Дидактиканың оқыту мақсаты




Презентация қосу
Дидактика – педагогика
ғылымдар жүйесінде
Дидактиканың мақсаты, міндеттері
обьектісі, пәні, негізгі категориялары
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық
негіздері мен атқаратын қызметтері
Оқытудың әдістері, классификациясы
Дидактика

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу
теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны
меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін
білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің
әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми
негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің
негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің,
ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру
міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып
қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы
Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет
пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен
көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ
өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.
Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы
швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің,
Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Дидактиканың зерттеу пәні

Дидактиканың зерттеу пәні- оқыту мен оқудың
себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және
жеке
дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика
оқытудың заңдылықтырын,
принциптерін қарастырады.
Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын,
барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап
оқыту әдістемесі деп аталады.
Дидактика ғылымы

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы
ғылым болғандықтан ғылыми- теориялық және
қолданбалы қызыметтер орындайды.
Дидактиканың ғылыми- териялық қызыметі: білім
беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдлықтарын,
мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары
мен әдістерін зерттеу.
Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын
оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту прирнциптерін
белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру
формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап
енгізу.
Дидактиканың оқыту мақсаты

Оқыту мақсаты- әдіс тәсілдер мазмұны мен
міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы
өсіп, жаңарады.
Оқыту процесі- білімді, біліктілік пен дағдыны
меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-
қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын
іс- әрекет барысы.
Оқу- оқушының сана сезімі, адамгершілік
қасиеттері, эстетикалық тағамы, тұлғалық
қасиеттері қалыптасып дамиды.
Дидактиканың даму тарихы:

Оқыту теориясының негізін қалаушылар Я.А. Коменский,
Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, В.А.
Сухамлиский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев,А.
Байтұрсынов, Ж. Аймауытов т.б.Дидактиканың геізін салушы
чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) Оның 1632
жылы шыққан «Ұлы дидактика» кітабында оқыту мақсаты,
әдістері, принциптері, сынып - сабақ жүйесі
туралыжазылады.Ол басты мақсат- адамшылық, оған жету
жолы- білім беру жіне оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге
керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндңру үшін
жаттығу, тәжірибелік әдістердің пайдалығын дәлелдеді.
«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып- сабақ
жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

1 Оқушыларды мектепке белгіл бір уақытта қабылдау,
сабақ аяқталмай
ешкімді одан босатпау;
2 Оқушыларды сыныптарға бөлу;
3 Әр сыныпқа бір бөлме беру
4 Күніне 4 сабақ өткізу
5 Әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
6 Қоңыраудың соғылуы;
7Тәртіп;
8 Бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;
9 Сабақты күзде бастау
Оқу процесінің қызметтері мен принциптері

Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту
принциптерін, негізгі қағидаларды
белгілеуге көп күш салды. Дидактикалық
принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік
жағдайларға байланысты. Қоғамның
оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп
отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп
(табиғатқа сәйкестік, партиялылық),
кейбіреулері жаңадан пайда болады
(кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар
оқыту принциптерінің санын қысқартуды
ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді
ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу
процесінің барлық құрамдас бөліктеріне
(логикасына, мақсатына, міндеттеріне,
мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен
әдістерін таңдауға, ынталандыруға,
нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз
талаптарын ұсынады.
Дидактикалық принциптердің
қызметі:

Дидактикалық принциптердің қызметі:
олардың негізінде оқушыларда оқытудың
мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі,
саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген
қызығушылықтар пайда болады.
Дидактика принциптері оқыту процесінің
негізгі буыны ретінде ірімен-бірі логикалық өзара
байланыста болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы
педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық
принциптер жүйесі: ғылымилық, саналылық пен
белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік,
беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің
байланыстылығы.
Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен
қызыметі

Оқыту процесі- білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін,
оқушылардың дүниетанымын, күш- қайратын, қабілеттерін
тәрбиелеп дамытатын іс- әрекет барысы.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері бар.

Сонымен оқыту мақсатты процесс. Оқытудың басты
мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам
талабынана туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Қазақстанда дидактикалық ой

Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік,
этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды.
Көне түркі жазуында, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-
аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне
қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби
өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі
кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде
қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп,
рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын
өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де
тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері
көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед,
Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала
тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне
жан-жақты тоқталған.
Оқыту күрделі прцесс.

Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл ой мен
шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағысын
дамыту негізінде жүзеге асырылады.Осы негізде
оқыту процессінің бірінші қызыметі- оқушыларға
білім беру.Білім беру, біріншіден ғылыми негіздеріне
сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және
түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды
қамтамсыз етсе, екіншіден солардың негізінде
айналасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың
ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы.

Дидактика (грек тілінен ауд. Didaktiras — зерттеу бойынша,
didasko -зерттеуші) — балаларды және үлкендерді оқытудың
міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және
дағдыны меңгеру процесін сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру
принциптері, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен
білім беру мәселелерін жасайтын педагогаканың құрамдас бөлігін
құрайды.
Дидактика ғылым ретінде.
Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін
зандылықтарды зерттейді, оқыту үрдісінін процесінің
барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын
теуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат
міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін
әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын
анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет
атқарады:
1. Теориялық (диагностикалық және болжамдық
прогностикалық);
2. Практикалық (нормативтік, құрал ретінде).
Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен
тығыз байланысты басқа ғылымдардың (философия,
әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология,
педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты
әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді
пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап
отырады.

Ұқсас жұмыстар
Оқытудың заңдылықтары
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
Оқытудың дидактикалық теориялары
Оқыту процесінің мәні
Оқытудың принциптері
Оқытудың заңдылықтары және қағидалары
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫ
Оқыту әдістерінің мәні
Оқыту заңдары, заңдылықтары
Тұлғаның функционалды сауаттылығы
Пәндер