбие сағатының мақсаты, міндеттеріне сай оның мазмұнына қатыста материалдар жинау;
Тәрбие сағатын дайындау және өткізудің жоспарын құру;
Тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселелерге оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне әсер ететін әр түрлі амал - тәсілдерді ойластыру;
Көрнеккі құралдарын, музыкалық шығармалардың таңдау бөлмені дайындау;
Оқушылар, олар ата - аналары; достары кіші және ересек жолдастары, мектеп қызметкерлері, тақырыпты талқылауға қатыста мамандардың қатысу мақсаттылығн айқындай;
Оқушылар ұжымында ашық тәрбие әнгіме, жайма - шуақ жағдай туғызу.
Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барсындағы рөлін, орынң анықтау.
Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алынған мағұлматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.

Сынып сағаттарын дайындауда және өткізуде қолданылатын түрлі тәсілдер :
- әңгімелер, газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау, мезгілдік басылымдарға шолу жасау;
- шақырылған мамандар өткізген дәрістер;
- сауалнама және оның нәтижесін талдау;
- дөңгелек үстел басындағы сұхбат, нақты жағдайды талқылау;
- өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет салған кезде) ;
- танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау;
- «ми шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс.
Балалар үшін ұжымдық шығармашылық қызмет тәсілдері мен әдістердің элементтері анағұрлым тиімді және қызық екенін практика көрсетіп отыр.
Балалардың алдында шақырылған қонақтар немесе ата-аналар өнер көрсеткен сынып сағаттарын ерекше атауға болады. Танымал адамдармен болған кездесулер тәрбиеде маңызды рөл атқарады, дегенмен олар балалардың қызығушылығы қанағаттандырылғанда және тәрбиешінің педагогикалық ойлары жүзеге асқанда ғана табысты болмақ.

Сынып сағаттарын өткізу формалары:
Айтыс ретіндегі формалар:
Диспут
Талқылау
Конференция
Дөңгелек үстел
Сұрақ және жауап кештері
Шақырылған адамдармен кездесу
Лектори
Сайыс сипаттағы формалар:
Конкурс байқау
Викторина
Саяхат
КВН
Пайдалы істердің эстафетасы
Байқау
Парад
Презентация
Турнир
Олимпиада
Шығармашылық формалар:
Фестиваль
Көрме
Ауызша журнал
Жанды үн қағаз
Шығармашылық еңбек
Жобалар
Әзіл - ысқақ
Қойырылым
Концерт
Жәрмеңке
Ортаға ойын формалары:
Рөлдік - ойындар
Сюжеттік - ойындар
Зияткерлік
Психологиялық ағарту формалары:
Тренинг
Зерттеу
Ортаға қозғалмалы формалар:
Көңілді
Кіші олимпиада
Мектепшілік олимпиада
Атлетика күні денсаулық күні
Мектептен тыс жұмыстарының формалары:
Экскурсия
Жарық
Концертке, циркке, театрға бару

Сынып сағатының сапасын бағалау
Сынып сағатының сапасы ішкі және сыртқы тиімділігі критерилері бойынша бағаланады
Оқушылардың ЭССЕ, пікір түрінде жазған жұмыстары сынып сағатының сыртқы тиімділігін бағалау құралы болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz