2009 жылғы мәлімет бойныша қала тұрғын саны
Презентация қосу
Орындаған:Баянбек Д.
Тексерген: Қуандық Айбек
Малайзия - Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және
Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы
мемлекет. Малайзияның солтүстік жағалауы Оңтүстік Қытай, солтүстік
шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен
шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан
аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі. Малайзияны
Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км,
жалаудың ұзындығы 4 675 км. Климаты экваторилдық, ыстық әрі ылғал.
2020-жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп
отырған 26 миллион тұрғыны бар Малайзия -көпұлтты мемлекет. Оның
ішінде тұрғылықты мекендеушілер – малайлықтар мен оранг-
асли 65,1%, қытайлықтар – 26%, үнділер – 7,7%. Халықтың 65 пайызы
қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта
шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас.
Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонымен қатар
елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады.
• Ұраны: «Bersekutu Bertambah Mutu
Бірлік — ол күш»
• Әнұраны: «Negaraku (Отан менің)»
• Тәуелсіздік күні 31 тамыз 1957
• Ресми тілі Малайша
• Астанасы Куала-Лумпур
• Жер аумағы 329 758 км²
• Халқы 28 310 000 адам
• ЖІӨ
Қорытынды 447,595 млрд $
Жан басына шаққанда 15 810 $
Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен
оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазықтық алып
жатыр. Климаты оңтүстігінде экваторлық, солтүстігінде субэкваторлық,
муссондық. Орташа жылдық темп-расы 25 — 28°С. Жауын-шашын мөлшері
жылына жағалаулық өңірлерде 2000 — 2500 мм, таулы аймақта 4000 — 5000 мм.
Ірі өзендері — Раужанг, Бором, Кинабатонлон. Малайзия жерінің жартысына
жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік орман алып жатыр.
Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2011 жылы
Малайзияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 5,2%-ға өсті, сөйтіп 247,7 млрд. АҚШ долл.құрады.
Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 9 575 долл. құрайды (2011 ж.) және аймақтағы ең
жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл
шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті
жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2011 жылы 133 млрд. АҚШ
долл.құрады. Еңбекке жарамды халықтың саны - 12,7 млн.адам (2011 жылғы мәліметтер
бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет
көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең үлкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым
бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және
жылжымайтын мүлік алу. Шетел мемлкеттермен сауда Жұмыссыздық деңгейі 3% пайызды
құрайды (2011 жылғы мәліметтер бойынша), үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды.
2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ
долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 жылы ІЖӨ 20,7% құрады, ал
дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады (2008 ж.).
Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың,
кондиционерлердің, радио жәнетелеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына
кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел.
(«Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі
негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. «Селикон даласы»), сондай-
ақ Пинанг штатында.
• Куала Лумпур (малайша Kuala Lumpur ) – Малайзия елінің
астанасы, Малакка түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан
қала.2009 жылғы мәлімет бойныша қала тұрғын саны 1 809 699
адамды құрайды. 2006 жылдан бері қала мэрі Хаким бин Борхан.
Малайзия әлем елдерінің 120-дан астам елдерімен дипломатиялық қатынас ұстануда.
Куала-Лумпурда 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың
дипломатиялық миссиялары қызмет жасауда. Малайзияның шетелде жалпы саны 105
болатын дипломатиялық өкілеттіліктері бар. Малайзия – негізгі халықаралық
ұйымдардың мүшесі: БҰҰ және оның арнайы органдарының (1998-2000 жж.
Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болды),ӘСҰ, ӘВФ және Әлемдік Банк, Британ
Достығы, дамушы елдер бірлестігінің қатысушысы, (Қосылмаушылар қозғалысы, Топ-
77, ИКҰ) және аймақтық ұйымдар (АСЕАН, РФА, АТЭС, ВАС).
Қазақстанның Малайзиядағы елшісі Бейбіт Атамқұлов.
Қазақстанмен қарым-қатынасы 1991 жылғы 31 желтоқсанда Малайзияның
Қазақстанның тәуелсіздігін мойындағаннан бері басталды.
1992 жылғы 16 наурызда Қазақстан мен Малайзия арасында дипломатиялық
қатынастар орнықты. 1996 жылы Куала-Лумпур қаласында Қазақстанның және
Алматыда Малайзия елшіліктері ашылды. 2006 жылдың 25-29 мамырында
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары болды, сапар барысында
сауда ынтымақтастығы жөніндегі келісімге, инвестицияларды көтермелеу және
қорғау туралы келісімге, экономикалық, ғылыми және техникалық
ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz