1920-1950 жж. Қазақстанның сәулет өнері және қала құрылысының қалыптасуы


Slide 1

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның сәулет өнері

Заманова А, Ерімбет Б, Жолдыбаева Н

ДЕФ 15-3 тобы

Slide 2

Жоспар:

ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнері

Сәулет өнерін жобалау

Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері

Алматы қаласының ғимараттары

Slide 3

Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құралымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды.

Slide 4

1927 - 29 ж. Респ. жоспарлау к-тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, басқа да ш. -тұрмыстық үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады. Жаңа құрылыстар негізінен бос жатқан жерлерде жүргізілді. Қызылорда қаласында жеке әкімш. ғимараттары мен тұрғын үй орамдары жедел қарқынмен салынды. 30-жылдардың басында Алматы қаласында құрылыс кең өріс алды. Түркістан-Сібір т. ж-н салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт өсуіне қолайлы жағдай жасады. Қаланы көркейтіп дамыту, Алматы үшін жоспарлаудың дәстүрлі тікбұрышты-орамды жүйесі бойынша, көлденең қиып өтетін көшелерді ұзарту жолымен батыс бағытқа қарай дамытылды. Қала орт. жаңа құрылыстар ауданына (қазіргі Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығына) ауысты. 1926 - 34 ж. Үкімет үйінің ғимараты, Байланыс үйі, Түрксіб т. ж. басқармасы үйі салынғаннан кейін республиканың басты әкімш. алаңы ұйымдастырылды.

Slide 5

30-жылдардың басынан сан. -тех. жағынан жақсы жабдықталған көп пәтерлі тұрғын үйлер (Алматы қаласындағы Фурманов және Қабанбай батыр көшелерінің бұрышы) салу қолға алынды. Тұрғын үйлердің сыртқы көрінісіне үйлесімді, көбінесе, біраз геом. пішіндер - терең ойылған терезелер, балкондар, т. б. басты белгілерге айналды. Бұл көбінесе, архитектурада осы жылдары үйлердің қаңқалы негізге құрылғанына және “конструктивизм” идеяларының үстемдік еткеніне байланысты болды. Алматыда Гоголь көшесі мен Достық даңғылы бұрышындағы екі қонақ үй (1931 - 32), зоотех. -малдәрігерлік ин-тының жатақханасы (1934 - 36), Д. Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің бұрышындағы көп пәтерлі тұрғын үй (арх. А. Стременев, С. Шевырев) осындай архит. тәсілдермен салынды. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстар: Ақтөбеде Өнеркәсіп үйі (арх. Б. А. Дергачев), Алматыда Мемл. банк үйі (арх. А. П. Зенков), Кеңестер үйі, Көкшетау облысында “Бурабай” курортының кешені, т. б. құрылыстар көптеп тұрғызылды. 30-жылдары Қазақстанда байырғы қалалар ғана жедел өсіп-өркендеп қоймай, жаңа қалалар (Балқаш, Ленгер, Қарағанды, т. б. ) салынып, қалыптасқан кезең болды. 40-жылдардың бас кезінде тұрғын үй құрылысы қанат жайды. Олар қала композициясының басты құрылымдық бөлігіне айналды.

Slide 6 Slide 7

Бұл кезеңдегі Қ. а-ның қала салу бағыты көше бойындағы тұрғын үйлердің сыртқы көрінісін жаңарту бағытында дамыды. Пәтерлердің неғұрлым қолайлы және қазіргі заманға лайық түрлерін салу жөнінде қыруар жұмыс істелді. Республиканың жобалау ұйымдарында бір отбасын орналастыруға арналған көлемі шағын секциялардың жоспары жасалды. Қазақстанның сейсмик. аймақтары үшін секциялар жоспары қабылданды. Балқаш қаласында белгіленген 2, 3 және 4 бөлмелі, екі пәтерлі секциялардың төрт түрі пайдаланылды. 30-жылдардың 2-жартысынан ғимараттар архитектурасында олардың қоғамдық мәнін айқын көрсету мақсатымен классик. архитектураның пішіндері мен бөлшектерін пайдаланудың маңызы артты. 1937 - 39 ж. салынған тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, қаржы, сыртқы істер мин-тері ғимараттары архитектурасының, сондай-ақ, қалалық атқару к-ті, 2-Алматы т. ж. ст-ның вокзалы, консерватория және Қарағандыдағы кеңестердің облысы үйі ғимараттары архитектурасының орны бөлек. 2-дүниежүз. соғыстан бұрынғы ең ірі құрылыс - Алматыдағы Абай атынд. Қазақтың мемл. академиялық опера және балет театры ғимаратының (1941, арх. Н. А. Простаков) идеялық-көркемдік белгілері қоғамдық ғимараттардың эстет. мәселелерін шешу ісінде қолданылған шаралардың қорытындысы және жаңа кезеңнің басы болып табылады. Атырау қаласының маңындағы мұнайшылар кентінің жоспары мен салыну құрылымы - соғыс кезіндегі қала салу құрылысының тамаша үлгісі болып саналады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10
Ұқсас жұмыстар
1920-1950 жж. Қазақстандағы тоталитарлық режим және саяси қуғын-сүргін
Ежелгі Қазақстанның сәулет өнері және тарихи кесенелер
КСРО-дағы (1920-1950 жж.) саяси қуғын-сүргін: Қазақстандағы тәжірибе, статистика және салдары
14-15 ғасырлардағы Қазақстанның сәулет және қолданбалы өнері: 7-сынып сабақ жоспары
1920-1930 жж. Кеңес Қазақстанында партия органдары мен мемлекеттік басқарудың қалыптасуы
Мұсылмандық көркем өнері: бейнелеу өнері, сәулет, поэзия, каллиграфия және миниатюра
7-сыныпқа арналған ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстанның сәулет өнері бойынша сабақ жоспары
Ватикан мұражайының тарихы, сәулет өнері және коллекциялары
1920-1946 жж. Қазақстанның индустрияландыруы: тамақ, жеңіл өнеркәсіп және тау-кен-металлургияның дамуы
Орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның сәулет өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz