Менеджмент психологиясы
Презентация қосу
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Менеджмент
психологиясы
ХХ ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеудің
дербес саласы болып есептелінбеді. Алғаш рет ол жайында
Ф.У.Тейлордың 1911 жылы «Ғылыми менеджменттің
қағидалары» атты еңбегінің пайда болуымен айта бастады.
Онда басқарушы еңбектің негізгі қағидалары көрсетілген. Сәл
кейінірек ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары кен өндіруші
және металлургиялық компанияның басшысы, танымал
француз инженері А.Файоль менеджмент қағидаларының бір
ізді жүйесін сипаттап өтті. Дәл Файольдың қолдауымен
басқару ерекше іс-әрекет ретінде есептеліне бастады.
Сол уақытқа орай психология теориялық және қолданбалы
бағыттарында ғылым ретінде қалыптасқан болатын. Басқару
мен психологияның қосылуынан, сондай-ақ дамып келе
жатқан өндірістің талаптарына жауап ретінде пән аралық
қолданбалы ғылым «психологиялық менеджмент» пайда
болды.
Психология менеджменті
әкімшілікқызметінің психологиялық
мазмұны мен құрылымы;
жеке менеджер психологиялық
сипаттамалары;
Психологиялық үлгілері
ұйымдастырушылық мақсаттарға жету үшін
бірге жұмыс.
Психологиялық менеджмент практикалық
психологияның ерекше саласы ретінде менеджер
мамандығының және кәсіби басшылардың пайда
болуымен қатар пауда болды. Психологиялық
менеджмент психологияның кез келген қолданбалы
саласы ретінде дамыған қоғамның нақты әлеуметтік
тапсырысына жауап ретінде пайда болды.
Менеджмент бөліміндегі зерттеушілер оны төмендегіше
құрайды:
Басқаруды қалайша тиімді етуге болады?
Өндірісте адам қорын адамдарды күштемей және
оларға қысым көрсетпей максималды дәрежеде қалай
пайдалануға болады?
Ұжымды басқару жүйесін қалайша жақсырақ құрып,
пайдалануға болады?
Психологиялық менеджмент еңбектің максималды
нәтижесінің алынуымен қатар, адамның еңбек үрдісінде өзін-өзі
айқындау, еңбектің нәтижесінде туындайтын қажеттіліктерін
жүзеге асыру ерекшеліктерінің айқындалуы да маңызды қоғам
дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған. Демек, басқару
жағдайының тұрғысында адамдардың өзара қатынастары мен
өзара әрекеттестіктерінің төмендегідей проблемалары
психологиялық менеджменттің пәні болып табылады:
Тұлға, оның Басқару іс-әрекеті Еңбек
еңбек үрдісінде және оның ұжымындағы
психологиялық топтық үрдістер
өзін-өзі тиімділік
жетілдіруі және және олардың
тұрғысында реттелуі.
дамытуы. ұйымдастырылуы.
Психологиялық
менеджменттің негізгі
әдістері
Бақылауда бейнеленуі тиіс маңызды элементтердің
ықтималды тізімі бар:
топ іс- бақылау
әлеуметтік
бақылаушылар жағдай әрекетінің жиілігі мен
мінез-құлық
мақсаты ұзақтығы
жағдайларға
бақыланған
қатысатын жағдайдың бақыланған топ іс-
адамдардың әрекетінің сипаты,
кездесоқтығы іс-әрекет
саны, топтың бақыланған немесе заңдылығы, жағдайды
стимулдары, іс-
әлеуметтік- жағдайдың топтың жиналуына әрекеттің кімге бақылау
демографиялық орналасқан ықпал еткен нақты (неге)
ресми немесе бағытталғандығы, уақыты,
құрылымы, жері және
заттардан биресми топтағы ұзақтығы
ондағы өзара психологиялық
қатынастардың құралған мақсаттардың бар ахуал, сол орынға және
жоқтығы, жағдайға тән әлеуметтік қайталануш
сипаты, ортаның іс- қатысушылардың мінез-құлық,
жағдайға әрекетке әртүрлі бақыланған топ ылығы, оның
қатысушыларды деген мақсаттарының мүшелерінің мінез- бірегейлігі.
құлықтарындағы
ң арасында ықпалы; үйлесімдігі немесе
ықтималды
рөлдердің қарама- ауытқулар;
қайшылығы;
үлестірілуі;
Бақылаушының орнына және бақылаудың
ұйымдастырылуына қарай, сондай-ақ басқа да факторлар
бойынша ол бірнеше түрге бөлінеді:
- Құрылымына қарай құрылымы бар және құрылымы жоқ
бақылау болады.
- Бақылушының зерттелінген жағдайға қатысу дәрежесіне
қарай енген және енбеген бақылауды өз етуге болады.
- Бақылауды жүргізу орнына және ұйымдастыру жағдайларына
байланысты оны далалық және лабораториялық деп екіге
бөледі.
- Бақылауды жүргізу ретіне қарай жүйелі және жүйесі жоқ деп
екіге бөледі.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Американдық және батыс европалық менеджмент психологиясының
дамуы басқаруға деген негізгі тұрғылардың (басқару мектептері)
дамуымен қатар жүзеге асты. Ондай тұрғылардың (бағыттардың,
мектептердің) қатарында төмендегілерді атауға болады:
- Макс Вебердің еңбектерін ұйымдастырудағы «бюрократиялық тұрғы»;
- ең көрнекті өкілдері ретінде Фредерик Тейлорды, Фрэнк және Лилиан
Джилберттерді, Гаингтон Эмерсонды атап кетуге болатын «ғылыми
басқару» мектебі. Басқару дербес мамандықты анықтайтын болса,
қызметтерді жоспарлау және жүргізу барысын өндірісті
орындаушылардың өздері емес, басқару саласындағы мамандар жүзеге
асырса, ұйымның әрқашан басым орында болатындығының тұңғыш рет
дәлеледенуі аталмыш мектептің негізгі үлесі болып табылады.
- ең алдымен, Анри Файольдың атымен байланысты «классикалық»
немесе «әкімшілік» мектеп. Анри Файольдың идеяларын Линдалл Урвик
(Англиядағы басқару мәселелері жөніндегі тенымал маман), Джеймс Муни
(«Дженерал Моторс») және т.б.қолдайды. Осы мектептің жақтаушылары
басқарудың әмбебеп қағидаларын құруға тырысты;
- «адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп». Оның
негізінде адам факторын тиімді ұйымдастырудың негізгі элементі ретінде
сезіну жағдайы жатыр. Оның негізгі көрнекті өкілдері ретінде: Гуго
Мюнстеберг және Элтон Мэйо танылды. Біріншісі менеджменттің
жұмыстың орындалуын басқа адамдардың көмегімен қамтамасыз ету
ретінде анықтайды. Ал екіншісі адамдардың арасындағы өзара
әрекеттестіктің қуаты, сондай-ақ ақшаның көмегімен жанама түрде ғана
қанағаттандырылуы мүмкін қажеттіліктер маңызды фактор болғандықтан,
қатаң құрастырылған қызмет операциялары мен жақсы жалақының әрдайым
еңбек өнімділігін арттыруға әкеле бермейтіндігін дәлелдеген. Адамдардың
қатынастарын басқарудың тиімді тәсілдерін пайдалану мектептің негізгі
ұсыныстарының бірі болды;
- «мінез-құлыққа жайлы – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық
жайындағы ғылымдар мектебі» (1950 жылдан бастап қазіргі күнге дейін).
Бұл мектеп Дуглас Мак Грегермен, Ренсис Лайкертпен және т.б.ұсынылды.
Олардың зерттеулерінде мотивацияның, билік пен бедел сипатының,
қатынасудың, еңбек өмірінің мазмұны мен сапасының әрқилы қырларына
баса назар аударылды. Осы мектептің өкілдері мінез-құлық жайлы
ғылымның дұрыс қолданылуына әрбір қызметкердің әрі тұтастай ұйымның
тиімділігі тәуелді деп есептеген;
- басқару үрдістерін математикалық модельдеу мектебі. Авторлардың ойынша
осы тұрғының үлгісі жағдайдың сөзбен баяндалуын математикалық
фомулалардың көмегімен алматыруға және оның даму үрдісін үлкен
ықтималдықпен болжауға мүмкіндік береді;
- басқаруға деген процесті тұрғыны пайдаланатын мектеп. Осындай тұрғыда
басқару көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған үздіксіз, өзара байланысқан
әрекеттердің (кезеңдердің) сериясы ретінде қарастырылады. Басқару үрдісін
құрайтын әрекеттер басқару қызметтері деп аталады;
- «жүйелі тұрғы» мектебі. Егер басқарудың алдыңғы мектептері ұйым
жүйешелерінің біріне ғана баса назар аударса (мәселен, бихевиористік мектеп
әлеуметтік жүйешені, ал ғылыми басқару мектебі техникалық жүйешені
қарастырған), аталмыш тұрғының авторлары жеке жүйе – жүйешелерді біртұтас
көлемге біріктіреді. Жүйенің ішіндегі күрделі өзара байланыстарды және де
жүйенің қоршаған ортамен жан-жақты өзара әрекеттестігін назарға ала отырып,
жалпы конструцияның дәл осы тұтастылығы жеке жүешелі үзбелілерді емес,
тұтастай ұйымды басқару қажет екендігін сезінуге мүмкіндік береді.
- «жағдайға байланысты қалыптасқан тұрғы» мектебі. Жүйелі тұрғының
дамуынан туған бұл тұрғы ұйым түскен нақты жағдайды басқаруда жоғары
шеберлікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Әрбір аталған мектептің (бағыттардың, мектептердің) мазмұны төмендегідей
сипатталады.
Психология менеджменті
– ол 20-шы ғасырдың 2-ші
жартысында психология және
басқару қиылысында туындаған
ғылым болып табылады.
Ғылыми басқару (1900) негізін
қалаушы Фредерик Уинслоу Тейлор
(FW Taylor, 1856-1915) болып
табылады.
Элтон Мейо (1880-1949).
Өткізілген
эксперименттер
«Вестерн Электрик
Компани»
1927 жылдан бастап
1939 жылдар
аралығында
Ғылыми басқаруды дамыту тығыз атымен байланысты
Анри Файоль (1841—1925)
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ
Қазіргі заманғы менеджменттің кез келген мектебі адамдарға аса
назар аударады. Адам қабілеттерінің қоры, оның интеллектісі, психикасы
кез келген компьютерден ғарыш ракетасынан күрделірек. Сол себептен
көне заманғы ойшылдар: «Өзіңді өзің таны!» деген қағиданы ұстанған.
Басшы үнемі дәл адамдармен жұмыс істеуге мәжбүр. Қазіргі кездегі
психологияда тұлағаны зерттеуге арналған көптеген ықпалдар, теориялар
бар. Әр ықпалдың өз теориясы, өз пікірі бар. Ондай теориялардың бірі –
психоанализ. Оның негізін Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалаған.
Фрейдтің пікірі бойынша тұлға дамуының қайнар көздері - туа бітен
биологиялық факторлар (инстинктер), нақтырақ айтқанда жалпы
биологиялық энергия – либидо (латынша либидо - құштарлық) болып
табылады. Бұл энергия бірінгіден, текті жалғастыруға, жыныстық
құштарлыққа және екіншіден, агрессивті құштрлыққа бағытталған.
Тұлғаның құрылымында бейсаналылық басымдылық танытады. Фрейд
тұлғаның ерік бостандығын меңгермейтінін айтқан болатын, адамның
мінез-құлқы жыныстық және агрессивт түрткілер арқылы анықталады.
Оларды Фрейд Ол (Оно) деп атады. Тұлғаның ішкі әлемін осы ықпал
субьективті түрде қарастырған. Адам өзінің ішкі әлемінің тұтқыны.
Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің
ерекшеліктері
Жаподық менеджменттің жүйесі американдық менеджменттен
мүлдем ерекшелінеді әрі адам факторына деген басым бағдапрмен
сипатталады. Онда мүлтіксіз еңбекқорлық, жоғарғы тәртіптілік, өзара
көмектесу, ұқыптылық, құнттылық, сыпайлылық, дәстүрлерді
ұстанушылық, беделге деген адалдық, тәжірибені пайдалануға деген
бейімділік, өзіндік билік, топтағы үйлесімді әрекеттерге деген
ұмтылыс, қызыққұмарлық, қуатты дамыған эстетикалық сезім, борыш
сезімі, ұжымшылдық сияқты ұлттық бітістер скеріліп, белсенді түрде
пайдалынады.
Жапондық менеджменттің негізгі бес қағидасы бар.
Бірінші қағида: жұмысшының өнімділікті және еңбегінің сапасын өз
бетінше арттыру үшін жеткілікті дәрежеде ақылы жетерлік.
Аталмыш қағиданы жүзеге асыру әдістері.
Сапа үйірмелері. Оған қатыса отырып жұмысшылар жаңашыл
ұсыныстарын енгізу мүмкіндігіне ие болады, еңбектің өнімділігін
арттырудың бағдарламаларын құрастырады.
Тәжірибелі жұмысшыға оқу мен көмек үшін жас маманды тіркейтін
«минарай» дәстүрін ұстану.
1) Ид (Ол) – тұлғаның бейсаналы талаптардың жиынтығынан
тұратын басты құрылымы. Ид қанағаттану ұстанымына сәйкес
қызмет етеді.
2) Эго (Мен) – ақиқат дүние туралы білімімізді білдіретін
психикалық танымның және орындаушы қызметтердің
жиынтығы. Эго Идке қызмет ету үшін арналған. Ол ақиқаттылық
қағидасына сәйкес қызмет етіп, Ид-пен Супер
3) Эго-ның арасындағы өзара әрекеттестікті реттей отырып,
олардың арасындағы үздіксіз күрестің алаңы ретінде жүреді.
4) Супер Эго (Жоғарғы Мен) – адам өмір сүретін ортадағы
әлеуметтік нормалар, құндылықтар және адамгершіліктен
тұратын құрылым.
5) Ид, Эго және Супер Эго либидо көлемінің шектеулі болуына
байланысты психикалық энергия үшін үнемі күресте болады.
Күрделенген шиеленістер басшының әрі бағынышты адамның да
іс-әрекеттерін бұрмалауы мүмкін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz