Қор инвестициясы
Презентация қосу
Ұлттық Экономикалық
Кiрiспе
“Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып,
бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен
еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаев.
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен
үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп
қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде
қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы
көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық
деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының
жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң,
жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң
ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың
қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.
Экономикалық жүйе
экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын
негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын
қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи
тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-
экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді
қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап
көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені
адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық
жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік
жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық
қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен
микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей
республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік
органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды.
Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-
құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің
жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін.
Кез келген басқа жүйе
сияқты Экономикалық жүйе
оның құрамдас
нышандарының арасындағы
байланыстармен
сипатталады. Бұл
байланыстар объективті
экономикалық заңдардың
әсерімен қалыптасады.
Сонымен Экономикалық
жүйе – мемлекеттің
экономикалық саясатын
жүргізу үшін теориялық
тұғырнама ретінде қызмет
ететін экономикалық ғылым
зерттеуінің күрделі, көп
деңгейлі объектісі.
Экономикалық жүйеге
кешенді көзқарасқа сәйкес
оның жұмыс істеуі мен
дамуына ықпал ететін
бірнеше нышандарды бөліп
көрсетуге болады.
Оларға мыналар жатады:
мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас
жемқорлықтың деңгейі;
адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік
әлеует;
өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық
жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
технологиялық аяның жай-күйі;
ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп
жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты
дамудағы енжарлықты жатқызуға болады
ЖҰӨ
ЖҰӨ-де елдiң барлық азаматтарының табысы, яғни елдiң өндiрiс
тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығын көлемi де
көрсетiледi.
2) Атаулы ЖҰӨ көлемiнде тауарлар мен қызметтер құны ағымды
бағамен өлшенедi, ал нақты ЖҰӨ көлемiнде тұрақты бағамен өлшенедi.
Сол себептi нақты ЖҰӨ тек тауар мен қызметтер санының жоғарылауы
нәтижесiнде жоғарылайды, ал атаулы ЖҰӨ өндiрiлген өнiм саны мен
бағаның жоғарылауынан да жоғарылай бередi.
3) ЖҰӨ төрт шығын құраушы сома болып табылады: тұтыну,
инвестициялар, мемлекеттiк және таза экспорт.
4) Тұтыну бағасының индексi (ТБИ) қарапайым тұтынушы
тұтынатын белгiлi бiр тауармен, қызметтер жиынының баға деңгейiн
көрсетедi. ЖҰө дефляторы, атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ көлемiнiң
қатынасы болып табылады, тұтыну бағасының индексi жалпы баға
деңгейiн сипаттайды.
Макроэкономикалық
көрсеткiштер.
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара
байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себептi,
макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы
қалыптастыру механизмiнiң түсiнiгi болып табылады, яғни экономикалық
бақылаулар теория негiзiнде қалыптасқан.
Экономикалық статистика – бұл объективтi ақпараттың қайнар көзi.
Үкiмет фирмалар мен азаматтардың экономикалық iс-әрекетi туралы, яғни
белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс мөлешерiн,
және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемi зерттеулер жүргзедi. Алынған
деректер бойынша әртүрлi статистикалық көрсеткiштер есептелiнедi,
олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерiнiң талдауларында пайдаланады.
Бұлар экономикалық көрнiстердi бағалауда және тиiстi әдiстердi жасағанда
көмек көрсетедi.
Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық
талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы Ұлттық өнiм (ЖҰӨ)
азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi
үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.
ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi.
Статистикалық деректер мемлекеттiң экономика министрлiгiнiң 3 айда бiр
есептеуi бойынша, экономикалық iс-әрекет нәтижесiн бiрыңғай көрсеткiшпен
беруге негiзделген. ЖҰӨ-дi төмендегiдей бөлiктерге бөлiп көрсетуге болады:
1) Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. 2) Өндiрiс
тауарлары мен көрсетiлген қызметтердiң жалпы шығын көлемi.
ЖҰӨ – экономика жағдайын сипаттайды, себебi адамдар аз табыстарға
қарағанда үлкен табыстарды көбiрек қалайды. Яғни өндiрiс тауарлары мен
көрсетiлген қызмет көлемi жоғарылаған сайын, өзiндiк қанағаттану
дәрежесiнiң деңгейi, өндiрiстiк және мемлекеттiк тұтыну деңгейi жоғары
болады.
ЖҰӨ – экономикадағы табыс пен өндiрiстегi шығын көлемiн бiрдей
өлшейдi. Себебi бұл өлшемдер соңында бiрдей болады. Жалпы, экономика
үшiн табыс көлемi шығын көлемiне тең болуы керек.
Мысал ретiнде мынадай экономиканы алайық:
Ауыспалы көлем 2 түрге бөлiнедi – қор және ағын.
Ваннадағы судың көлемi – бұл қор, ол әдетте нақты уақыт мерзiмiмен
өлшенедi, кран арқылы құйылатын су көлемi – бұл ағын, ол әдетте бiрлiк уақыт
көлемiмен өлшенедi.
Кран арқылы келетiн су – ағын, ваннаға уақыт бiрлiгiнде келетiн су көлемi.
Сондықтан, қор мен ағында өлшеу үшiн әр түрлi бiрлiктер қолданылады. Ваннада
50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады. Кейбiр айнымалыларға
теориялық талдау жасаған сәтте бiз қор мен ағын арасындағы тәуелдiлiктi жиi
кездестiремiз. Ваннадағы жағдай бұл әдеттегi тәуелдiлiк. Қордағы су, кран арқылы
құйылатын ағынның жиналуы нәтижесiнде ванна толады. Қордың өзгеру үрдiсi
ағында көрсетiлген. Экономикалық көрсеткiштердi зерттеу кезiнде, көбiнесе қай
санатқа жататындығын анықтау қажет болады – қор ма, әлде ағын ба, олардың
арасында тәуелдiлiк бар ма?
Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын.
Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын.
Мемлекеттiк қарыз-қор, бюджет тапшылығы – ағын.
Көпшiлiгi ағын түсiнiгiне жатады. Мысалы, ЖҰӨ (ЖIӨ), инвестиция,
мемлекеттiк шығын, т.б.
Макроэкономикада маңызды деп есептелiнетiн қор-ағын
ұғымына жататын кейбiр көрсеткiштердi қарастырамыз.
1. Инвестиция және негiзгi капитал.
Экономикадағы капитал – бұл белгiленген, анықталған уақытта жинақталған
тұрғын үй қоры, машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар қоры және елдегi
өндiрушi күш. Инвестициялық шығындар – бұл белгiлi бiр уақыт аралығында
негiзгi капиталды қолдауда және капиталдың өсуiне бағытталған өнiмдер ағыны.
Осыдан төмендегiдей қатынасты алуға болады.
К = К-1 + I
Мұндағы:
К – қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры.
К-1 – қарастырылып отырған жыл алдындағы жылдың капитал қоры.
Қор өсiмi (К-К-1) инвестиция ағымына тең.
Егер инвестиция мен капитал қорының арасындағы байланысты тереңiрек
қарастырсақ, онда төмендегi теңдеудi құрауға болады.
К= К-1 + I – DN
Мұндағы:
DN – кейбiр капитал қоры табиғи қартаяды немесе үнемi пайдалану нәтижесiнде
тозады, мұндай тозуды амортизация деп те атайды.
I – инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.
I – DN – таза инвестиция.
Қор және байлық.
Жоғарыда қарастырылған қор – ағын ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор және
байлықты қарастыруға болады. Қор Ұлттық табыстың тұтынудан қалған бөлiгi, бұл
қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi.
W- W-1 = S
(W – W-1) – қор жинағының өсiмi қорға тең.
3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.
Қор – ағын ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол ағындағы операция шоттары (СА)
шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көрсететiн
тәуелдiлiк.
NIIP-1 + СА
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттiк қарыз.
Бұл көрсеткiш мемлекеттiң таза қарызының мөлшерi Dd пен бюджет тапшылығы (DEF)
арасындағы тәуелдiлiктi көрсетедi.
Dd – Dd-1 – DEF
Нақты өмiрде мемлекеттердiң ЖҰӨ-н есептеу күрделi мәселе. Сондай күрделi
экономиканы өндiрiс пен қызметтерiн шығынын қоса отырып, тiкелей түсiнуге
болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсiнiк алу үшiн, оның басты қалыптасу принциптерi
туралы бiлу қажет.
Қор есебi: Мысалы, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндiрiсiн үлкейтсе,
яғни нан өндiрсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейiн жасаған тауарлары
өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшемiне қалай әсер етедi?
Жауап өтпей қалған нанды не iстейдi, соған байланысты. Егер нан керек
емес деп тасталса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемi ретiнде
төленедi, - сонда фирма жалақы ретiнде үлкен сома төлесе, ал пайда ретiнде
өзiне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлемiне және табыс
деңгейiне әсер етпейдi. Сондықтан, ЖҰӨ өлшемi өзгерiссiз қалады (тек қана
жалақыға тиесiлi бөлiгi аз). Басқаша айтқанда, егер нанды кейiнiрек сату үшiн,
қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципiне байланысты, бұл
операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебi нан
фирма қорында сақталуда. Сол себептi ЖҰӨ көлемi көбейедi. Яғни,
жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың
жиналуынан шығын көлемi көбейедi.
Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция
көлемi қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енедi. Сол себептi,
өндiрiс нәтижесiнде қор өсiмi пайда болады. ЖҰӨ көбейедi.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлерi ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен
есептелiнедi, ал кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерi нарықта
сипатталмайды, сол себептi нарықтық базасы жоқ. Дегенмен осы көрсетiлген
қызмет құны ЖҰӨ-ге енгiзiлу керек, сол үшiн оларды өлшеу керек. Осындай
бағалар шартты түрде есептелiнген құн деген атауға ие болады. Осы шартты
түрде есептелiнген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы
ретiнде қолданылады. Пәтердi уақытша жалға алушы адам барлық қызмет
құнын тјлеп, тұруға берген үйдiң шығындары, бәрi ЖҰӨ-дi есептегенде осы
жалдау төлемiне есепке енгiзiледi.
Ұлттық есеп жүйесiнiң үлкен бiр бөлiгiнiң көрсеткiшi – бұл керек
ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректердi шығын құрауыштары және
табыс көрсеткiштерi деп 25-топқа бөлуге болады.
Экономистердiң көзқарасы бойынша, тек қана өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң
жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бөлiнуi және тағайындалуы
есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:
Тұтыну (С)
Инвестициялар (I)
Мемлекеттiк сатып алу (G)
Таза экспорт (Хn)
Сонымен, ЖҰӨ-дi Y символымен јрнектеп, мына јрнектi аламыз:
Y = С+ I + G + Xn
ЖҰӨ–бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттiк шығындардың және таза экспорт көлемдерiнiң
жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбiр шығын құрауышы осы топтардың бiреуiне жатады. Бұл теңдiк
өрнек болуы – осыған кiретiн айналымдардың анықтамасы әсерiнен теңдiк орындалады. Бұл Ұлттық
есепшот тепе-теңдiгi деген атау алады.
Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң
жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлiнедi:
Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарлар;
Ұзақ мерзiмдi қолданылатын тауарлар;
Көрсетiлген қызмет.
Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киiм және
азық-түлiк тауарлары, т.б. жатады.
Ұзақ мерзiмдi тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мысалы, машиналар, кiржуатын машиналар, т.б.
жатады.
Көрсетiлген қызмет түрiне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз және
медициналық қызмет т.б. жатады.
Инвестиция мынадай топтарға бөлiнедi:
1) Өндiрiстiк капиталды салу (немесе негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясы жатады);
2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
3) Қор инвестициясы.
Негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндiрiстiк кәсiпорындар мен
жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.
Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретiн үйлердi
салудағы шығындар.
Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсiмi (егер қорлар
қысқартылса, инвестиция қоры өлшемi терiс мәнге ие болады).
Мемлекеттiк шығындар – өкiмет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет
көрсетулердiң жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттiк
қызметкерлердiң еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, яғни әлеуметтiк
сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кiрмейдi. Бұл төлемдер қайтарылмайтын
болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгiзiлмейдi. Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың
нәтижелерiн көрсететiн таза экспорт.
Таза экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны көлемiнiң
айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, сыртқы сауда шеңберiнде қарастырғанда экспорт
пен импорт көлемi тең болады, таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ iшкi шығындар
жиынтығына тең болады:
ЖҰӨ =С + I + G
Бiрақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда әлемдiк нарыққа “нетто-
экспортшы” ретiнде қатысады, сонда ЖҰӨ iшкi шығын көлемiн жоғарылатады
Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда бiз әлемдiк
нарыққа “нетто-импортершы” ретiнде қатысады, сонда таза экспорт терiс мән
болып табылады және шығын көлемi өндiрiс көлемiнен жоғары болады.
2.4. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы.
Негiзгi макроэкономикалық тепе-теңдiк табыс пен шығынның теңдiгiн
көрсетедi.
Y = C + I + G + Xn (1)
Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдiктер пайдаланылады.
Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдiгiн төменгiдей көрсетуге болады.
Талдауды жеңiлдету үшiн жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл
экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ
болады. Онда шығын бойынша:
ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция (2)
Табыс бойынша:
ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну (3)
Жалпы өнiм өндiруге кететiн шығындар мен табыс бiр-бiрiне тең
болғандықтан, (2) және (3) формулаларды теңестiре отырып, төмендегi
теңдеудi аламыз.
С + I = S + С немесе I = S (4)
Бұл қарапайым тепе-теңдiк мемлекет пен шет мемлекеттi енгiзгеннен соң
күрделене түседi.
Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан тұрады.
Sp = Sp + Sq + Sr (5)
Жеке қор жинағы төмендегiдей бейнеленген:
Sp = (Y + TR + N - T) - C (6)
Мұндағы:
Y - табыс сомасы,
ТR - трансферттер;
N-мемлекеттiк қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесi;
Т – салық және С – тұтыну.
Мемлекеттiң қор жинағы төмендегiдей бейнеленген.
Sg = (Т - ТR - N) - G (7)
Sg > 0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg < 0 болса, онда
бюджет тапшылығы болады.
ВD = -Sg (8)
Sr = IM - X Sr = - NX
S = Sp + Sr = (Y + TR + N – T) - C + (T – TR –N) –G + (-NX) = Y – C – G – X;
S=
Ұдайы өндіріс
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын,
үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің типтері
жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде
қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын
және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар
бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану -
бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды
басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға
болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге
болады.
Қорыта айтқанда, жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен
тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика –
фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын
бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың білiм.
Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық,
экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық
құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.
Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде
қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп
жалпылай қарастырады.
Экономикалық өсудiң көрсеткiштiк өлшемдерi ЖҰӨ және ЖІӨ болып
табылады (тек нақты сипаттары). Халықаралық деңгейде салыстыру
үшiн ЖҰӨ және ЖІӨ-нiң халықтың жан басына шаққандағы
көрсеткiшi пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖIӨ)-нiң бiрдей көлемiнде оның
халықтың жан басына шаққандағы шамасы тұрғындардың санына
тәуелдi болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz