Шудың адам ағзасына әсері
Презентация қосу
LOGO
...........................
..........................
Шудың адам ағзасына әсері
Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің
дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын,
ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар,
зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ
тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.
Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары
жасалып, олардың күші өсті .
Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге
шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.
Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын
дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.
Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын
біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.
Зерттеу мақсаты : адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау . Осы
зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:
1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;
2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;
3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;
4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау
жүргізу.
Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды
мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің
шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды
дамуының, автоматтандырудың,
механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық
алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.
Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше
әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз
дыбыс.
Дерек көздері: Шу туралы зерттеу еңбектер.
Зерттеудің әдіс тәсілдері. Зерттеу жұмысында
салыстырмалы тарихи, салыстырмалы типологиялық
және жүйелі сипаттама тәсілдері қолданылды.
Зерттеудегі ұстанымым: Тақырыпты зерттеп мән-
мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен
көпшілікпен бөлісу.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден,
екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың
соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
берілген.
2.1 Адам ағзасына шудың әсері
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына
олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі
әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен
байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар,
станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады.
Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне
байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің
өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу
жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудыңұзақтығына және
ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта
болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-
эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың,
қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы
аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
1 дәрежесі – есту ағзасына шудың әсер ету белгілері. Қарқынды өндірістік
жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің
бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы,
4000Гц - тен 50 дБ(±20); сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (±1).
Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және
толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда,
ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу
есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да
қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда,
сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар
екендігімен бағаланған.
Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс
толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде
есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек
эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту
ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды.
Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының
жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға
есту анализатор-лары өте сезімтал.
Ағзаға шудың арнайы емес әсері.
Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және
естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық
бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Осындай жағдайдағы жұмысшыларда
дисциркуляторлы энцефалопатия синдромы бақыланды, ол церебралды
микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы
энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта тәжірибеде шудың
осы ақаулары кездеспейді.
Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес
өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек
вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде
анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін
адмдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың
аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипаттқа
көшеді. Сонымен қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының
бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары
шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа
жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің
төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып
келеді.
Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда
вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке
жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі
Тәтті ұйқы жан азығы
Ұйқы – жүйке күшін құратын ең кереметтердің біреуі. Егер де күніңіз тамаша өтсін
десеңіз, алдымен түніңіз керемет болуы тиіс. Ұйықтарда төсекке жайлы шаршаған
денеңмен, сабырлы ақылыңмен және бос асқазаныңмен жатсаң, сізде дені сау
сәбидің ұйқысы болады. Таңертең ерте тұрып, таза ауада жаттығу жасап, табиғи
тамақ ішсеңіз, онда мықты жүйке, тәтті ұйқы, алаңсыз қалыппен
марапатталасыз.Қатты шаршап, ширыққан адамды 8...10 сағат ұйқы қалыпқа
келтірмейді. Ұйқыға сан емес, сапа керек. Егер де жөнді ұйықтай алмасаңыз, неге
деп өзіңізден сұраңыз. Ең басты талап осы.Егерде үнемі темекі, кофе, шәй,
ішімдікпен өзіңді-өзің қамшылай берсең жақсы ұйықтай алмайсың. Сау тамақ пен
таза ауадағы жаттығулар өте маңызды. Дені сау балалар денелік тынымсыз, кім
қуатты ойнаса, сол қатты ұйықтайды. Керекті оттегін алмайтын, мына заманның
соққысы мен ширығуынан шыға алмай жүрген үлкен адам қалай ұйықтай алады.
Егер түнде жақсы ұйықтаймын десеңіз, ол үшін еңбектенуіңіз қажет. Күні бойы
қимылсыз отырып, аузың шайнаңдай беруге болмайды. Рухыңның солуы мен
тәніңінің әлсіреуіне, сіз бен тәтті ұйқыңыздың арасына килігуіне рұхсат етпеңіз.
Ұйықтаған кезде тек қана жүйке қуатының қорын ғана жаңаламайсыз, сондай-ақ
осының қорын да толтырып, миыңызды тынықтырасыз. Денсаулықтың, бақыттың,
үйлесімділігіне қол жеткізу үшін тәтті ұйқының маңызын жете түсінуіңіз керек.
Ұйқы түс көрусіз терең болуы шарт. Егер де сізді ұйықтағанда қорқыныш, сұмдық
елес, қиял немесе ескі сұмдықтар басып алса, бұл дұрыс ұйқы емес, бұл
ұйқысыздықтан да жаман. Қорқыныш қанның улануынан пайда болады. Егер де
түнде жиі оянсаңыз, онда сіздің денсаулығыңыздың тепе-теңдігі бұзылған.
Ұйқы – өмірдің бірқалыпты бөлігі, ол тұрақты түрде терең болуы қажет. Осындай 8
сағат ұйқыдан кейін, сіз алып адам сияқты оянасыз. Өзіңе қарап күлесіз. Күлкің
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады
1) қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден
пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле
шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу
машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.
2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың
қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.
3) Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда
болады.
4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының
нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан
пайда болады.
Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық -
техникалық, инженерлік - технологиялық құралдарда, тұрмыс
құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және
жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.
Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың
гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт
цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен
айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.
Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда
шудың 80% береді.
Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты
алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер,
мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын
Шу — экологиялық фактор
Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар
факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың
сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20—120
децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак-тивтік самолеттің,
пневматикалық балғаның, дискотекадағы му-зыканың дыбысы) нерв
жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау-лығына да айтарлықтай зиян етеді.
60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін
әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады.
80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия
қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау
қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін
шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90
децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу
адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.
Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі.
Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс
кәсіпорындарының техникалық жабдық-тары, желдету, газ турбина және
компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын
двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық
қондырғылар.
Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын
орындарда едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға
кедергі жасайды.
Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға
түрліше әсер етеді. 40 децибелден төменгі шу психикаға әсер етеді деп есептеледі.
Шудың тітіркендіруші әсері оның шамасына, спектрлік және уақытша
сипаттамаларына байланысты.
Қазақстан өкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана
мен санаторийларда 35 децибел тұрғын үй кварталдары класс бөлмелері жәнс оқу
аудиториялары үшін — 40, стадиондар мен вокзалдар үшін — 60 децибел.
Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы
белгіленген — 82—85 децибел.
Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары
жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден
— қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың
шуы) — спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен. Шекті деңгейі — 90-100
децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз
агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгейі 85—90 децибел. 3. Жоғары
жиілікті шу — соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар
ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу — спектрдегі ең жоғары
деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті деңгейі 75-80 децибел.
Осы үш класқа жататын шудың бірінде де сөздің түсінікті бо-луы көрсетілгсн.
LOGO
Көңіл қойып
тыңдағаныңызғ а
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz