Сфералық айналар


Slide 1

Миға шабуыл

Slide 2

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Геометриялық оптика

11 класс

Физика пәні мұғалімі

Сагынова Камшат Тұрғанбайқызы

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

1. Сфералық айнаның формуласын пайдаланып, есеп шығару және сәулелердің жолын сыза білу

2. Гюйгенс қағидасының көмегімен жарық сәулесінің сынуын түсіндіру

3. Жазық параллель пластина мен үшбұрышты призмадағы

сәулелердің жолын сыза білу;

4. Линзаның фокустық қашықтығынын сфералық беттердің қисықтық радиустарына және линза затының сынудыруының салыстырмалы көрсеткішіне тәуелділігін білу;

5. Линзалар жүйесіне есеп шығару;

6. Линзаның көмегімен алынатын нақты кескін жағдайларын білу

Slide 4

Топқа бөлу

1. Линза дегеніміз не?

2. Призма деп нені айтамыз?

3. Жазық айна дегеніміз не?

4. Линзаның неше түрі бар?

5. Ақ жарықтың жеті түске жіктелетінін

И. Ньютон қандай тәжірибе жасап бақылады?

6. Сфералық айна деп нені айтады?

7. Жинағыш линза қандай кескін береді

8. Сфералық айналар неше түрге бөлінеді?

9. Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Slide 5

Жауаптары:

1. Линза деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазық бетпен шектелген мөлдір шыны денелерді айтады.

2. Призма дегеніміз -қиылысатын жазықтықтармен шектелген мөлдір дене.

3. Жазық айна деп тегіс өңделген және шағылдыратын қабатпен жабылған қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын жазық бетті айтады.

4. Екі түрі бар: Жинағыш және шашыратқыш

5. Үш қырлы призмаға жарық шоғын түсіру арқылы шок призманың табанына қарай ауытқитынын анықтап және ақ жарықтан 7 түрлі жолақ пайда болатынын көрді

6. Шағылдыратын беттері қисық болып келетін айналар.

7. Жинағыш линзалар: 1. Шын, төңкерілген, тең. 2. Шын, төңкерілген кішірейтілген 3. Шын, төңкерілген, үлкейтілген.

8. Сфералық айналар екі түрге бөлінеді. 1. Ойыс айна 2. Дөңес айна

9. Жарықтың жаңбыр тамшыларында призмадағыдай жіктелуі нәтижесінде пайда болған күн жарығының үздіксіз спектрі

Slide 6

Линза

Айна

Призма

Slide 7

Топтарға тапсырма беріледі

*Линза* тобы:

Линзалар жүйесі. Фотоаппарат, микроскоп, телескоп

Физика 11 класс С. Тұяқбаев, Ш. Насохова. Б. Кронгарт §4. 11

*Айна* тобы:

Жазық айналар.

Сфералық айнаның формуласының қорытылуы

Физика 11 класс С. Тұяқбаев, Ш. Насохова. Б. Кронгарт §4. 9

*Призма* тобы:

Гюйгенс принципі

Жазық параллель пластина мен үшбұрышты призма

Физика 11 класс С. Тұяқбаев, Ш. Насохова. Б. Кронгарт §4. 1, §4. 10

Slide 8

Мағынаны тану

1. Дөңес айна

2. Ойыс айна

3. Сфералық айналдан кескін алу

Slide 9 Slide 10

Жазық айна - тегіс өңделген және шағылдыратын қабатпен жабылған, қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын жазық бетті айтады.

Slide 11

Жазық айнаның формуласы

d=-f

Жазық айна заттың жорамал кескінін береді, сондықтан фрмулада айнадан кескінге дейінгі қашықтықтың алдында “-” таңбасы тұрады.

Slide 12

Қызық формула

Екі жазық айнаның көмегімен неше кескін алуға болатынын анықтайтын формула бар:

n- кескіннің саны, α - айналар арасындағы бұрыш.

Осы формуланы пайдаланып :

α =900 болғанда n=3

α =450 болғанда n=7

α =300 болғанда n=11 тең екенін анықтадық.

Енді осы жағдайды тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрелік.

Slide 13 Slide 14

Сфералық айналар

Slide 15

Шағылдыратын беттері қисық болып келетін айналарды -қисық айналар деп атайды. Қисық айналардың бір түрі-сфералық айналар.

Сфералық айна формуласы:

Дөңес айна Ойыс айна

Slide 16

Ойыс айна

Р-сфералық айна төбесі / сфераның орта нүктесі

S-оптикалық осьте жатқан жарық көзі

S`-жарық көзінің кескіні

O-сфералық айнаның центрі

ɑ-тускен сәуле мен сфералық айнаның қисықтық радиусының арасындағы бұрыш

ß-оптикалық осьпен қисықтық радиус арасындағы бұрыш

γ-шағылған сәуле мен оптикалық ось арасындағы бұрыш

ϕ-түскен сәуле мен оптикалық ось арасындағы бұрыш

ME-h

PS`-f

PS-d

PO-r

MO-қисықтық радиус

Slide 17

ΔMSO, β-сыртқы бұрыш

Теорема: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екі ішкі бұрыштың қосындысына тең.

Сонда α+ϕ=β теңдігі орындалады

ΔMSS`, γ- сыртқы бұрыш

2α+ϕ=γ теңдігі орындалады.

Теңдіктің екі жағына ϕ қосқанда,

2α+2ϕ=ϕ+γ

2(α+ϕ) =γ +ϕ

2β=ɸ+γ

ΔMES tgϕ= ɸ=h\d

ΔMEO tgβ=β=h\r

ΔMES` tgγ=γ=h\f

2h\r=h\d+h\f

2\r=1\d+1\f

r\2=F - сфералық айнаның негізгі фокусы

Slide 18 Slide 19

*Линза* тобы:

Линзалар жүйесі. Фотоаппарат,

микроскоп, телескоп

Видео №4

Slide 20

Фотоаппарат

Бұл проекциялық аппарат тәрізді нәрселердің нақты, кішірейтілген кескіндерін экранда (фотопленка) алуға көмектесетін құрылғы.

Линзалар жүйесі (екіден тоғызға дейін) объективтен тұрады.

Негізгі бөлігі - диафрагма. Ол нәрсенің жарықтандырылуы мен айқындығын реттейді.

Slide 21

AB - нәрсе

O - объектив

K - корпус

П - фотоқабық

A1B1 - кескін

Slide 22

Микроскоп

Микроскоп - жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т. б. көруге арналан құрылғы. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерін ашқан (1673 - 77) голланд ғалымы А. Левенгук есімдерімен байланысты.

Slide 23

Г=α/β=Hd/Fh

Бұрыштық ұлғайту формуласы:

h - нәрсенің сызықтық өлшемі

H - объектив беретін кескін

F - окулярдың фокустық арақашықтығы

d - ең жақсы көру қашықтығы

Slide 24

Телескоп

Телескоп туралы, ол сыңар дүрбі - аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді.

Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т. б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т. б. бақылаулар жүргізіледі. Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), т. б. болып бөлінеді. Телескоптың (оптикалық рефрактордың) көмегімен алғашқы астрономиялық бақылауды Г. Галилей жүргізді.

Slide 25

А - объектив

В - окуляр

СD - кескін

Slide 26

*Призма* тобы:

Гюйгенс принципі

Жазық параллель пластина мен үшбұрышты призма

Slide 27

Гюйгенс Христиан (нидер. Christiaan Huygens, 1629 ж. Гааге қаласы - 1695) - голландиялық физик, механик, математик және астроном.

1678 ж. жарықтың толқындық теориясын ашты. Жарықтың таралу механизмiн түсiндiрiп, өзiнiң атымен аталатын әйгiлi принципiн ашты (Гюйгенс принципi) .

Slide 28

Толқындардың жайын сипаттайтын жалпы принципті алғаш Ньютонның замандасы Голландия ғалымы Христиан Гюйгенс ұсынған еді. Гюйгенс принципі бойынша, ортаның ұйтқу барып жеткен әрбір нүктесі екінші реттік толқындардың көзі болып шығады. Толқын бетінің t уақыт мезетіндегі орнын біле тұра, оның келесі t + ∆t уакыт мезетіндегі орнын табу үшін толқын бетінің әрбір нүктесін екінші реттік толқындар көзі деп қарау керек. Екінші реттік толқындардың бәріне жанама бет келесі уақыт мезетіндегі толқын беті болып шығады. Осы принцип дыбыс, жарық толқындары сияқты кез келген толқындардың таралуын сипаттау үшін бірдей жарамды.

Slide 29

Механикалық толқындар жағдайында Гюйгенс принципі көрнекі түрде түсіндіріледі: тербелістер барып жеткен ортаның бөлшектері, өз кезегінде, тербеле отырып, ортаның өзара әсерлесетін көршілес бөлшектерін қозғалысқа келтіреді.

Slide 30

Сыну заңының дәлелденуі

Slide 31

Жазық параллель пластинка

Жазық паралллель пастинкалар - екі жағы параллель беттерімен шектелген мөлдір дене. Мұндай пластинкадан өткен жарық сәулелері түскен сәулеге паралллель болғанымен біраз қашықтыққа ығысады.

X=H*sin(α-β) /cosβ

Slide 32

Призма

Призма дегеніміз - қиылысатын жазықтықтармен шектелген мөлдір дене

Қиылысысатын жазықтықтардан пайда болған бұрышты сындыру бұрышы деп, ал қиылысатын жазықтықтарды сындыратын жазықтықтарды сындыратын жазықтықтар деп атайды.

Slide 33 Slide 34

Эстафеталық салу

Slide 35 Slide 36

1. Топ: Берілген дененің линзадағы кескінін салу

Slide 37 Slide 38

2. Топ: Берілген дененің линзадағы кескінін салу

Slide 39 Slide 40
Ұқсас жұмыстар
Сабақтың Сфералық айналар
Жергілікті жер нүктелерінің бейнесін құру
Жыраулар поэзиясы
Дисперсия құбылысын компьютерде модельдеу
Зат есімнің тәуелденуі
Ферми газ моделі
Антикалық кезеңіндегі картография және географиялық картаның даму ерекшеліктері
Жазық координаталар жүйелері
Геоцентрлік координаталар жүйелері
Кейбір тригонометриялық функциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz