Иондаушы сәулелер және радиациялық қауіпсіздік: радиоактивті заттармен жұмыс және радонның алдын алу


Slide 1

Иондаушы сәулелер және радиактивті заттармен жұмыс істеу қауіпсіздігі

Slide 2

Құрамында радиологиялық бөлімі бар санитарлық-эпидемиялық мекемелермен жүзеге асырылатыны:

иондаушы сәулелер көздері және радиоактивті заттармен жұмыс істеуге байланысты обьектілерді салуға жер телімдерін бөлуге қатысу;

радиоактивті заттарды және иондаушы сәулелер көздерін қолданатын сала мен технологияны өзгерту бойынша мекемелер мен обьектілерді салу, реконструкциялау жобаларының қорытындыларын қарастыру және дайындау;

ескерілген санитарлық ережелер жағдайында аспаптар, аппараттар мен басқа радиациялық техникаларды орналастыру;

А категориясына жататын қызметкерлер санын есепке алу.

радиоактивті заттар мен иондаушы сәулелер көздерін тасымалдауда көліктерді қолдануға рұқсат беру;

радиоактивті заттар мен иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істеу жағдайларын жасау мақсатында мекемелерді, кәсіпорындарды санитарлық-гигиеналық тексеру;

Slide 3

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, мемлекеттік бақылау міндеттері болуы қажет, олар:

-иондаушы сәулелер көздерін алу, өндеу, дайындау, қолдану радиоактивті қалдықтарды өндеу мен жою жұмыстары кәсіпорындара, мекемелерде, т. с. с ұжымдарда істейтін қызметкерлер және сол аймақтар түрғындарының радиациялық қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету жөніңдегі ақпараттарды алу және талдау;

-мекемелерде, аймақтарда радиациялық қауіпсіздік жағдайларын қолайлылығы бойынша шараларды жүргізуді негіздеу, ұйымдастыру және бақылау;

-жеке мекемелер, ведомстволар және бақылауға алынған аумақтағы радиациялық қауіпсіздік жүйесін оңтайландырудың болашаққа арналған жоспарларын негіздеу және бақылау.

Slide 4 Slide 5

Радионуклидтің ыдырау өнімдерінен басқа иондаушы радиацияға Жерге ғаламдық кеңістіктен келген ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері жатады (рентген аппараты, элементті бөлшектерді жылдамдатушылар және т. б. ) . Иондаушы сәулелердің әр түрлі ену қабілеті жоғалған энергияның әр түрлі жылдамдығымен байланысты болып шықты. Альфа бөлшектөр заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойын толық иондайды, сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады. Сондықтан альфа бөлшектердің көптеген заттардағы қозғалысы үлкен емес - олар ауада 3 - 8 см өтеді, металда - 10 микрон, ал тіпті тығыз қағаздың бір бет парағы да альфа бөлшекті толығынан ұстайды. Бета-бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие, ауада олар 2 метрге дейінгі жолдан өтеді, ал олардың металда жүтылуы үшін қалыңдығы бірнеше миллиметр қабат жеткілікті. Гамма-кванттар ауада жүтылмайды, ал олардың ағынының әлсіреуі гамма квант пен жүту материалының энергиясына тығыз байланысты. Мысалы, цезий - 137 гамма-сәулеленуін әлсірету үшін қалындығы 30 см алюминий немесе қалындығы 8 см қорғасын қабаты мыңдаған есе қажет. Екінші жағынан гамма-кванттар (альфа және бета-бөлшектер сияқты) барлық бағыт бойынша кең мүмкіндікті көз-дер ретінде шығады. Сондықтан да олардың жиілігі қашықтық квадратына сәйкес керісінше азаяды, яғни бір метр қашықтықтағы сәулелену жиілігі 10 см қашықтықтағыдан 100 есе аз болады.

Slide 6

Ураннан ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары. Олардың арасында радон бірінші орын алады. Радон - дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7, 5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сырқы ауадағы жинақталуы көлемнің әр түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі қүрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т. б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал қүрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында үстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөбелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Радиоактивті изотоптар: алу, қолдану және радиациялық қауіпсіздік
Радиациялық апаттар, радиоактивті ластану және алдын алу шаралары: Қазақстан тәжірибесі
Иондаушы сәулелердің генетикалық әсерлері және радиациялық мутагенез
Радиациялық қауіпсіздік: әсерлері, көздері және Қазақстандағы басқару принциптері
Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық қорғау қағидалары: Қазақстандағы мониторинг пен реттеу
Радиациялық күйіктер: себептері, клиникалық белгілері, алғашқы көмек және алдын алу
Иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу кезінде медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы
Радиоактивті ластануды қалпына келтіру және алдын алу: көздері, салдары мен басқару әдістері
Радиоактивті заттармен зақымданған малды ветеринариялық-санитариялық сараптау мен радиометриялық бақылау
Радиация қауіпсіздігінің негіздері және ветеринариялық радиологиялық зертханада иондаушы сәуле көздерімен жұмыс ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz