ДИУАНИ ХИКМЕТ




Презентация қосу
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ
Қожа Ахмет Ясауи–1093 жылы
тулыған түркістандық
ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің
арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі
– Исфиджабта даңққа бөленген
әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх
Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың
қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса
шейх те Исфиджабта әулиелігімен
танылған. Кейбір деректерде Қожа
Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы
мен Гауhар Хошназ (Жауhар
Шахназ) атты қызының болғандығы
айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың
ұрпағы негізінен осы қызынан
тарайды.
Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі
ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі
туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра
Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті
екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы
зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар
айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті
– Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид
Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани.
Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата)
(Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал
шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа
Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа
түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ
Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты
тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады.
А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі
Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады.
«ДИУАНИ ХИКМЕТ»

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен
көлемді шығармасы —
«Диуани хикмет/ Диуани
Хикмат» (Хикмат - жинақ).
Бұл шығарма алғаш
рет 1878 ж. жеке кітап
болып басылып шығады.
Содан кейін ол Ыстамбұл,
Қазан, Ташкент
қалаларында бірнеше
қайыра басылады. Соның
бірі 1901 ж. Қазанда Тынышт
ықұлының қазақтарға арнап
шығарған нұсқасы болатын.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ІЛІМІ

Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет
етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты
– топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып,
өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи
кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт
болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла;
Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет
жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз
ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз,
қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи
фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық
сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай
алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған
әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән
бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі
алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің –
пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ

Ахмет Ясауи
кесенесі — Түркістан
қаласында XIV ғасырдың
соңында тұрғызылған
архитектуралық ғимарат.Қ
ожа Ахмет Ясауи дүние
салғаннан кейін халықтың
көп жиылуымен өзіне
арнап соғылған
кішкене мазарғажерленеді.
Кейін бұл кесене
мұсылмандардың жаппай
тәуеп ету орнына айналды.

Ұқсас жұмыстар
Диуани хихмет
Қожа Ахмет Йассауи
Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛТЕТІ ЯСАУИ ІЛІМІНІҢ МӘНІ
Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ
Ұлы ғалымның еңбектері
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Сопылық ілімін қазіргі көзқарас бойынша бағалау
Пәндер