Әрбір адамзаттың табиғат алдындағы борышы




Презентация қосу
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ »
( Х. Әміров)
Өлкеміздің өзендер мен көлдердерінде балықтың бірнеше
түрлері бар:

Сазан
Табан
Жайын
Көксерке
шортан
Туған өлке топырағында қорғауға алынған сүтқоректілердің,
құстардың, қосмекенділердің бірнеше түрлері кездеседі.
Сүтқоректілердің өздерінің алуан түрлілігімен
ерекшеленетін кеміргештер де бар. Сарышұнақ, кәдімгі
сұртышқан, атжалман, кәдімгі сарытышқан, қоян кеңінен
таралған.
Аққу- қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің
аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Тұмсығының жиегінде үлкенді-кішілі тісшелері
болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің
жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып
қамысы нулы, суы таза, тұшы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып
шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір
ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы
себептен теңеген.
Аймағымызда борсық қорғауға алынған аң.
Адам баласы борсық майының шипалық қасиетін ерте заманнан – ақ
білген. Халықтық медицинада борсық майы құяң, туберкулез ауруларын
және іріңді жараларды емдеуге қолданылады. Борсық етінің сыртында
екі елідей майы болады, майын шыжғыртып өкпе ауруына пайдаланады,
сонымен бірге барлық адамдар күнделікті өмірде емге, азық ретінде
пайдаланады.
дала зонасының негізгі жануарлары қасқыр мен түлкі.
Даламызда қамыс аймағында
бұрын қабандар өте көп
болған. Қазір қамыстың
өртеніп кетуіне байланысты
және адамдардың көп
аулауынан саны өте азайып
кетті.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім...
С.Сейфуллин.

Дала киіктері жыл мезгілдерінің
ауысуына байланысты мекен
ортасын өзгерту үшін Жалпақтал
аумағынан өтетін кездері болады.
Киіктер Қазақстан
Республикасының Заңдарына
сәйкес қорғалып, рұқсат етілген
мезгілдерде ғана арнайы аңшылар
аулайды.
Әрбір адамзаттың табиғат алдындағы борышы
Табиғат алдында өздерін жауапты санау,
барлық жан-жануарларды киелі санау,
өзен, көл жағалауларын таза ұстау, бұлақ көрсе көзін ашу.

Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік
дамыту идеясы қазақ ағартушылары мен жазушыларының,
ақындарының еңбектері мен өлеңдерінде толық көрсетілген.
Мысалы Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен Ыбырайдың,
Мағжан мен Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның,
Кәкімбектің өлең-жырларынан көркем жазылған
табиғат суреттерімен танысып жан рухына бөленуге болады.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Ұқсас жұмыстар
Топырақ. Топырақ ластануы
Орталықтандырылған қаржы
Отбасы - баланың азамат болып өсуінің негізі
Бала тәрбиесі бесіктен
Кәсіпорынның дебиторлық қарызының түрлері
Реформация қорытындысы
Табиғат аясында
Қазақстанның экологиялық апаты
Семей ядролық полигоны ауданында
Табиғатты қорғаудың мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Пәндер