Бразилия Федеративтік Республикасы - Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет
Презентация қосу
Бразилия
Орындаған:Баянбек Д.
Тексерген:Қуандық А.Қ.
Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының
шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км².
Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер –
54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан
астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады.
Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының
көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі
Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің
басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң
шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар
палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық
(астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз
конституциясын ұстанады.
Бразилия туы Бразилия елтаңбасы
Климаты
Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық,
тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр
оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін
Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен
ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды
экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол,
энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі
ірілері: Амазона, Сан-
Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері
бар. Одан басқа темір, марганец,
мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.
Рио-де-Жанейро
Рио-де-Жанейро (порт. Rio de Janeiro — қаңтардағы өзен)
— Бразилиядағы қала. Рио-де-Жанейро штатының әкімшілік
орталығы, 1764 жылдан—1960 жылға дейін — Бразилияның астанасы. Халқы
— 6.3 миллион адам, тұрғындары санынан Бразилиядағы Сан-Паулудан кейін
екінші қала (Америкадағы 6-шы, әлемдегі 26-шы). Қаланың лақап атауы —
«Ғажайып қала» (порт. Cidade Maravilhosa). Рио-де-Жанейро — оңтүстік жарты
шардағы келушілер саны бойынша бірінші орында және өзінің табиғатымен,
карнавал тойлануымен, самбамен, Босса-новамен және жағажайларымен
(Барра-да-Тижука, Копакабана, Ипанема және Леблон) танымал. Сондай-ақ
жағажайлардан басқа, қаланың ең танымал назар аударарлық орындарының бірі
Корковадо тауында орналасқан Құтқарушы Христостың мүсіні ('Cristo
Redentor'), әлемнің жаңа жеті кереметінің тізіміне енгізілді. Рио Оңтүстік
Америкадағы алғаш рет өтетін 2016 жылдың жазғы Олимпиада ойындарын
өткізеді. Сонымен қатар қаланың басты спорттық аренасы - Маракана стадионы
өзінде 2014 жылдың футбодан әлем чемпионатының финалды матчін өткізеді.
Маракана стадионы әлемдегі ең үлкен стадиондарының бірі.
Қазіргі астанасы-
Бразилиа.
Бразиилиа (порт. Brasília) — қала, Бразилия астанасы (1960 жылдың
сәуірдің 21-нен), жасанды су қоймасы жағасында
орналасқан.ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміне кірген.
Бразилиа Ислам орталығы
Халық саны (төңірегіндегі елді мекендерді қосқанда) шамамен 2,5 млн
адам.
1955 жылы президенттікке үміткер Жуселину Кубичек егер президент
болып сайланса оның бес жылдық президенттік мерзімі бітпей ақ
жаңа астана жобасы шындыққа айналады деп ант берген. 1956
жылы сәуірде Кубичек президент болды. Үш жылдан кейін 60-
мыңдық құрылысшылар армиясы әп-айбат жаңа қала салды. Қала әр
салаға арналып Қонақ үй, Банкиң немесе Елшілік блоктарына немесе
секторларына бөлінген. Бралилиада 124
шетел елшіліктері орналасқан.
Бразилияның қазіргі президенті- Дилма Русеф.
М Е
АХ
А Р
ЗҒ
ҢЫ
Р Ы
ЛА
АР
А З
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz