Таалс жазбалары




Презентация қосу
Таалс жазбалары
• Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-қыратты жерлерге
экспедициялар ұйымдастыру мәселесі мүлдем назардан тыс қалып қойған. Қазіргі Тараз
қаласы мен оның оңтүстігін, Алатау мен Қаратау бөктерлерін, орталық Қазақстандағы
Ұлытау мен Болаттау аймақтарында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын
экспедициялық топ құрып, көне жазбаларды іздестірсе, ұрпақ білсін деген ниетпен ата-
бабаларымыз қалдырып кеткен жазу-сызулардың талайы табылары анық. Бұған айқын
дәлел ретінде XІX ғасырдың екінші жартысынан бастан XX ғасырдың 70-жылдарына
дейінгі іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады. Осы екі аралықта
талас өзені мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан біраз қойтастар мен
петроглифтер, руникалық жазулар табылды.
• Талас өңіріндегі түркілік көне мұраларды зерттеу мәселесі алғаш рет бүгінгі
күнге дейін өз маңызы мен құндылығын жоймай өзекті проблемалардың
біріне айнала бастағаны тіпті академик В.В. Бартольд еңбегінен де көрініс
табады. 1893-1894 жылдары ғалым Жетісу өңірін зерттеп, түркітану ғылымына
үлкен үлес қосқан-ды. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігі мен
Қырғызстанның солтүстік өңірлеріндегі көне түрік жазба ескерткіштері туралы
құнды мәліметтер жинақтауда Ташкент қаласында құрылған Түркістан жас
археологтар бірлестігінің жасаған жұмыстары түркітанушы зерттеушілер
тарапынан аса зор құрметке ие болып отырды.
• 1896-1897 жылдары Әулиеата уезінің басшысы В.А.Каллаур мен фин
археологы Г.Гейкелдің бірлесе іздеу жұмыстарын жүргізудің арқасында қазіргі
Тараз (бұрынғы Әулиеата) маңынан түркі руникасымен таңбаланған бес жазу
табылса, кейінгі жылдары осы аталған территориялардан (1897 жылы
Дмитриевск селосының маңындағы Терексай шатқалынан, 1898 жылы
Айыртамой мекенінен, 1925-1926 жылдары Ыстықкөл маңындағы Қайсар
шатқалынан) бірнеше көне жазулар мен тастарға ойылып салынған суреттер
табылады.
• XX ғасырдың 30-шы жылдары Орталық Азия территориясынан көне түрік
таңбалары салынған таяқша табылды. Бұл жазу жүйесі графикалық
лингвистикамен айналысушы ғалымдардың көне жазуға деген
қызығушылығын арттыра түседі. Өйткені, мұнда бұрыннан белгілі әріптерден
бөлек бірнеше беймәлім таңбалар кездеседі. Аталған жазудың құпиясын
ашуға бірнеше ғалым атсалысып, өз оқылу варианттарын ұсынған болатын:
С.Е.Малов (1936), Х.Н.Оркун (1940), А.М.Щербак (1959), т.б.
Мысалы, соңғы кезде Өзбекстанның Наманған, Ферғана, Башқадария аудандарынан бірнеше көне
тайпалардың қолданған заттары табылған болатын. Аталған түркілік көне жазуларды өз зерттеулерімізде
оқып, құпиясын ашып та көрдік.

1998 жылы Қырғызстанның Қошқар өңірі Қарасу ауылы жанындағы Көксай, Тікбұған, Қызылбұлақ,
Алғым өзенді, таулы-қыратты жерлерінен көне түркі рунасымен тас бетіне қашалып жазылған бірнеше
құпия жазулар табылған болатын. Бұл өңірден табылған барлығы 8 руналық жазу өзімізге белгілі Талас
жазба ескерткіштері қатарына жатқызылады.

Ұқсас жұмыстар
Орхон ескерткіштері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,ДАМУ ТАРИХЫ
МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы
Жедел жады
Қарахан мемлекеті жайлы
Қарахан мемлекетінің мәдениеті
Ерлігі мен бірлігі биік Бауыржан
Ұйымдағы коммуникация ұғымы
Бәдіздердегі жырлар ( Тастағы жазулар- «руна») туралы зерттеулер»
Пәндер