Тойнбидің мәдениеттану теориялары




Презентация қосу
Тойнбидің мәдениеттану
теориялары
Арнольд Джозеф Тойнби

Арнольд Джозеф Тойнби
(ағылш. Arnold Joseph Toynbee;
14 сәуір 1889 жыл, Лондон —
22 қазан 1975 жыл)
— британдық тарихшы, тарих
философы, культуролог және
социолог. Өркениет теориясын
өндірушілерінің бірі, «Тарих
түсініктемесі» деп аталатын
салыстырмалы өркениет
тарихы туралы он екі томдық
еңбектің авторы. Қадір Иегері
Орденімен марапатталды.
Биографиясы

• Винчестер колледжінде және оксфордтық Бейлиол-колледжінде оқып,
1912 жылы оқытушылық қызметін бастады. Кейін Кингс-колледжінде
Орта ғасырлар және Византия тарихын оқытты. 1913 жылы Гилберт
Мюррейдің қызы Розалинда Мюррейге үйленді. 1919-1924 жж. Лондон
университетінде сабақ берді. 1929-1955 жж. Лондондағы экономика
мектебінде және Чэтэм-Хаус қаласындағы халықаралық
қатынастардың Корольдік институтында оқытты. Кейін сол институтта
1929-1955 жж. директор болды.
• Көптеген қоғамдық және политикалық мәселелер бойынша тарих-
философиялық зерттеулерінің авторы. Оның алғашқы жұмысы (1913)
ежелгі Спарта тарихына арналды. Бірте-бірте "Тарих түсініктемесі"
еңбегін жазып, шығара берді.
• Ұлы, Филипп Тойнби, журналист, жазушы және коммунист болған.
• Тарихшы қадіріне арнап оның атымен астероидты атаған : "7401 Тойнби".
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының
мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

• мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер,
Э.Тайлор);
• Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы,
руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
• Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі,
қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
• Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени
саты (Л.Морган);
• Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау
түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
• Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның
материалдық жағы.
Тойнбидің жергілікті өркениет туралы теориясы

• Тойнби дүниежүзілік
тарихты туылудан өлімге
дейін бірдей фазалардан
өтетін шартты
ерекшеленетін
өркениеттердің жүйесі деп
қарастырды. Оның
айтуынша, өркениет - ол екі
критерий бойынша
қаралатын тұйық қоғам:[1] 1)
дін 2) діннің ұйымдастыру
формалары.
Тойнби 21 өркениетті қарастырды:
• 1. египеттік
2. андтық
3. ежелгі қытайлық
4. минойлық
5. шумерлік
6. майяндық
7. сирийлік
8. индтік
9. хеттік
10. эллиндік
11. батыстық
12. қиыр шығыстық (Корея және Жапония)
13. православтық христиандық (негізгі) (Византияда және Балканда)
14. православтық христиандық Ресейде
15. қиыр шығыстық (негізгі)
16. ирандық
17. арабтық
18. индуисттық
19. мексикандық
20. юкатандық
21. вавилондық
• Осыларға қоса, Тойнби туылмаған өркениеттерді (қиыр батыстық христиандық,
қиыршығыстық христиандық, скандинавтық, туылмаған сирийлік) қарастырады.
Өркениеттің тоқырауын Тойнби өзінің өткен
жетістіктерін көшірумен ғана айналысып
шығармашылық шарасыз күй кешкен
шығармашылық элитаның өз күшін
сарқумен байланыстырацы. Бұл қоғамның
барлық жағцайына зиянцы әсерін тигізеці.
Мұның нәтижесінце өркениет өзінің ішкі бірлігі
мен өзінцік бағыт таңцау қабілетінен айрылцы.
Өркениеттің құлцырау фазасы үш кезеңнен
тұрацы: өркениеттің тоқырауы, бұзылуы,
жойылуы. Тоқырау мен жойылуцың арасы
ғасырларға, тіпті мыңжылцықтарға созылуы
мүмкін. Мысалы, мысырлық өркениетте
тоқырау б.з.ц. XVI ғасырца орын алса, ал оның
жойылуы б.з. V ғасырына сәйкес келеці. Екі
мың жыл бойы ол "өмірцің тас болып қалған
өлімі” формасынца өмір сүрці. Тоқырауцан
кейін це ұзақ өмір сүретін өркениеттерці
белгілеу үшін А.Тойнби осы "тас болып қалған”
өркениет терминін қолцанацы. Мысыр екі мың
жылға қатып қалса, ал Қытай мың жылға тас
болып қалған. Бұл өзге өркениеттерде де
кездеседі.
• А.Тойнби “Өркениеттің бірлігі” деген концепцияны
да теріске шығарады. Әдетте бұл 21 өркениетті
салыстырудан тумаған тұжырым екенін, қазіргі
заманғы батыс өркениетін жеке алып қарастырған
жалған түсінік деп бағалайды. Бұл осы заманғы
батыс тарихшыларының тұжырымы болып
табылады. Өйткені, батыс өркениеті өзінің
экономикалық жүйесін бүкіл әлемге таңды,
таратты, күштеп енгізді. Бұл экономикалық
экспансиямен қатар саяси ыңғайластыруды да
жүзеге асырды. Соның нәтижесінде, өркениет
атаулының бәрі бірдей, бір-біріне ұқсас деген
қағиданы қалыптастырды. А.Тойнбидің айтуынша,
өркениеттің бәрі бірдей емес, әрқайсысының өз
ерекшеліктері, өз деңгейлері бар. Бұл қағиданың
түпкі мәні, А.Тойнбидің айтуынша, әлемді тұтас
бір өркениет деп қабылдау, яғни батыс
өркениетіне жатқызу, біріктіру болып табылады.
Батыс экономикалық жүйесінің негізінде, дейді А.
Тойнби, әлемді унификациялау туралы тезис
адамзат тарихының бірыңғай әрі үздіксіз даму
процесінің занды қорытындысы ретіндегі
фактілерді дөрекі бұрмалауға және тарихи
танымды мейлінше шектеуге әкелетін сөзсіз
(Постижение истины, М. “Прогресс”, 1991).

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет концепциясы
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
Мәдениет локализациясы
МӘДЕНИЕТ - ЖЕКЕ
Мәдениет ұғымы
Семинар жоспары
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Әлеуметтану объектісі мен пәні
Мәдениеттану
Мәдениеттану этимологиясы
Пәндер