Әлемге әйгілі опера театрларының тарихи шолуы


Slide 1

Әлемге әйгілі театрлар Орындаған: Қыдырбай Э Тексерген: Нурадин Г

Slide 2

Ковент-Гарден - Британия астанасы Лондонның белгілі ауданы. Танымал театрға аудан атауы берілген. 1732 жылы өз шымылдығын ашқан театр бірден танымал болып, Лондонның ең үздік өнер ордасына айналды. Ковент-Гарден 1808 және 1856 жылдары өртке оранды. 1858 жылы қазіргі ғимарат тұрғызылып, 1990 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.

Ковент-Гарден

Slide 3

Ла Скала театры

Италияның Милан қаласында орналасқан Ла Скала театры 1778 жылы 3 тамызда Антонио Сальеридің «Признанная Европа» операсымен ашылды. Театр сахнасында әйгілі өнер майталмандары Пуччини, Беллини, Верди, Росини операларының тұсауы кесілді. 2004 жылы театр үлкен күрделі жөндеуден кейін өз шымылдығын «Признанная Европа» операсымен ашты.

Slide 4

Гранд Опера театры

Париж қаласы Эйфель мұнарасымен ғана танымал емес. Франция елінің астанасында есімі көпшілікке белгілі Гранд Опера театры бой көтерген. 1669 жылы XIV Людовиктің келісімімен сазгер Камбер мен ақын Перрен театр негізін қалады. Ғасырлар бойы театр өз атауы мен мекен-жайын бірнеше мәрте өзгертті. 1875 жылы сәулетші Шарль Гарньенің жобасымен қаланың IX округінде театр ғимараты тұрғызылды. Орыс сазгері И. Стравинскийдің «Мавра» операсының тұсауы осы театрда кесілді. Қазіргі таңда Гранд Опера театрының атауы Гарнье Сарайы болып өзгертілді.

Slide 5

Үлкен театр

Мәскеу қаласында орналасқан Үлкен театр ғимараты 1780 жылы Неглинки жағасында салынған. Театр репертуарында балет пен итальян және орыс тіліндегі сықақ опералар болды. 1825 жылы театр жаңа ғимаратқа көшкен болатын. Үлкен Театрда П. Чайковскийдің «Черевичек», «Мазепа», С. Рахманиннің «Алеко», «Скупой рыцарь» т. с. с танымал опералардың қойылымдары өткен. Театрдың жайлы тарихи деректер әлі күнге дейін ел аузында.

Slide 6

Вена театры

Әлемнің ең үздік театрларының бірі Австрия астанасы Вена қаласында орналасқан өнер ордасы 1869 жылы мамыр айында Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылды. Театр ғимараты ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде біраз қиратылды. 1955 жылы ғимарат қалпына келтіріліп, Бетховиннің «Фиделио» операсымен ашылды. Әр жыл сайын театрда 60-тан астам жаңа операның тұсауы кесіліп, театр жылдың 285 күні жұмыс істейді. Сондай-ақ, театр жыл сайын «Опера балын» ұйымдастырады.

Slide 7

Метрополитен Опера театры

Алып елдің Американың Нью-Йорк қаласында орналасқан Метрополитен Опера театры 1883 жылы Ш. Гуноның «Фауст» операсымен ашылды. Театр өнерінің ең жас корифейі Метрополитен Опера өз қызметін жеке және заңды тұлғалардың демеушілігімен ұйымдастырады. 1966 жылы театр Манхэттендегі Линкольн-центрге көшті. Театр сахнасында жылдың жеті айында күн сайын қойылымдар көрсетіледі.

Slide 8

Астана Опера театры

«Астана Опера» - тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н. Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Дәл осы алып театр сахнасынан 2012 жылы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан - 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан - Сара» спектакліне берілді. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның опера, театр және кино өнерінің қалыптасуы мен тарихи дамуы
Арал өңіріне жүргізілген зерттеулердің тарихи шолуы
Шымкент қаласының тарихи, мәдени және экономикалық шолуы
1930-1960 жылдардағы жастар субмәдениеттерінің тарихи-мәдени шолуы
Қазақ билері, ақындары және жырауларының тарихи-әдеби шолуы
Жетісу қалалары: Талғар, Қарамерген және Ежелгі Алматының тарихи-археологиялық шолуы
Әл-Фарабиден ХХ ғасыр ғалымдарына дейін: Қазақстан ғалымдарының тарихи шолуы
Қазақстан экономикасының тарихи шолуы: кәсіпкерлік, микро- және макроэкономика
Америка халықтарының географиялық және тарихи шолуы: АҚШ, Канада, Куба
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қазақстандағы опера және балет өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz