Мұнай айдау бекетін пайдалану




Презентация қосу
Мұнай айдау бекетін
пайдалану
Орындаған: Рзахожаева А
Тексерген: Манапбаев Б
Мұнай мен мұнай өнімдерін алыс қашықтыққа
тасымалдағанда құбырдағы айтарлықтай
гидравликалық кедергіні жеңуге тура келеді.
Сондықтан, егер бір айдау сорғы станциясы берілген
қысым кезінде айдаудың қалыпты режимін қамтамасыз
ете алмаса, онда құбырдың ұзындығы бойына бірнеше
станцияларды орнатады. Құбырмен тасымалдау
экономикалық жағынан тиімділігімен қатар, жыл бойы
жұмыс жасауды қамтамасыз етеді және тасымалдаудың
басқа түрлерінен ерекшелігі, табиғи жағдайларға тіпті
байланыссыз болады. Осыған байланысты жыл сайын
магистральдық құбырлардың ұзындығы артып
келеді. Өнімді айдау принципі бойынша практикада екі
жүйе қолданылады: 1) станциялық және 2) транзиттік.
мұнай қотару (айдау) станциясы -
мұнай құбырының тартылымындағы
ғимараттар мен құрылғылар
жиынтығы. Мұнайды қабылдауға,
жинақтауға, кейде жылытуға,
үстемелеп айдауға арналған. Мұнай
қабылдауға және сақтауға арналған
көлемі 100-20000 м3-ге дейінгі болат
қорқоймалар, мұнай қотаратын
арналық сорап агрегаттары, түтікті
жылыту пештері, тазарту
қондырғыларының тазарту-жылжыту
камералары, технологиялық құбырлар,
сонымен бірге электр жабдықтары,
автоматика, телемеханика, байланыс
және радиоландыру, канализация, өрт
сөндіру және басқа жабдықтары
болады. Мұнай қотару станциялары
мұнай құбырының бүкіл тартылымы
бойында белгілі қашықтықтарда
орнатылады, олар мұнай жылжуының
қажетті жылдамдығын, мұнай
құбырының белгілі уақыт ішіндегі өткізу
мүмкіндігін (тәулік, ай, жыл бойына
мың, миллион тонна) қамтамасыз етеді.
Басты мұнай айдау
станциясы - арналы мұнай
құбырының немесе оныңжеке
пайда- лану бөлігінің басталар
жерінде орналасқан, мұнай мен
оның өнімдерін жинауға жане
қубыр желісі арқылы айдауға
арналған құрылыстар кешені.
Қурамына сорап станциялары,
қорқоймалар паркі,
технологиялық қубыр
желілерінің цехы, шағын
электр стан- циясы, қазандық,
сумен қамтамасыз ету
нысандары, қосалқы жұмыс пен
әкімшілік үйлері, мәдени-
түрмыстық нысандар т.б. кі-
реді
аралық айдау станциял арының резервуарларына келіп, оларды
толтырып, одан әрі қарай келесі станцияларға
айдалатындығымен сипатталады. Егер станцияда бірнеше
резервуарлар болса, онда өнімді айдау үздіксіз болады: бір
резервуарға өнім келеді, ал басқасынан құбырға
айдалады. Айдаудың транзитті жүйесі резервуар арқылы немесе
сорғыдан сорғыға айдау арқылы жүзеге асады. Резервуар арқылы
айдағанда өнім алғашқы сорғы станциясынан келесі сорғы
станциясына газды немесе суды мұнайдан бөлу үшін арналған
резервуарлар арқылы бағытталады. Сорғыдан сорғыға айдауда
өнім алғашқы сорғы станциясынан магистральдық құбырға
параллель қосылған аралық резервуарға бармай, тікелей келесі
сорғы станциясына бағытталады. Айдаудың бұл сұлбасы ең жетік
және экономикалық тұрғыдан тиімді, өйткені ол кезде жүйенің
максималдың қымталуы қамтамасыз етіледі және аралық
резервуарлардағы буланудан болатын шығындар болмайды. Бұл
жүйеде резервуарлар көлемі кіші етіп жасалынады, онда да қосу
немесе жөндеу кезінде құбырды босату үшін қажет. Мұнай мен
мұнай өнімдерін транзиттік айдаудың барлық түрінде
магистральдық құбыр жергілікті автоматиканың қажетті
құралдарымен жабдықталады; көптеген құбырлар дистанциялық
басқарылады. Магистральдық құбыр теміржол сияқты арнайы
техникалық бақылауды қажет етеді. Барлық магистраль жеке
учаскелерге бөлінеді, олардың әрқайсысы белгілі бір сорғы
станциясына бекітіледі. Мұндай учаске әрі қарай бірқатар ұсақ
Әрбір станцияда, қызмет
көрсететін
эксплуатациялық
қызметкерлерден басқа,
жөндеу бригадалары да
болады. Олардың қол
астында құбырды жөндеу
үшін және туындаған
апаттарды жою үшін
қажетті барлық
механизмдер болады:
құбырсалғыш-тракторлар,
экскаваторлар,
бульдозерлер, пісіру
агрегаттары, т.с.с.
Басты айдау станцияны құбырдың бастапқы
учаскесіне (магистральдың бас бөлігіне), яғни
мұнай кәсіпшілігі немесе мұнай өңдейтін зауыт
ауданында орналастырады, өйткені ол мұнайды
немесе мұнай өнімдерін қабылдау үшін және одан
соң оларды құбырға айдау үшін қызмет етеді.
Сұйықтың қысымын қосымша көтеру үшін қажет
аралық станцияларды, құбырдың ұзындығы
бойымен, мүмкіндігінше бірдей қашықтықта,
қысымның барлық станциялар бойынша
бірқалыпты таралуын еске ала отырып
орналастырады. Экономикалық көзқарас бойынша
аралық станцияларды елді мекендерге, темір
және тас жолдарына, электрмен, сумен
жабдықтайтын көздерге жақын жерлерге, ал
басты станцияларды — мұнай өңдейтін
зауыттардың және мұнайды дайындау
қондырғыларының алаңдарында, сондай-ақ
резервуарлық парктердің жанына олардың
көлемдерін пайдаланатындай етіп орналастыруға
тырысады.
Айдау станцияларының өндірістік-технологиялық құрылысының
құрамына айдау сорғыларынан (негізгі және тіректік) басқа
резервуарлық парк (басты және құйғыш станциялар үшін),
қырғыштар немесе бөлгіштерді қосу құрылғылары, қорғау
жүйесінің сұйықтығын қабылдайтын сыйымдылықтар кіреді. Соңғы
(құйғыш) станцияларда және аралық станцияларда (оларда
өнімдерді теміржол цистернасына құйып алу қарастырылған)
сәйкес темір жолдың құйғыш құрылғылар (эстакадалар)
соғады. Технологиялық құрылыстардан басқа, алаңдарда сумен
жабдықтау, канализация және электрмен жабдықтаудың
өндірістік-қосалқы нысандары, сондай-ақ өкімшілдік-шаруашылық
құрылыстары орналасады. Мұнай айдағыш сорғы станциялары
мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен айдауды
қамтамасыз ететін сорғы аппараттарымен (қозғалтқышпен бірге
жинақталған сорғылар), қызмет ететін қосымша жабдықтармен —
су және отын сорғыларымен, компрессормен және ауамен
қамтамасыз ететін басқа құрылғылармен, майлау жүйесі үшін
маймен жабдықтау қондырғыларымен, желдеткіштермен, қоректік
бөшкелермен, жылу алмастырғыштармен
жабдықталады. Магистральдық құбырлар үшін орталықтан тепкіш
сорғылар номиналдық беру мен қысымда мынадай шектерде
шығарылады: беруі 1250-ден 12000 м3/сағ, сәйкесті қысым 260-тан
210 м-ге дейін, сорғының ПӘК 0,84-тен 0,89-ға дейін.

Ұқсас жұмыстар
ЖЫЛУ ӘСЕРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Түрлі көмірсутектердің қоспасы
Бақылау ұңғымасы
Қабат қысымын ұстау
Магистральдық мұнай құбырларының сорғылары мен сорғы станциялары
Фонтандаушы ұңғыма саны
Қабатты гидравликалық жару жұмыстары
Атырау облысындағы мұнай айдау стансасын қайта жаңғырту
Мұнай және газ өнкәсібі
САҢЫЛАУЛАРЫНАН ӨТЕТІН СҰЙЫҚТЫҢ АҒУЫ
Пәндер