Ақиқат сыйы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Ахмед Иүгінеки
“Ақиқат сыйы”
Орындаған: Өрісбай Г
Тексерген: Мукашева А
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб
Ахмед ибн Махмуд (12
ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі
— 13 ғасырдың басы, сонда) —
ортағасырлық ақын, хакім,
ойшыл. Иүгінеки (қазақша
Жүйнек) қаласында туып өскен.
Ахметтің туған жері Түркістанға
қарасты Иугнәк деген қыстақ.
Қазақтар ол жерді Жүгенек деп
атаған. Ахмет жас шағында
араб, парсы тілін меңгерген
білімді адам болған.
Өмірбаяны
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген
ортасы туралы деректер тым тапшы.
Зағип болып туып, фәни жалғанның
жарық сәулесін көрмей бақиға озған
Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып,
түркі тілдері мен араб тілін жетік
меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-
жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай
“Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие
болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы
әбден кемелденген шағында Ахмед
Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп,
ислам құндылықтарына негізделген өлең-
жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін
бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп,
“һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп
аталатын дидактикалық өлеңдер
жинағына айналған. Мазмұны, танымдық
нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” —
Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари,
жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи
мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ.
аралығындағы түркі дүниесінің рухани
қазыналарының жарқын туындысына
айналды.
"Ақиқат сыйы" - тарихи- әдеби шығарма. Түпнұсқасы сақталмаған.
14—15 ғ-да жасалған 3 түрлі көшірмесі бар. Оның ішінде ең ескісі —
1444 жылы Самарканда Арсылан Қожа тархан Әмірдің жазу шебері
Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайынның көшіріп
жазған нұсқасы. Хатқа түскен нұсқасының жалпы көл. — 508 жол.
Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя—София кітапханасы қорында
сақтаулы; екінші нұсқасы Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд
ар-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан
тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы
Айя-София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н.Әсім 1915
жылы, ал Қ. Махмудов 1972 жылы жариялаған; "Ақиқат сыйының"
үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың аяғында немесе 15 ғасырдың
басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы
Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты "Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі"
кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп,
кейіннен мүлдем жоғалып кеткен Ахмет Жүгінеки мұралары туралы
да дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (кол. 4
бет), Берлиндегі Ғылым академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге
нұсқалары кең көлемде таралғанын дәлелдейді. 15 ғ.
түпнұсқасындағы фотокөшірмесі, транскрипциясы, қазақ тіліндегі
қара сөзбен жолма-жол және өлең түріндегі аудармасы 1985 жылы
жарық көрді. Белгілі филологтар "Ақиқат сыйының" Ә.Құрышжанов,
Б.Сағындықов қазақша тәржімасын жасаған.[
Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси
көзқарастары
Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның
дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте
қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам
және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар
шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің
өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың
ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары,
өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі
дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық
еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға
жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол
– ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер
қалыптастырады. Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке
ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы
ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген білімді берудегі тарихи
процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс табады. Саясат пен билік, мемлекет пен
саяси жүйе, саяси теориялардың тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен
дамуының тарихы қамтылады. Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі
ойшылдар мен саяси қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде
дами түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың жалпы
жиынтығында ол ерекше орынға ие. Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен теорияларының дамуына
ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни,
әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О. Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті
өкілдерінің саяси көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы
мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат
сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі
және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең
түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық
ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік
туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие.

Ұқсас жұмыстар
Ахмет Йүгінеки
Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн
Түркі дәуірінің ойшылдары
Жүсіп баласұғын
Оқушылардағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту
Ислам дәуірі әдебиеті
Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия
Орта ғасыр тіл білімі
Тұтас педагогикалық процесс теориясының дамуы
Пәндер