Мемлекеттік тілі - қырғыз тілі


Slide 1

Қырғызстан

Орындаған: Капанова А. Тексерген: Хуандық А.

Slide 2

Қырғыстан Республикасына жалпы шолу

Жерінің ауданы - 199, 9 мың км².

Халқы - 5, 1 млн адам (2004 ж. )

Астанасы - Бішкек.

Мемлекеттік құрылымы - республика.

Мемлекет басшысы - президент.

Заң шығарушы орган - парламент.

Мемлекеттік тілі - қырғыз тілі.

Ұлттық валютасы - сом.

Slide 3

Географиялық орны

Қырғызстан - Тянь-Шань және Памир-Алай таулары аралығында орналасқан.

Солтүстіктен оңтүстікке 454 км, ал батыстан шығысқа қарай 925 км-ге созылып жатыр. Мемлекеттің шекаралары, негізінен, таулар арқылы өтеді. Жерінің 75%-дан астамын тау жоталары алып жатыр. Ең биік жері - Қоңгур шыңы(7439 м)

Slide 4

Табиғат жағдайы

Қырғыз жері, негізінен, таулы болып келеді, мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі - Жеңіс шыңы (7439 м) орналасқан. Бір-бірінен кең тауаралық аңғарлар (Шу, Ыстықкөл, Талас) арқылы бөлініп жатқан тау жоталары басым түрде ендік бағытта орналасады. Таулы аудандар қуаты 8-10 балдық күшті жер сілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.

Қырғыз жерінің 95%-дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан, ал оның 40%-дан артық бөлігі 3000 м биіктікте жатыр. Биік таулы жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын табиғат жағдайлары елдің экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді.

Slide 5

Климаты

Slide 6

Өзен көлдері

Қырғыз жері таулы болғандықтан, су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіледі. Ең ірі өзені - Нарын, сондай-ақ Шу, Шатқал, Ақсай өзендері бар. Өзен сулары суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады. Ондағы беткі ағынның 20%-ға жуығы жер суаруға жұмсалады.

Ыстықкөл - Орта Азияның ең ірі көлі, ол теңіз деңгейінен 1608 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 6280 км2, ұзындығы 182 км-ге созылып жатыр. Ыстықкөл қыста қатпайды, көл атауы да сонымен байланысты. Ыстықкөл қазаншұңқырында минералдыбұлақтар да өте көп.

Slide 7

Ыстықкөл көлі

Slide 8 Slide 9

Табиғат ресурстары

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металлдардың (молибен, мыс, сурьма) . Ішкі Тянь-Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибен, темір және қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, сондай-ақ қоры онша мол емес темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі. Тау алды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр және тас көмір, мұнай қоры барланған. Көптеген кен орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан, оларды игеру мәселесін қиындатады.

Slide 10

Ауыл шаруашылығы

Қырғызстан - Орта Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Өңделетін жерлердіңбасым көпшілігі Шу облысында шоғырланған, оның 25%-ы шабындықтарың үлесіне тиеді. Шу аңғарын бойлай 200 км-ге созылған Үлкен Шу каналы өтеді, одан егістіктер мен бау-бақшаларға су жеткізетін көптеген тармақтар бөлінеді.

Қырғызстан қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны 4, 5 млн басқа дейін қысқарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады. Тау алды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-стті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны салыстырмалы түрде көп (300 мың бас) . Таулы аудандардағы шаруашылықтарда қырғыз халқының сүйікті сусыны - қымыз дайындалады. Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды жылқылар өсіретін шаруашылықтар бар.

Slide 11 Slide 12

Егіншілік

Егіншілік құрылымында 50%-ын дәнді дақылдар, 41%-ын малаызықтық шөптер құрайды, қалғаны техникалық және көкөніс-бақша дақылдарының үлесіне тиеді. Ферғана аңғарында мақта және темекі өсіріледі, Шу облысында қант қызылшасының егістіктері қалпына келтірілуде. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде жүзімдіктер мен жеміс бақтары едәуір алқаптарды қамтиды. Жалалабад облысында табиғаттың қайталанбас ескерткіші болып саналатын грек жаңғағының реликті ормандары өседі.

Slide 13 Slide 14

ХАЛҚЫ

Қырғызстан халқының саны 5, 1 млн адам, ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән. Халықтың табиғи өсуі жылына -1, 5%, туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда - 22 адам, ал өлім 7 адамды құрайды. Адамның өмір жасының ұзақтығы - 67 жас.

Халықтың басым көпшілігі ежелден-ақ ауылдық жерлерде көбірек, қала халқының үлесі - 34%, оның 40%-ға жуығы Бішкекте тұрады. Ірі қалаларының қатарына Ош, Жалалабад, Қаракөл және ірі аудан орталықтары - Тоқмақ пен Қарабалта жатады.

Slide 15

Өнеркәсібі

Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы дәстүрлі байланыстар үзіліп, ел экономикасына едәуір нұқсан келді. Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 1998 жылғы мәлімет бойынша 9, 8 млрд АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, 12%-ы өнеркәсіп, ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.

Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары электр энергетикасы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия болып табылады.

Slide 16

Электр энергетикасы

Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ен ірісі - Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл салаға қазіргі кезде өте көп шетел және Ресей қаржысы құйылуда. Отын өнеркәсібі Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан өндірілетін тас көмір негізінде өркендеуде.

Slide 17

Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, киіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған.

Slide 18

Түсті металлургия


Ұқсас жұмыстар
Орталық Азияда орналасқан мемлекет
Қазіргі түркі тілдері бойынша қысқаша мәлімет
ҒҰН ДӘУІРІ ТҮРКІТАНУДЫҢ ҚАЙНАР
Ана тілі туралы ақпарат
Салыстырмалы фонетика
Досмұхамедов және қазақ терминологиясы
Испаниядағы аударма нарығын зерттеу
Тілдердің генеологиялық классификациясы
Қазақ тілі туралы
Тіл құралы халықаралық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым - қатынастардың аса маңызды құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz