Өнер психологиясы
Презентация қосу
Өнер
психологиясы
Адамның көркем имиджін Портрет, әсіресе сыртқы, пішіні,
және психология.
Өнер психологиясы - суреткерлік әрекеттің психологиялық
механизмдерін және адамның өнер туындыларын жасау және
ұғыну кезіңдегі тұлғалық көрінісінің ерекшеліктерін зерттейтін
психологиядағы бағыт.
Қазіргі заманғы өнер психологиясы суреткерлік
шығармашылық үрдісінің психологиялық аспектілерін және
суреткерлік ұғыну үрдісін бірлікте және өзара байланысында
зерттеуге мүмкіндік беретін жүйелі көзқарас тұрғысын
жүзеге асырып келеді. Ө. п-ның өнер тұрлеріндегі (музыка,
бейнелеу өнері, әдебиет, театр және кино өнері, хореография,
архитектура) дәстүрлі проблемалары суреткерлік
шығармашылықтың туындысы туралы ниеттен бастап, оны
ұғыну мен бағамдауға дейінгі барлық кезендердегі
проблемалары болып табылады.
Көркемдік бейненің пайда болуы, тәжірибе әсерлерін
өндеу, шығармашылық елестету мен ойлау, шығармашылық
психикалық күй үрдістері, сондай-ақ тұлғаның белсенділігі
мен бағыттылығы проблемалары, суреткерлік қабілет пен
талант зерттеледі. Отандық Ө. п-нда жасы, білімі, мәдени
деңгейі, әлеуметтік-демографиялық белтілері бойынша әр
алуан топтардың көркемдік ұғыну үрдістері зерделенеді.
Суреткерлік туындының құрылымына деңгейлес ұғынудың
психологиялық механизмдер, сондай-ақ бұл ұғыну үрдісі
бұрмаланатын жағдайлар, көркемдік тәжірибе берудің
психологиялық мәселелері, суреткерлік қабілеттерді,
көркемдік талғамды, өнерге эстетикалық сезімталдықты
қалыптастыру мәселелері, балалар шығармашылығының
ерекшеліқтері зерттеледі. Өнер туындыларын ұғынатын
адамдардың эстетикалық реакциясының психологиялық
механизмдері проблемасын Ө. п-ның негізгі проблемасы деп
есептеген. Қазіргі заманғы Ө. п. суреткерлік шығармашылық
үрдісінің психологиялық аспектілерін және суреткерлік
ұғыну үрдісін бірлікте және өзара байланысында зерттеуге
мүмкіндік беретін жүйелі көзқарас тұрғысын жүзеге асырып
келеді.
Халқымыздың мақал-мәтелдерде көбірек сөз болған
тақырыптың бірі – өнер мәселесі. Қай халықтың даұлттық тілімен
қатар ұлттық өнері болады. Біздің халқымыздың да барша жұрт
сүйіспеншілігіне бөленген, жүректің тереңінен орын тепкен,
ғасырлар бойы біртіндеп дамып қалыптасқан ұлттық өнері бар. Өнер
– шындықты көркем бейнелер арқылы танып, білу. Халқымыз
ертеден-ақ өнерді ерекше қастерлеп, жезтаңдай әншілер мен
күйшілерді, тілге жүйрік шешендерді, бармағы майысқан шеберлерді
құрметтеп, майталман таланттардың алдында бас иіп, олардың
өнерін мақтан еткен, өздері де солардай болуға ұмтылып отырған. Ол
өз ұрпағына өнердің маңызын түсіндіріп қана қоймай, оны жатпай-
тұрмай үйренуге, бойға дарытуды мақсат еткен. Мәселен, «Өнерді
үйрен де жирен», «Өнерліге ер жоқ», «Өнерлінің өрісі кең», «Өнерліге
өлім жоқ», «Өнерлі өрге жүзеді», т.б.
Адамның көпшіл, қоғамшыл болып өсуі үшін де өнерлі болудың
маңызы зор. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік
моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің
тұрақтай түсуіне, алдына қойған мақсатының айқындала беруіне
игілікті әсер етеді. Сондықтан да, халық өз ұрпағынығ өнердің сан
саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұғанқатты көңіл бөлген.
Осыған орай: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық», «Өнерлі өрге
жүзер», «Керек тастың ауырлығы жоқ», «Талаптымен таласпа», «Өнер –
ердің қанаты», «Өнерлінің ырысы – жарқырап жатыр жолында» деп,
өнер – құдіретті күш, ол жарқын болашаққа жол сілтейтін жан серігің,
ертеңгі күнгі жейтін тамағың, ішетін сусының, рухани байлығың деп
тебіренеді.
Л.С.ВЫГОТСКОГО (1896-1934)
ӨНЕР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫНА АТ САЛЫСҚАН ЖАЗУШЫ
Коллектив ГубОНО. Гомель (Чепки), 1922 ж. тамыз
Балғын балалық шақ – өнер үйренуге таптырмайтын кезең.
Балалық кезде қызығу да, құмарлық та күшті болады. Қызығу мен
құмарлық ынтымақты еңбексіз өрге баспайды. Жай әуесқойлық,
көрсеқызарлықпен әр нәрсеге бір ұмтылып, үлкен еңбекті
қаламайтын адамға өнердің қонуы екіталай. Өнерді үйренудің басты
шарты – еңбек. «Домбыра үйренуге де зауық керек». «Өнер ұялайтын
кісісін өзі біледі», «Еңбек үйренемін десең ерінбе, өнерді үйренемін
десең жерінбе», «Ерінбеген емер, қажымаған жеңер», «Ерінбеген
етікші болады», «Жұмыстың көзін тап, қисықтың тезін тап» деген
мақалдарда жоғарыда айтқан пікірлеріміз жақсы қолдау тауып тұр.
Енжар, жалқау адамдар өнермен жолдас бола алмайды. Өмір
ләззатын қызықтай алмайтын, рухани жағы қораш, психикасы нашар
дамығандар да осылар. Халық: «Жалқаулық – жаман ауру», «...Отыра
берсең, жалқаулық басынады», «Жалқаулық аздырады, еңбек
оздырады», «Ерінбей еңбек қыл, жалықпай өнер біл», «Аузыңмен
айтқанды, қолмен істе» деп жастарға енжарлыққа, жалқаулыққа
салынба, жас кезіңде қимылдап қал, өнерді сөзбен емес, істе үйрен, әр
нәрсе өз уақытында, ерінбесең ғана дегеніңе жетесің, деп жөн сілтейді.
Өнерді құлқы сүймейтін немесе өз өнеріне күпінетін мақтаншақ,
даңғой, атаққұмар адамдар да боады.
Әмбебап ғалым өнер психологиясы жайлы ой
түйіндерін ортаға салады.
Ән, өлең, музыка – адамның жан дүниесіне көркемдік
жағынан әсер етуде таптырмайтын өнер;
бұлар жақсы мінез-құлық нормаларын, адамның
қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл
атқарады;
музыка мен ән адамда көркем эстетикалық сезімдерді
туғызу арқылы, кісінің өзін-өзі тәрбиелеуінде, бойдағы
нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді;
музыкалық дарын туғаннан болатын қасиеттермен
қатар өлшеусіз еңбек пен көп дайындықтың жемісі;
өнер түрлерін танып білуде адамның түйсіктері, нақты
тәжірибесі елеулірөл атқарады.
Адам іс-әрекетінің барлық саласында өнер мен ғылым бір-бірін
жоққа шығармай, өзара толықтырып отырады. Топтық іс-
әрекеттің нәтижесінде туындаған кез келген шешім жеке адамдар
ұсынған нұсқалардан ерекшелінетін басқаруда ең аз шығынмен
орынды ымыраға келу іскерлігі басшы өнерінің көрінісі болып
табылады.
Басшы қарым-қатынас өнерін шебер меңгерген, сендіре алатын,
ұшқыр да ерекше ақылға ие, білімнің көптеген аумақтарына
қанық қайталанбас тұлға болуы тиіс. Алайда ол бірінші кезекте
адамдармен жұмыс жасайтындықтан «адам инженериясының»
барлық қырларын білуге әрі ізгілендіруші және психологиялық
білімдерді меңгеруге міндетті.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz