Өндірісі дамыған елде кейбір жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ


Slide 1

«Өсімдіктерді қорғау"

Slide 2

Қорықтар неге керек?

Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.

Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет.

Өзімізді қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай құрметтеп, тани білейік. Қорықтарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау керек. Табиғатты ар-ожданы таза, саналы адамдар ғана қорғай алады.

Елімізде табиғат байлығын:ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп.

Slide 3

Елімізде арнайы ұйымдастырылған 6 ботаникалық бақ бар. Сонымен қатар 16 ботаникалық қорықша және "Шарын шаған тоғайы", "Таутүрген шыршалы алқабы" атты және т. б. республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері бар. Алматы облысындағы Шарын өзенінің аңғарында 20-25 млн жылдан бері 5014 га жерде өсіп келе жатқан Шаған тоғайы бар. Шаған ағашы өте қатты өрі салмақты. Ол ылғал сүйгіш ағаш, мұндай ағаш дүние жүзінде 2 жерде ғана, оның бірі - Шарын шатқалында, екіншісі - АҚШ-тың Невада штатындағы "Гранд" шатқалында ғана өседі.

Slide 4

Еліміздегі барлық орман қоры 26 млн 216 мың га жерді алып жатыр, бұл Қазақстан жерінің

4, 7%-на тең.

Соның ішінде таза орманды

алқаптың аумағы 12 млн 428 мың га.

Еліміздегі жалпы орман қорының 50%-дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды.

Сексеуіл ағаштарының қорғаныштық мәні зор.

Ол шөлейтті, шөлді аймақтардағы құмның жылжуына тосқауыл болады. Сексеуіл ағаштарын

қырқуға тыйым салынған,

соған қарамастан соңғы жылдары

Қазақстанның барлық, аймақтарында сексеуіл ағаштарын қырку өте қарқынды жүріп жатыр.

Slide 5

Өсімдіктерді қорғау

Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.

Slide 6

Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек. Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460 млн га кесіледі. Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда қайталанып отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне, мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге аса бермейді.

Slide 7

Қорғау шаралары:

1. Қорықтар Ұйымдастыру

2. Ұлттық бақтар Ұйымдастыру

3. Қызыл кітапқа енгізу

4. Зерттеу, бақылау орталықтарын көптеп ашу

5. Заңды түрде қорғау

Slide 8

Қазақстан флорасының 312 түрі ағаштар мен бұталар, олар

жинақталып, тоғайлар мен орман алқаптарын құрайды.

Республика орман алқаптарының 19%қылқан жапырақтар,

13% жалпақ қылқан жапырақтар,

54% сексеулдер,

қалғаны 14% бұталар.

Республика территориясында мал азығына жарамды 400 ге жуық

өсімдік өскен көк майса шалғынды жайлымдықтар мен

шабындықтар да

баршылық. Сол сияқты шипалы өсімдіктердің түрлері

500ге таяу. Қазіргі медицина өнеркәсібінде соның тек 30дан астамы ғана


Ұқсас жұмыстар
Жалпылау есімдігі
КӨКШЕТАУ
Ақсу Жабағылы қорығы
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Биологиялық ресурстар және оларды тиімді пайдалану мәселері
Қорықтар орналасуы картасы
Тірі организмдер
Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама
ЕжелгіШығыстағы психологиялық ойлар
Экзистенциализмнің негізгі өкілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz