Түркі ғалымы




Презентация қосу
М. Қашқари «Диуану лұғат-ит-
түрк»
• Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі
сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн
Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей
деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан
қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта
білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар,
араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы
шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл
тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы
жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда
сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.
• Өмірбаяны
• Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті
билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд
осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын
көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
• Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол
тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі
толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің
сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы,
тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
• Түркі ғалымы
• Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп,
жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол
тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін
салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу
тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық
жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи
деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап,
түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар
қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі
халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі
түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі
дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі
жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
• Еңбек «Диуану луғат-ит-түрк» деп аталады. (1070–1074 ж. Бағдатта
жазылған). Бұл ат орыс тіліне де, қазақ тіліне де (басқа түркі тілдеріне де)
«Түркі тілдерінің жинағы» («Диуан» – жинақ деген сөз), «Түркі тілдерінің
сөздігі» (еңбектің мазмұны сондай), тағы басқа аттармен әр қилы аударылып
жүр. Кітаптың негізгі түпнұсқасы жоғалған. Махмұд ибн Құсайын бұдан бұрын
«Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағы кітап» деген тағы
бір еңбек жазған сияқты (автор оны «Диуанда» атап өтеді), бірақ ол әзір
табылған жоқ.
М.Қашқари «Диуану луғат-ит-түрк» еңбегін Бағдат қаласында хижра есебімен 464 жылғы
бесінші айдың алғашқы күнінде (қазіргі есебіміз бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында)
жазыла бастаған да, 466 жылғы алтыншы айдың 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында)
аяқталған. Дайын тұрған «Диуани луғат-ит түрк» жазбасының бірінші нұсқасын ирандық
Мұхаммед ибн Абулфатх екі ғасыр өткен соң, 1266 жылдың 1 авгусында көшіріп алса
керек. Ол туралы көшірменің соңында былай деп жазылған: «Әуелі Саве, кейінірек Шам,
яғни Дамаск қаласының тұрғыны Мұхаммед ибн Әбубәкір ибни Әбилфатих (оны тәңір
жарылқасын!) осы кітапты түпнұсқасынан көшіріп, оны 664 жылы оныншы айдың
жиырма жетінші жексенбі күні бітірді».

Бұл көшірмені алғаш рет 1914-15 жылдары түрік ғалымы Али Амири Стамбул базарында
көне жәдігерлер сатушысының жүк салған арбасынан тауып, оны сатып алады. Ол Киласли
Рифатқа қолжазбаны тәртіпке келтіруді табыстайды. Рифат еңбектің көшірмесін жасап
1915 жылы бірнішісі мен екіншісін, ал 1917 жылы үшінші кітапты Стамбулда басып
шығарады. Ал алғашқы көшірме бүгінгі таңда Стамбул қаласында Фатих кітапханасында
сақтаулы тұр.

Кітапты Махмұд классикалық араб филологиясының үлгісімен араб тілінде жазған. Ол өзі
«кітаптың жазу тәртібін Халил ибн Ахметтің‫٭‬

Китабу-л ‘айн деген еңбегінің ізімен түздім» деп атап өтеді.

Ұқсас жұмыстар
ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ - Енисей өзені бойында табылған, ежелгі түркі сына жазуымен жазылған ескерткіштер
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ
Орхон ескерткіштері
Махмұт Қашқари
Тоныкөк ескерткіші
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ғалымның еңбектері
Хамза кітабы
XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі
Пәндер