Жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адам


Slide 1

Тұлға теориясын бағалаудың

өлшемдері

Slide 2

Тұлға

Жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адам

Slide 3

Тұлға ұғымына сипаттама

Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір - бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік - тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.

Slide 4

Қоғамдағы жеке тұлға.

Slide 5

Тұлға теориясын жүйелі түрде бағалау үшін негізгі алты критерий қолданылады.

Верификациялық.

Үнемділік.

Ішкі үйлесімдік.

Үйлесімділік

Функциялы мәнділік.

Эвристикалық құндылық.

Slide 6

Верификациялық. Бұл критерий тәуелсіз зерттеушілер үшін теорияның жағдайлары тексеруге қаншалықты мүмкін болса, сондай дәрежеде дұрыс болып есептеледі.

Теория құрамындағы тұжырымдамалар, ұсыныстар мен болжамдар айқын анықталынып екі мағыналы болмай, бір-бірімен байланысқан турде болуы керек. Теория осылай баяндалатын болса, оның эмпирикалық қорытындылары логикалық тұрғыда оңай негізделіп, ресми зерттеуде жеңіл тексеріледі.

Slide 7

Эвристикалық құндылық. Эмпирикалық бағыттағы психолог үшін теорияның ары қарай зерттеулер жүргізуге қандай дәрежеде итермелейтіні аса маңызды болып табылады.

Эрих Фроммның гуманистік теориясы және Джордж Келлидің жеке дара конструктілер теориясы сияқты даулы тұлға анықтамаларының итермелеуі мардымсыз. Жағдайдың осылай болуы, теоритиктің өз тұжырымдамалына жұмыс анықтамаларын дұрыс бере алмауының нәтижесінен туындайды.

Slide 8

Назар аударуға лайықты теория, бір бірімен бірыңғай үйлесетін жағдайлар мен анықтамалардан құрылуы қажет. Жалпы, тұлға теориялары осы стандартқа әбден сай келеді, ал бір бірімен келіспейтін пікірлер туындағанда олардың бастауларын зерттеушінің теорияның бастапқы тұрғыларын жете түсінбеуінен іздестіру керек. Адам табиғаты жайлы болжамдардың бірнешесін иелене отырып, тұжырымдамалары мен жағдайлары өзара логикалық үйлесетін тұлға теориясын құру әбден мүмкін болады.

Ішкі үйлесімдік. Бұл критерий бойынша теория ішкі қарама-қайшылықтан бос, еркін болуы керек деген шарт орындалуы тиіс.

Slide 9

Үнемділік. Үнемділік принципі бойынша, қарапайым және анық түсініктемелер едәуір күрделісіне қарағанда қолайлы. Басқаша айтқанда, қайсыбір феноменді түсіндіру үшін теорияға тұжырымдамалар мен болжамдардың неғұрлым аз саны қажет болса, ол жақсы деп есептелінеді. Мәселен, көптеген бақылаулардың нәтижесінде адамдардың депрессия күйінде:

Әдетте өздерін жағымсыз бағалайтынын; Өз болашағын енжар бағалайтынын;

Өз өмірлік тәжірибелерін жағымсыз деп талқылауға бейім болады.

Slide 10

Үйлесімділік - субьективті критерий, себебі тұлғаның түрлі қырлары жайлы қазіргі таңдағы білімдердің көлемі толық емес.

Осылайша жан-жақты теорияның тағы да бір жетістігі оның экспериментте немесе бақылауда жасалынған жаңа, әрі жекеленген деректерді біріктіру мен жинақтау үішн логикалық тірек ретінде қолданыла алуында.

Қамту шегінің кеңдігі. бұл критерий теорияның қамтыған феномендерінің кеңдігі мен алуан түрлілігіне байланысты.

Slide 11

Функциялы мәнділік.

Жақсы теорияны анықтаудың ең соңғы критерийі оның адамдарға күнделікті өмірдегі мінез-құлықтарын түсінуге көмектесу қабілетінде. Теория да адамдардың проблемаларын шешуге көмектесуі керек.

Slide 12

Адамдық даму

Нышандарының

иесі - нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері «жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді. Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие.

Slide 13

Жеке тұлғаның топ ішінен ерекшеленуі.

Slide 14

Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді.

Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен - шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды.

Slide 15

Көңіл қойып

тыңдағандарыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Заманауи басқару психологиясындағы тұлға түсінігі
Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым – қатынас арқылы дамыту
Өзін өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты
Адам және мәдениет
Қарым - қатынас стильдері
Әрбір бала
Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы
Тұлға өміріндегі отбасы және туыстық қатынастардың рөлі
Мәдениет туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz