Чех мемлекетінің туы мен елтаңбасы




Презентация қосу
Чехия
Орындаған: Жакатаева А.
Тексерген: Қуандық А.
Чех мемлекетінің
туы мен елтаңбасы
• Чехия - орталық Еуропадағы мемлекет
• Тәуелсіздік күні 1 қаңтар 1993 (Чехословакияның ыдырауынан)
• Ресми тілі - чех тілі
• Астанасы - Прага
• Ірі қалалары - Прага, Брно, Острава, Пльзень
• Үкімет түрі - Парламенттік республика
• Президенті - Вацлав Клаус
• Премьер-министрі - Петр Нечас
• Жер аумағы: 78 866 км²
• Жұрты: 10 532 770 адам
• Тығыздығы: 133 адам/км²
• ЖІӨ 190,264 млрд. $. Жан басына шаққанда 18 135 $
• Этнохороним чехтар
• Валютасы Чех кронасы
• Уақыт белдеулері UTC +1, жазда UTC +2
Гоеграфиялық орны

Чехия – Орталық Еуропадағы мемлекет. Чехия солтүстігінде Польшамен,
оңтүстігінде – Австриямен, шығыста – Словакиямен және солтүстік-батыс пен
батыста – Германиямен шекаралас. Чехия Богемия, Моравия және Силезия
бөлігінің тарихи облыстарынан пайда болған. Чехословакия бөлінгеннен кейін
қазіргі Чехия пайда болған.
Табиғаты
Чех жерлері тарихи жағынан үш облысқа : Чехия , Моравия мен Силезияға
( астаналары тиісінше –Прага, Брно, Острава қалалары ) бөлінеді. Елдің орталық
бөлігі жазық болып келеді, шекараларын бойлай тау массивтері орналасқан:
солтүстік- батысында Крушне таулары ( ең биік жері Клиновец – 1244м ),
солтүстігінде Кроконоше ( Судет) таулары ( ең биік нүктесі Снежка -1602м),
батысындагранитті Плехи тауы (1378м) бар. Шумава, Моравияда Грубый Есеник
таулары ( ең биік жері Прадед – 1491м ).

Карл көпірі
Өзендері

Ең ірі өзендері : негізгі саласы
Влтава болатын Эльба ( 357 км) мен
Морава( 329км ). Чехияның
көпшілік бөлігін қылқан жапырақты
ормандар ( әсіресе , шыршалар )
мен аралас ормандар алып жатыр.
Ең үлкені –Рожмберг ( 489га ). Елдің
жер қойнауы емдік минералды суға
бай. Тауларда аю, елік, түлкі, бұғы
мекендесе, жазықтарда әр түрлі
кеміргіштер, кесірткелер, құстардың
көптеген түрлері кездеседі.

Vltava өзені
Климаты
Климатықоңыржай теңіздіктен континенттік өтпелі. Қаңтардың орташа
температурасы -2 – 4С ( жазықтарда ) және -8 – 10С ( тауларда ), шілденің
орташа температурасы 19 – 20С ( жазықтарда ) және 4 – 8С (тауларда ).
Жылдық жауын –шашын мөлшері 500-700мм, таулы жерлерде 1600 –
2100мм шамасында.
Халқы
10,29 млн. адам ( 2003 жылы).
Этникалық құрамы чехтар (90,1),
словактар ( 1,8), поляктар ( 0,5),
немістер ( 0,4), сығандар ( 0,1 )
.Чехтар тiл бойынша батыс
славянхалықтарына жатады.
Діні: Католиктер ( 39,2),
протестант ( 4,6),
православиеліктер ( 3), атеистер
(39,8 ), басқалар (3,4) .
Эканомикасы
Чехия – өнеркәсіпті ел. Өнеркәсібінің жетекші салалары отын-энергетикалық ,
машина жасау, ( энергетика және басқа өндірістік құрал- жабдықтар, станоктар,
электротехникалық бұйымдар, автомобильдер шығару ) , химия ( пластмасса, синтет,
каучук, тыңайтқыштар ), жеңіл ( тігін, трикотаж, тері-аяқ киім ) және тамақ ( қант,
сыра қайнату, ет, кондитерлік ) өнеркәсіптер. Қоңыр және тас көмір ( Острава
Карвин, сотүстік Чехия және Соколов көмір бассейіндері ), темір және уран
кентастарын өндіру дамыған. Жылына 58,7 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндіріледі.
Негізгі өнеркәсіп орталықтары –Прага, Пльзень, Острава, Брно. Ауыл шаруашылығы
үшін ел аумағының 43%-ы пайдаланылады. Шалғындар мен жайылымдар жердің
11% - ын ,ормандар 33% ын алып жатыр. Етті– сүтті мал өсіру, шошқа мен құс өсіру
дамыған. Қант қызылшасы, бидай, картоп, құлмақ, көкіністер мен жеміс– жидектер
өсіріледі.
Сыртқы машиналар мен құрал- жабдықтар, химиякаттар, жеңіл және шыны- керамик.
өнеркәсіп өнімдерін, азық -түлік шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Германия,
Словакия, Австрия, Ресей, Италия.
Ұлттық валютасы – Чех кронасы
Қазақстан мемлекетімен байланысы
Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасының арасында дипломатиялық
байланыс 1993 жылы 1 қаңтарда орнатылды.
Сауда- экономикалық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасы Статистика
жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2005 жылы Қазақстан мен Чехия
арасындағы сауда айналымы 119,6 млн. долларды құрады ( қазақстандық экспорт –
23,6 млн. доллар , импорт – 96 млн доллар), 2004ж . 149,4 млн. доллар болған еді
( қазақстандық экспорт – 50,2 млн. , импорт – 99,2 млн.).
Қазақстанның Чехияға шығаратын негізгі тауарлары : минералды отын мен жағар –
жанармайлар, химикаттар, фосфор, хром қосындылары, қара және түсті металдар,
тері шикізаттар, мақтадан тоқылған маталар, астық пен басқа да ауыл шаруашылық
өнімдері.
Қазақстанға Чехиядан мына заттар әкеленеді : тамақ өнеркәсібі өнімдері, халық
тұтынатын тауарлар, медикаменттер мен медициналық жабдықтар, шиналар,
құбырлар, автокөліктер, механизмдер мен оларға қажетті қосалқы бөлшектер,
жиһаздар, технологиялық жабдықтар.
Қазақстанда Чехия капиталының қатысуымен 72 бірлескен кәсіпорын тіркелген.
Қазіргі кезде Қазақстанда 16 чехияның тіркелген фирмасы.
Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арсаындағы экономикалық
қатынастардың перспективалы бағыттары : отын– энергетикалық сектор, машина
жасау, құрылыс материалдары өндірісі, көлік және телекоммуникациялар,
металлургия, химия, қайта өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, озық
технологияларды енгізу.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан - әлем назарында
Қазақ тілі - менің тілім
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата
ӘНҰРАН – ЕЛДІК ПЕН ЕГЕМЕНДІКТІҢ БЕЛГІСІ
Мемлекеттік нышандарды құрметтеуге үйрету
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Елтаңбаның авторлары
Мемлекеттік елтаңбасы
Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны
Пәндер