Microsoft Excel бағдарламасының интерфейсі, ұяшық құрылымы және деректерді енгізу әдістері


Slide 1

Сабақтың мақсаты:

EXCEL кестесімен, терезелердің элементтерімен және кестенің құрылымымен, деректерді енгізу тәсілдерімен тыңдаушыларды таныстыру.

Біліміділік:

Тәрбиелілік:

Ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу

Дамытушылық:

Оқушылардың электрондық кесте тақырыбында алған білімдерін

электрондық кестенің негізгі дамыған түрі EXCEL-де дамыту.

Slide 2

Excel дегеніміз не?

Кестелік кұрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең тараған кұралдардың бірі Місcrosoft Ехсеl болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген. Ехсеl көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграммалар түрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандык тәжірибелер жүргізуді қамтамасыз ете алады. Ехсеl мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.

Slide 3

Excel программасын іске қосу үшін

бірнеше тәсілдері бар.

1) Пуск -> Программы-> Microsoft Office -> Microsoft Excel

2) Жұмыс үстелінен Құру

-> Microsoft Excel әрекеттерін орындау арқылы

Slide 4 Slide 5

Excel терезесінің негізгі элементтері:

Меню жолы - Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.

Тақырып жолы - құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.

Стандарттық тақта - Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.

Форматтау тақтасы - форматтау командаларына арналған батырмаларды қамтиды.

Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.

Тапсырмалар аймағы - ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

Жолдар тақырыбы - бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.

Бағандар тақырыбы - бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.

Қалып-күйлер жолы - құжаттың ақпаратын қамтиды.

Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

Ұяшық - бұл баған мен жолдың қиылысы. Ағымдағы ұяшықтың ішіндегі мәліметтері мен адресі Формула жолында бейнеленеді Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: С22, А21, Е15, Е28.

Ұяшықтар мен оның адрестері

Slide 17 Slide 18

Ұяшықтар мен оның адрестері

Әрқашанда ұяшықттардың біреуі ағымдық ұяшык болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және оны тышқанның немесе басқару пернелерінің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішімдеу және басқа да іс-әрекеттер осы ағымдағы ұяшыкта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атайды. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: А7:Е25. Мұндағы А7 - тік төртбұрыштын сол жақ жоғарғы, ал Е25 - он жак төменгі бұрыштары.

Slide 19 Slide 20

Мәліметтерді енгізу

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашкы символына қарап аныктайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызады. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф (') болса, мәтін деп кабылдайды.

Мәліметтерді енгізу Еnter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшыктың бастапкы мәндерін калпына келтіру үшін Еsс пернесін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау(Отмена) батырмасын шертеміз

Slide 21

Енгізген мәліметтер Формула жолында

және ағымдағы ұяшық ішінде көрінеді

Мәліметтерді Формула жолында енгізу жөн.

Енгізуді растау үшін Енгізу батырмасын немесе

Enter пернесін басамыз, ал болдырмау үшін

Болдырмау батырмасын немесе Esc пернесін


Ұқсас жұмыстар
Microsoft Excel: деректерді енгізу және редакциялау - сабақ жоспары
Microsoft Excel бағдарламасының негізгі элементтері, формулалар, пішімдеу және диаграммалар
8-сынып: Кесте элементтері - жол, баған, ұяшық және Microsoft Excel-де қолдану
Microsoft Excel негіздері: интерфейс, мәліметтерді енгізу, формулалар мен диаграммалар
Microsoft Excel бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері мен диаграмма құру әдістері
Microsoft Excel кестелік процессоры: ұяшықтар, мәліметтерді енгізу, формулалар және өңдеу
Windows-тағы электрондық кестелер: Microsoft Excel 2000 бағдарламасының негізгі ұғымдары мен қолдану тәсілдері
Excel-де деректерді сүзу: сабақ мақсаты, әдістері және практикалық тапсырмалар
Microsoft Access және Excel: мәліметтер қорының құрылымы мен электрондық кесте негіздері
Microsoft Excel негіздері: ұяшықтарды басқару, пішімдеу және кестені толтыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz